G03GA02 Менопаузалық гонадотропин (Human menopausal gonadotrophin)
Қолдану көрсеткіштері
Кломифен цитратымен емдеуге жауап болмаған әйелдердегі ановуляциямен (аналық бездердің поликистозы синдромын қоса) негізделген бедеулік. Қосымша репродукциялық технологиялар жүргізген кезде фолликулдардың көптеп өсуін индукциялау мақсатында аналық бездің бақыланатын гиперстимуляциясында.
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген қосылысына жоғары сезімталдық; гипофиз немесе гипоталамус ісігі; аналық без, жатыр немесе сүт бездерінің карциномасы; шығу тегі анықталмаған гинекологиялық қан кетулер; аналық безінің поликистозымен байланысты емес, аналық безінің кистасы немесе өлшемінің үлкеюі.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат ауырлық дәрежесі әр түрлі жағымсыз әсерлерді туғызуға қабілетті, сондықтан оны тек бедеулікті емдеу әдістерін жақсы меңгерген дәрігердің қадағалауымен ғана қолдану керек. Галактозаны көтереалмаушылық, лактаза жеткіліксіздігінің сирек тұқым қуалайтын түрлері бар пациенттерге немесе глюкоза- галактазалық мальабсорбция синдромы бар пациенттерге қолданбаған жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.Демікпе; жүрек жеткіліксіздгі; эпилепсия; бас сақинасы; препубертатты кезең (ерте эпифизарлы жабылу немесе ерте жыныстық жетілу қаупі).
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кломифен - фолликулалардың пісіп-жетілу реакциясын күшейтеді. Гонадотропин- рилизинг факторының агонистері - аналық безі тарапынан жағымды реакцияға қол жеткізу үшін менопаузалық гонадотропиннің өте жоғары дозалар керек болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану!
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: іштің ауыруы, жүрек айнуы, іштің кебуі, бас ауыруы, аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы, жамбас аймағының ауыруы, инъекция орнындағы ауырсыну мен реакциялар.Сирек: асқын сезімталдық реакциялары (дене температурасының жоғарылауы, терінің бөртуі), ісіну, екпе орнындағы ауырсыну немесе қышыну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.