G03DB08 Диеногест (Dienogest)
Қолдану көрсеткіштері
Эндометриоз.
-
Клинические протоколы:
- Дисфункция яичников
- Генитальный эндометриоз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; белсенді көктамырлық тромбоэмболиялық бұзылулар; жүрек және артериялар аурулары; тамырлық асқынулармен қант диабеті; шығу тегі белгісіз қынаптық қан кету; жыныс стероидтарына тәуелді анықталған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктер.
Қауіпсіздік шаралары
Миокард инфарктісі немесе бас миы тамырларының тромбоэмболиясы, көктамырлық тромбоэмболиялар даму қаупі жоғары. Ұзақ иммобилизация немесе жоспарлы операция жағдайында, оған дейін кем дегенде төрт апта бұрын препаратты қабылдауды тоқтату керек және емшарадан соң екі апта аралығында қабылдауды қайта бастауға болмайды. Көбіне эстроген- гестагенді препараттарды зерттеу кезінде қабылдаған әйелдерде сүт бездернің қатерлі ісігі дамуының салыстырмалы түрдегі қатерінің шамалы жоғарылауы анықталған. Аденомиозы бар немесе жатыр лейомиомасы бар әйелдерде жатырдан қан кетулер күшеюі мүмкін. Остеопороздың даму қаупі жоғары пациенттерге препаратты тағайындар алдында пайда- қауіп арақатынасына мұқият баға беру керек. Анамнезінде депрессиясы бар пациенттер мұқият бақылауды қажет етеді. Хлоазма дамуына бейім әйелдер күннің әсерінен немесе ультракүлгін сәуле әсерінен сақтануы керек. Диеногест шеткергі инсулиндік резистенттілікке және глюкозаға төзімділікке әсер етуі мүмкін, гестациялық қант диабеті бар әйелдер мұқият тексерілуден өтуі тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин, рифампицин, окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және құрамында шайқурай бар заттар- жыныс гормондары клиренсінің жоғарылауы және диеногесттің терапевтикалық әсерінің төмендеуі.АИТВ және С гепатитін емдеуге арналған препараттар, кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері - қан плазмасында прогестиндер концентрациясының артуы немесе төмендеуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр ауруларында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: дене салмағының жоғарылауы, көңіл күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, күйгелектік, либидо жоғалуы, бас ауыруы, жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, акне, алопеция, арқаның ауыруы, сүт бездеріндегі жайсыздық, аналық без кистасы, ысынулар, жатырдан/қынаптан қан кетулер, соның ішінде жағынды бөліністер.Жиі емес: анемия, депрессия жағдайы, көздің және тері жабындарының құрғауы, құлақтағы шуыл, ентігу, сүйектердегі ауырулар, бұлшықет құрысулары, несеп жолдарының инфекциялары, қынаптық кандидоз, вульвавагинальді аймақтың құрғауы, фиброзды-кистозды мастопатия, ісінулер.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
12-18 жас аралығындағы балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Менархе жасына толмағандарға препаратты қолдануға көрсеткіштер жоқ.