G04BD12 Мирабегрон (Mirabegron)

Қолдану көрсеткіштері

Қуықтың аса жоғары белсенділігі (ҚАБ) синдромы бар пациенттерде ургентті несеп шығаруды,  несеп шығарудың жиілеуін және/немесе несепті ургентті ұстай алмаушылықты емдеуде

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді компонентіне немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; бақыланбайтын ауыр гипертензия: систолалық қысым ≥ 180 мм сын. бағ. және/немесе диастолалық қысым ≥ 110 мм сын. бағ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

 • Препарат артериялық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Тағайындар алдында немесе препаратпен емдеу кезінде, әсіресе артериялық гипертензиясы бар пациенттерде мезгіл-мезгіл артериялық қысымды өлшеп отыру қажет. • QT аралығы іштен туа немесе жүре келе ұзарған пациенттерге, инфравезикальді обструкцияның клиникалық айқын синдромы бар пациенттерге және антимускариндік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге препаратты  абайлап қабылдау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • CYP3A/P-gp изоферменттерінің күшті тежегіші - препараттың концентрациясының жоғарлауы. • CYP3A немесе P-gp изоферменттерін индукциялайтын заттар - препараттың концентрациясын төмендетеді. • Емдік индексі тар болатын препараттармен және CYP2D6 изоферментімен елеулі дәрежеде метаболизденетін препараттар, 1C типті аритмияны емдеуге арналған препараттар және трициклді антидепрессанттармен - бірге қабылдағанда сақ болған жөн.   • Дигоксин - бірге қабылдағанда препараттың концентрациясын жоғарлатады. • Басқа препараттар -  бірге қабылдағанда  қантамырдың соғу жиілігі артады

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігімен (рШСЖ 15 – 29 мл/мин/1,73 м2) бар пациенттерге қолдануға кеңес берілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және СҮР3А күшті тежегіштерін қолданып жүрген орташа сатыдағы бауыр жеткіліксіздігімен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) зардап шегіп жүрген пациенттерде қабылдауға ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: Несеп жолдарының инфекциялары;  тахикардия; жүрек айнуы; бас ауыру;бас айналуы.Жиі емес: вагинальді  инфекциялар; цистит; жүрек қағуының жиілеуі, жүрекшелер фибрилляциясы; ас қорыту бұзылыстары, гастрит; есекжем, бөртпе, макулезді бөртпе,  папулезді бөртпе, қышыну; тамырлар ісінуі; вульвовагинальді қышыну; қан қысымы жоғарылауы, ГГТ деңгейі жоғарылауы, АСТ деңгейі жоғарылауы, АЛТ деңгейі жоғарылауы.Сирек: қабақ ісінуі; ерін ісінуі; лейкоцитокластикалы ангиит, пурпура, ангионевроздық ісіну; несеп шығару іркілісі.Өте сирек: гипертониялық криз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Деректер болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді