G04B14 Дапоксетин (Dapoxetine)
Қолдану көрсеткіштері
18-ден 64 жасқа дейінгі ересек еркектерде мезгілінен ерте болатын эякуляцияны емдеу үшін қолданылады.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; жүрек тарапынан айқын патология: жүрек функциясының жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II-IV класс), АВ-блокада немесе синустық түйін әлсіздігі синдромы сияқты өткізгіштіктің бұзылулары, жүректің айқын ишемиялық ауруы, айқын қақпақшалық кемістік, анамнезде естен танудың болуы; анамнезде манияның немесе ауыр депрессияның болуы; анамнезде мания немесе ауыр депрессияның болуы; 65 жас және одан да жоғары жастағы еркектер; Дәріге тұрақты эпилепсия.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Препарат мезгілінен ерте эякуляциясы диагностикаланған еркектерге ғана арналған; Емдеуді бастар алдында ортостаздық тест (түрегеліп тұрған кезде және жатқан кезде артериялық қысымды және тамырдың соғу жиілігін өлшеу) жүргізу қажет. . Анамнезінде құжатталған ортостаздық реакция бар болғанда немесе оған күдіктенгенде Дапоксетин препаратымен емдеуді жүргізбеген жөн. Автомобильді жүргізгенде және қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
МАО тежегіштері - бір уақытта қолданған кезде күрделі, кейде өлімге әкеп соғатын реакциялар, соның ішінде гипертермия, сіреспе, миоклонус, өмірлік функция көрсеткіштерінің ықтимал тез ауытқуымен вегетативтік жүйенің тұрақсыздығы, сондай-ақ психикалық жағдайдың өзгеруі, соның ішінде делирийге және комаға дейін өршитін күшті қозу болуы мүмкін.Тиоридазин- QTc аралығын ұзартады, бұл қарыншалық аритмиямен қатар жүреді;Серотонинергиялық әсері бар препараттар- серотонинергиялық жағымсыз әсерлердің жиілігін арттыруы мүмкін.Серотонинергиялық әсері бар рекреациялық есірткілер (кетамин, метилендиоксиметамфетамин (МДМА) және лизергин қышқылының диэтиламиді (ЛҚД) - аритмияны, гипертермияны, серотониндік синдромды шақырады, бірақ олармен шектелмейді.Тыныштандыратын әсері бар рекреациялық есірткілер (бензодиазепиндер және т.б.)- ұйқышылдықты және бас айналуды күшейтуі мүмкін. Альфа-адренорецепторлардың антагонистері және нитраттар- ортостаздық толеранттылықтың ықтималдылығын төмендетеді.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Клиренс креатині 30-80 мл/ мин болса сақтықпен қолдану керек. Егер клиренс креатині 30 мл/ мин кем болса қабылдауға болмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының әлсіз бұзылуы бар науқастар үшін дозаны түзету қажет емес. Препаратты бауыр функциясының орташа айқын және ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және С класы) бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Психикалық бұзылулар:жиі – үрейлену, ажитация, мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттен тыс түс көрулер, либидоның төмендеуі; жиі емес - депрессия, депрессиялық көңіл-күй, эйфория жағдайы, көңіл-күйдің құбылуы, күйгелектік, немқұрайлылық, апатия, сананың шатасуы, бағдардан адасу, патологиялық ойлар, соматосенсорлы амплификация, ұйқының бұзылуы, бастапқы ұйқысыздық, аралық ұйқысыздық, түнгі ққрқыныштар, бруксизм, либидоның жоғалуы, аногразмия;Орталық жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі – бас айналуы, бас ауыру; жиі – ұйқысыздық, зейінді қоюдың бұзылуы, тремор, парестезия; жиі емес – естен тану, соның ішінде вазовагальді естен тану, постуральді бас айналу, акатизия, дәмнің бұзылуы, шамадан тыс ұйқышылдық, летаргия, седативтік күй, сананың бәсеңдеуі; сирек – дене жүктемесі кезінде бас айналу, кенеттен ұйықтап кету. Көру мүшелері тарапынан: жиі – көрудің жіті болмауы; жиі емес – мидриаз, көз аймағының ауыруы, көрудің бұзылуы. Есту мүшелері тарапынан:жиі – құлақтың шуылдауы; жиі емес – вертиго. Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі – қан «кернеулері»; жиі емес – синустық түйін белсенділігінің тоқтауы, синустық брадикардия, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі, систолалық гипертензия, ыстық «кернеулер».Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі – мұрынның бітелуі, есінеу.Асқазан-ішек жолы тарапынан: өте жиі – жүректің айнуы; жиі – диарея, құсу, іш тұсының ауыруы, іштің жоғарғы жақ бөлігінің ауыруы, диспепсия, метеоризм, асқазан тұсында жайсыздық, іштің кебуі, ауыздың кеберсуі; жиі емес – іш тұсында жайсыздық, эпигастрияда жайсыздық; сирек – дефекацияға императивті күшену.Тері және теріасты тіндері тарапынан: жиі – гипергидроз; жиі емес – қышыну, суық тер.Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан: жиі – эректильді дисфункция; жиі емес – эякуляцияның болмауы, еркектерде оргазм бұзылысы, еркектердің жыныс мүшелерінің парестезиясы. Жалпы:жиі – әлсіздік, ашушаңдық; жиі емес – астения, қызу сезімі, үрейлену сезімі, дімкәстік сезімі, мас болу сезімі. Зертханалық көрсеткіштердің өзгерулері: жиі – артериялық қысымның жоғарылауы; жиі емес – жүректің жиырылу жиілігінің артуы, диастолалық артериялық қысымның артуы, ортостаздық артериялық қысымның артуы.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді