G04CA52 Тамсулозин және Дутастерид (Tamsulosin and Dutasteride)
Қолдану көрсеткіштері
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) өршуін емдеуге және алдын алуға.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнезінде ортостаздық гипотензия ұстамалары; катарактаға байланысты жоспарланған операция.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат тері арқылы сіңеді, сондықтан әйелдер мен балалар бүлінген капсулаларды терісіне тигізіп алмауы керек. Бүлінген капсулаларға тигізіп алған жағдайда терінің сол жерін дереу сабынды сумен жуып, шаю қажет.Біріктірілген ем жағымсыз әсерлерінің (жүрек жеткіліксіздігін қоса) потенциалды жоғары қаупіне байланысты қауіп/пайдасын мұқият бағалаудан кейін және монотерапияны қоса, емнің баламалы нұсқаларын қарастырудан кейін тағайындалуы тиіс.ҚБҚГ бар пациенттерде емдеуді бастағанға дейін саусақпен ректальді түрде тексеру және қуықасты безін зерттеудің басқа да әдістерін қолдану және қуық асты безі обырының бар-жоқтығын анықтау үшін ем жүргізу барысында осы зерттеулерді мезгіл-мезгіл қайталау қажет. Препаратпен емдеу кезінде ПСА деңгейінің біршама төмен мәнде кез келген тұрақты жоғарылауы қуық асты безі обырының (атап айтқанда Глисон шкаласы бойынша жіктелу дәрежесі жоғары болатын қуықасты безінің обыры) пайда болғанын немесе Дуодарт препаратымен емдеу режимінің сақталмағанын, тіпті ПСА-ның бұл деңгейлері 5α-редуктаза тежегіштерін қабылдамаған пациенттердің өзінде қалыпты мәнде қалса да, мұқият баға берілуі тиіс екендігін айғақтауы мүмкін. Препаратты қабылдайтын пациенттің кеуде безінде аз ғана өзгерістер болса да хабарлау керек (кеуде бездері обырының даму қаупі).Препаратты қабылдаған еркектер ПСА тестін жүргізуді қоса, простата обырының туындау қаупіне тұрақты тексеріліп тұрулары тиіс. Ем кезінде сирек жағдайларда есінен тануға әкеп соғатын ортостаздық гипотония пайда болуы мүмкін. Симптоматикалық гипотонияның пайда болуына жол бермеу үшін PDE5 тежегіштеріен бірге қолданған кезде сақ болған жөн.Препаратты қабылдағанда кейбір пациенттерде катарактаға байланысты жасалған операцияларда атониялы нұрлы қабықтың интраоперациялық синдромы байқалды. Ем кезінде көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циметидин - бір мезгілде қолданғанда препараттың клиренсін төмендетеді, бірге қолданған кезде сақтық қажет. Варфарин - бір мезгілде сақтықпен қолдану қажет.Фуросемид - бір мезгілде қолданғанда препараттың концентрациясын жоғарлатады, дозаны түзету қажет етілмейді.Кетоконазол, пароксетин - бір мезгілде қолданғанда препараттың концентрациясын жоғарлатады.Артериялық қысымды төмендететін препараттар, анестетиктер, α1-блокаторлар және PDE5 тежегіштер - бірге қолданған кезде гипотензиялық әсердің күшеюінің теориялық қаупі бар, басқа α1-блокаторлармен біріктіріп қолданбаған жөн.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданған жөн. Ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсеетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас айналуы ; импотенция; либидо өзгерістері (төмендеуі); эякуляция бұзылыстары.Жиі емес: бас ауыруы; жүрек жеткіліксіздігі (кешенді термин); жүрек қағуын сезіну; ортостаздық гипотензия; ринит; іш қатуы; диарея; жүрек айнуы; құсу; есекжем; бөртпе; қышыну; алопеция (көбіне денедегі түктің түсуі түрінде); гипертрихоз; астения.Сирек: естен тану; ангионевроздық ісіну. Өте сирек: Стивенс-Джонсон синдромы; приапизм.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.