G03XB01 Мифепристон¹ (Mifepristone)

Қолдану көрсеткіштері

Мизопростолмен біріктірілімде жатырлық жүктілікті ерте кезеңінде (аменореяның 42 күніне дейін) тоқтату, босануға дайындау және индукциялау.
    Клинические протоколы:
  1. Невынашивание беременности
  2. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  3. Индукция родов
  4. Медицинский аборт
  5. Преждевременный разрыв плодных оболочек

Қарсы көрсеткіштері

Мифепристонға және препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдық, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, ұзақ уақыт глюкокортикостероидты (ГКС) ем, бронх демікпесінің ауыр түрі, тұқым қуалайтын порфирия, анемия (гемоглобин құрамы 100 г/л төмен), гемостаз бұзылуы (соның ішінде алдыңғы антикоагулянттармен жүргізілген ем), үлкен өлшемдегі жатыр миомасы (осы дәрілік түр үшін), әйелдер жыныс ағзаларының жедел қабыну аурулары, ауыр экстрагенитальді патология болуы, алдын ала терапевттің кеңесінсіз 35 жастан асқан әйелдердің шылым шегуі, кахексия.

Қауіпсіздік шаралары

Жүктілікті ерте кезеңінде тоқтату үшін мифепристон пайдаланатын пациенттер, препаратты қолданудан 10-14 күндері арасында әсер болмаған жағдайда (толық емес түсік немесе жүктілік жалғасуында) ұрық дамуында туа біткен ақау қалыптасу мүмкіндігіне байланысты, жүктілікті басқа тәсілмен тоқтату керек екендігі туралы хабардар болуы керек. Препаратты қолдану резус-аллоиммунизациясы мен түсік жасатумен қоса жүретін басқа да жалпы іс-шараларды алдын ала ескертуді талап етеді. Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, бронх демікпесі, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану. Препараттың мүмкін болатын жағымсыз әсерлерін ескере отырып (бас айналуы), оны қолдану кезеңінде психомоторлық реакциялардың жылдамдығын және жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралдарын басқаруда және басқа да қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналасуда сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кетоконазол, итраконазол, эритромицин, грейпфрут шырыны - қан плазмасында мифепристон концентрациясының жоғарылауы.Рифампицин, дексаметазон, шілтерлі шәйқурай препараттары, және кейбір құрысуға қарсы препараттар (фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин) - қан плазмасында мифепристон концентрациясының төмендеуі.CYP3A4 субстраттары және терапевтикалық диапазоны тар препараттар (сонымен қатар жалпы анестезияға арналған дәрілік заттар) - қан плазмасында олардың концентрацияларының жоғарылауы.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) - ұсынылмайды.Глюкокортикостероидтар (ГКС) - ГКС дозасын арттыру керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жедел және созылмалы бауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктілікті медикаментозды тоқтату мақсатында:- клиникалық зерттеулермен расталмаған жүктілік;- аменореяның 42 күнінен асатын жүктілік;- жатырдан тыс жүктілікке күдіктену;- жатыр ішілік контрацепция аясында немесе гормондық контрацепцияны тоқтатқаннан кейін пайда болған жүктілік;- мизопростолды қабылдауға қарсы көрсетілім.Мерзімінен асқан жүктілік кезіндегі босануды индукциялау және дайындау үшін:- ауыр дәрежедегі гестоз;- преэклампсия, эклампсия;- мерзімі жетпеген немесе мерзімі асқан жүктілік;- ана жамбасы өлшемі мен ұрық басының сәйкессіздігі;- ұрықтың әдеттен тыс орналасуы;- жүктілік кезінде жыныс жолдарынан этиологиясы анықталмаған қанды бөліністер;- ұрықтың гемолитикалық ауруының ауыр түрлері;- плацентаның алдында болуы немесе ажырауы.

Емізу

Мифепристонды жүктілікті тоқтату үшін пайдаланғанда бала емізуді препарат қабылдағаннан кейін 3 күнге тоқтату керек. 

Жағымсыз әсерлері

Іштің төменгі бөлігінің ауыруы және жайсыздықты сезіну, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, жатыр мен қосалқыларының қабыну процестерінің асқынуы, бас айналуы, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, метеоризм, диарея, жалпы әлсіздік, есекжем, гипертермия. Мизопростолмен біріктірілген емдеу аясында (қосымша): вагинит, диспепсия, ұйқысыздық, астения, мазасыздық, естен тану жағдайы, ақ етеккір.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.