G04BE08 Тадалафил (Tadalafil)

Қолдану көрсеткіштері

Эректильді дисфункция, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдары, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттердегі эректильді дисфункция.Клиникалық хаттама:   1. Созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; кез келген органикалық нитраттардан тұратын препараттарды қабылдау;  жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерге  сексуалдық белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы; артериалдық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия салдарынан бір көздің көру қабілетінің жоғалуы;  туа біткен галактозаны көтереалмаушылық, Lapp-лактаза жетіспеушілігі және глюкозо-галактозалық мальабсорбция.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған! Сексуалды белсенділік ұсынылмаған ерлердегі жүрек аурулары кезінде қолдануға болмайды. Мысалы: соңғы 90 күн ішіндегі миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нитраттар – гипотензивті әсерінің күшеюі. Антигипертензивті препараттар – гипотензивті әсерінің күшеюі. Цитохром Р450 тежегіштері, АИТВ- протеаза тежегіштері және кетоканазол – тадалафил әсерінің жоғарылауы.  Цитохром P450 индукторлары – тадалафил әсерінің төмендеуі. Доксазозин,  гуанилатциклаза (риоцигуат) стимуляторлары, эректильді дисфункция еміне арналған заттар- бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулер туралы қысқаша сипаттама берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Салыстырмалы бүйрек жеткіліксіздігінде— бастапқы доза тәулігіне 5 мг. Бүйректің ауыр ауруларында ұсынылмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауруы, мұрынның бітелуі, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, талмалар/тырысулар, транзиторлы амнезия;Жиі емес: жоғары сезімталдық реакциялары, бас айналуы, анық көрмеу,  көз алмасындағы ауыру сезімі, құлақтағы шуыл, тахикардия,  жүрек қағуының жиілеуі, гипотензия, гипертензия, демікпе, мұрыннан қан кету, іштің ауыруы, бөртпе, гипергидроз (жоғары тершеңдік), гематурия, жыныс мүшесінен қан кету, гемоспермия, кеуденің ауыруы.Сирек: ангионевротикалық ісіну, инсульт, талу, транзиторлы ишемиялық шабуылдар (ТИШ), талмалар/тырысулар, көру ауқымының нашарлауы, қабақтың ісінуі, конъюнктива гиперемиясы, кенеттен есту қабілетін жоғалту,  миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, қарыншалық аритмия, есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, ұзаққа созылған эрекция, приапизм.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді