G04BE03 Силденафил (Sildenafil)
Қолдану көрсеткіштері
Эректильді дисфункция.
-
Клинические протоколы:
- Трансплантация печени
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Легочная гипертензия
- Синдром Рейно
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Системная склеродермия
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Атрезия легочной артерии
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Тотальный аномальный дренаж у детей
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Легочная гипертензия у детей и подростков
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық, көз торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары, лактаза тапшылығы, лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальбсорбциясы. Бұл көрсетілім бойынша әйелдерге қолдануға арналмаған.
Қауіпсіздік шаралары
Жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы кезінде (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы); приапизм дамуына бейімдейтін аурулары (орақ жасушалы анемия, көптүрлі миелома, лейкоз, тромбоцитопения); қан кетумен жүретін ауруларда; асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларының асқынуында; жүрек жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда өткерген миокард инфарктісі, инсультте немесе өмірге қауіпті аритмияларда, артериялық гипертензияда (АҚ > 170/100 мм с.б.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм с.б.) сақтық таныту. Жүрек ауруларының болуы белгілі бір қауіп төндіреді, сондықтан кез келген емді бастамас бұрын жүрек-қантамыр жүйесіне тексеру жүргізу. Альфа-адреноблокаторлар, нитраттар немесе нитриттер тобының препараттарын қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруда сақ болу керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 тежегіштері (кетоконазол, эритромицин және циметидин) - силденафил клиренсінің төмендеуі.Ритонавир - силденафилдің жоғары концентрациясының артуы, сонымен қатар қан плазмасындағы силденафил AUC ұлғаюы. Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.Циметидин - қан плазмасында силденафил концентрациясының жоғарылауы.ФДЭ-5 басқа тежегіштері немесе құрамында силденафил бар басқа дәрілік препараттар - ұсынылмайды.Азот оксидінің донаторлары (амилнитрит) немесе кез-келген түрдегі нитраттар - силденафил нитраттардың гипотензивтік әсерін күшейтеді, артериялық қысымды төмендетеді; бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілген.Риоцигуат - ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензивті әсерінің күшеюі; бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілген.Альфа-адреноблокаторлар - кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензия; сақтықпен қолдану.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ШСЖ минутына 30 мл төмен болғанда дозасын 25 мг дейін төмендету.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің бұзылысы кезінде 25 мг дейін төмендету, ауыр бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, вазодилатация, бас айналуы, көрудің өзгеруі, құрысулар, гипостезия.ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек соғысының жиілеуі, миокард инфарктісі, жүрекше фибрилляциясы, гипертензия, гипотензия.Басқа: ринит, диспепсия, тері бөртпесі, кеуденің ауыруы, миалгия, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық. Силденафилді қоса, осы топтың қосылыстарын пайдаланған кезде 4 сағаттан аса жалғасатын эрекцияның, және приапизм (6 сағаттан аса, ауырсынумен болатын эрекция) туындауы туралы сирек хабарлар бар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.