G03CA03 Эстрадиол (Еstradiol)

Қолдану көрсеткіштері

Әйелдерде постменопауза, перименопаузе кезеңінде эстрогендер жеткіліксіздігінің симптомдары мен белгілерін емдеу үшін орын басушы гормональді ем (ОГЕ); постменопаузалық остеопороздың алдын алу.Клиникалық хаттама:   1. Менопауза және әйелдің климакстік жағдайы
    Клинические протоколы:
  1. Менопауза и климактерическое состояние у женщины

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді ингредиентіне немесе препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық, шығу тегі белгісіз қынаптан қан кету, диагнозы расталған немесе болжанған сүт безінің обыры, диагнозы расталған немесе болжанған гормонға тәуелді обыр алды ауруы немесе гормонға тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, емделмеген эндометрия гиперплазиясы, эндометрия обыры), жедел артериялық тромбоэмболия (мысалы, миокард инфарктісі, инсульт), терең көктамырлардың жедел тромбозы, анамнезінде немесе қазіргі уақыттағы тромбоэмболиялық бұзылыстар, көктамырлық немесе артериялық тромбоз дамуының жоғары қаупі (белгілі тромбофилиялық бұзылыстар (мысалы, С ақуызы, антитромбин тапшылығы)), айқын гипертриглицеридемия, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қарсы көрсеткіштерінің пайда болуы, сондай-ақ келесі бұзылыстар кезінде ОГЕ жедел тоқтату керек: бас сақинасы ұстамалары немесе алғаш рет күшті және жиі бас аурулары пайда болғанда, сондай-ақ басқа симптомдарда; цереброваскулярлық окклюзияның алғашқы белгілері; жүктілік кезінде немесе стероидты жыныс гормондармен бұрын емделген кезде алғаш рет байқалған холестатикалық сарғаю немесе холестатикалық қышынудың қайталануы кезінде; тромбоздық бұзылыстарының симптомдары немесе олардың туындауына күдік болғанда. Эстрогендер сұйықтықтың іркілуін туындатуы мүмкні, бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер мұқият бақылауды қажет етеді. Жедел панкреатит қаупін жоғарылататын, қандағы триглициридтер деңгейінің одан әрі өсуіне жол бермеу үшін, триглицеридтер деңгейі орташа-жоғарылаған әйелдерді бақылау қажет. Осындай жағдайлары бар әйелдер ОГЕ жүргізу кезінде дәрігердің мұқият бақылауында болуы керек: эпилепсия, сүт безінің қатерлі емес ісігі, бронх демікпесі, бас сақинасы, порфирия, отосклероз, жүйелі қызыл жегі, кіші хорея.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бауыр ферменттерін индуцирлейтін препараттар, соның ішінде цитохром Р450 изоферменті (мысалы, кейбір құрысуға қарсы және микробқа қарсы препараттар) - жыныс гормондары клиренсінің ұлғаюы және олардың клиникалық тиімділігінің төмендеуі.Ферменттің күшті тежегіштері ретінде белгілі ритонавир және нелфинавир - олардың қасиеттерінің күшеюі.Шәйқурай шөбінің препараттары (шілтерлі шәйқурай) - эстроген метаболизмінің өзгеруі.Кейбір антибиотиктер түрлері (мысалы, пенициллин және тетрациклин тобының) - эстрадиол деңгейінің төмендеуі.Айтарлықтай деңгейде конъюгацияға ұшырайтын заттар (мысалы, парацетамол) - эстрадиол биожетімділігінің жоғарылауы.Алкоголь - айналымдағы эстрадиол деңгейінің жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Эстрогендер сұйықтықтің іркілуін туындатуы мүмкін, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге мұқият бақылау қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр аурулары кезінде, сондай-ақ қазіргі уақытта немесе анамнезінде бауыр ісігі (қатерлі емес немесе қатерлі) кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: дене салмағының жоғарылауы немесе төмендеуі, бас ауыруы, іштің ауыруы, жүрек айнуы, тері қышынуы, тері бөртпесі, жатырдан/қынаптан қан кету, жағылған бөлінділерді қоса.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық реакциялары, көңіл-күйдің түсуі, бас айналуы, көрудің бұзылуы, жүрек қағысы, диспепсия, түйінді эритема, есекжем, сүт бездерінің ауыруы және кернеуі, ісінулер.Сирек: мазасыздық сезімі, либидо жоғарылауы немесе төмендеуі, бас сақинасы, жанаспалы линзаның жақпаушылығы, іштің кебуі, құсу, гирсутизм, акне, бұлшықеттік құрысулар, дисменорея, қынаптық бөлінулер, етеккір алды синдромға ұқсас жағдайлар, сүт безінің ұлғаюы, шаршағыштық.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді