G04BD07 Толтеродин (Tolterodine)

Қолдану көрсеткіштері

Несеп шығаруға жиі, императивті қысылулармен, несеп шығарудың жиілеуімен және/немесе несепті ұстай алмаумен білінетін қуықтың жоғары белсенділігін симптоматикалық емдеуде.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа  жоғарғы сезімталдық; несеп шығарудың іркілуі; емге көнбейтін жабық бұрышты глаукома; gravis миастениясы; ауыр ойық жаралы колит; уытты мегаколон

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

• Емдеудің алдында несеп шығаруға жиі және императивті қысылуларға органикалық себептерінің бар-жоқтығын анықтаған жөн.  • Несептің іркілу қаупіне байланысты несеп жолының айқын обструкциясы, асқазан-ішек жолының обструкциялық бұзылулары, мысалы, пилорус стенозы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың бұзылуы, автономды невропатия,  бауыршеттің өңештік тесігінің жарығы, асқазан-ішек жолының жиырылу қабілетінің төмендеу қаупі бар емделушілерге  сақтықпен қолдану керек.•  QT аралығы  ұзаруының белгілі қауіпті факторлары (мысалы, туа біткен немесе құжатты түрде тіркелген жүре пайда болған QT ұзаруы, QT-аралығын ұзартатын дәрілік затты қабылдаумен қатар жүрген гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия, брадикардия) бар емделушілерді емдегенде және жүректің бұрыннан елеулі ауруы (кардиомиопатия, миокард ишемиясы, аритмия, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі) бар емделушілерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет. • Преппарат аккомодацияның бұзылуын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын төмендетуі мүмкін, сондықтан бұл препаратты емделушінің препаратқа деген жеке реакциясына баға берілгеннен кейін ғана тағайындаған жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин және кларитромицин), зеңге қарсы дәрілер (мысалы, кетоконазол және итраконазол), сондай-ақ протеаза тежегіштері сияқты CYP3A4 күшті тежегіштері - препарттың концентрациясын жоғарлатады, бір мезгілде қолдануға болмайды.  • Антихолинергиялық қасиеттері бар препараттар - біріктіріп қолданғанда емдік әсер және жағымсыз әсерлердің күшеюіне әкелуі мүмкін.  • Метоклопрамид, цизаприд - бір мезгілде қолданғанда  әсерлері төмендейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жетіспеушілігінде сақтықпен қолдану қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жетіспеушілігінде сақтықпен қолдану қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру; ауыз ішінің құрғауыЖиі: ұйқышылдық, парестезия, бас айналу; көз құрғақтығы, көру аномалиясы, аккомодация аномалиясы; жүрек қағуының жиілеуі; бронхиттер; іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу, іш қатулар, диспепсия; терінің құрғауы; дизурия, несептің бөлініп шығуының іркілуі; шаршағыштық, кеуденің ауыруы, шеткергі ісінулер; дене салмағының жоғарылауы.Жиі емес: асқын сезімталдық; ашушаңдық; жадының нашарлауы; тахикардия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, аритмия; гастроэзофагеальді рефлюкс.Жиілігі белгісіз: анафилактикалық реакциялар; жүйке жүйесінің бұзылысы; қан кернеулер; ангионевротикалық ісіну.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді