G03BA03 Тестостерон (Testosterone)

Қолдану көрсеткіштері

Препарат жыныс бездері жеткіліксіздігі синдромы бар еркектерде субституционды емдеуге арналған: гипогонадизм (жыныстық пісіп-жетілудің кідіруі, евнухоидизм, анорхизм, Кляйнфельтер синдромы, аталық бездердің атрофиясы), тестостерон тапшылығынан болған импотенция, кастрациядан кейінгі синдромда, сперматогенез бұзылғанда (олигоспермия, азооспермия) болатын белсіздікте. Сирек жағдайларда препарат әйелдерде гиперэстрогенизммен байланысты аурулар кезінде қолданылады.Клиникалық хаттама:   1. Балалардағы гипогонадизм
    Клинические протоколы:
  1. Гипогонадизм у детей

Қарсы көрсеткіштері

Тестостеронға және препараттың қосымша компонентеріне жоғары сезімталдық, гиперкальциемия және гиперкальциурия, егде жастағы еркектер, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, анамнезінде миокард инфарктісі, астениялық дене бітімі, кең таралған атеросклероз, несеп шығарудың бұзылу симптомдары бар қуықасты безінің гипертрофиясы, қуықасты безінің қатерлі ісігі (күдіктенген немесе диагностика жасалған) немесе еркектердің кеуде безінің қатерлі ісігі.

Қауіпсіздік шаралары

Андрогеннің жоғары дозасын қабылдайтын науқастарда, гемоглобин концентрациясын және гематокрит бақылануы тиіс. Жүрек-қантамырлары жүйесінің, бауыр немесе бүйрек аурулары бар науқастарда перифериялық ісіну дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Артериялық гипертензиясы, бас сақинасы, эпилепсиясы бар пациенттерге емделу барысында тұрақты медициналық қадағалау қажет. Препаратты жоғары дозада ұзақ мерзімді қолдану бауырдың ісікті зақымдануына алып келуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Микросомальді тотығу ферменттерінің индукторлары (барбитураттар, рифампицин және т.б.) - тестостерон клиренсінің артуы.Оксифенбутазон - қан плазмасында берілген препарат концентрациясының жоғарылауы.Пероральді антикоагулянттар - антикоагулянтты әсердің күшеюі.АКТГ, кортикостероидтар - ісінулер қалыптасуының күшеюі, жүрек және бауыр аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану.Қант деңгейін төмендететін заттар - қант деңгейін төмендететін заттардың терапевтикалық әсерінің күшеюі, осы препараттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Натрий, хлор, калий, кальций, органикалық емес фосфаттар және судың ұсталуы, жүрек айнуы, диарея, бауыр қызметінің бұзылысы, бауырлық трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, бауырлық пурпура немесе бауырда ісіктік жаңа түзілімдердің пайда болуы, қан ұюдың II, V, VII және X плазмалық факторлары белсенділігінің тежелуі, ұюға қарсы препараттарды ішке қабылдап жүрген науқастарда қан кетулер, полицитемия, депрессия, эмоционалдық бұзылыстар, ұйқысыздық, мазасыздық, агрессия, ашушаңдық,  бронхит, синусит, жөтел, демікпе, қорылдау, дисфония, алопеция, эритема, бөртпе, соның ішінде папулезді, қышыну, безеулер, терінің құрғауы, буындар ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет ауыруы, бұлшықет түйілуі және құрысуы, қан сарысуында  креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, несеп шығарудың бұзылыстары, несеп шығару жолдарының бұзылыстары, несептің ұсталуы, никтурия, дизурия, либидо бұзылуы (төмендеуі немесе артуы), бас ауыруы, бас айналуы, қорқу сезімі, парестезиялар, қанда холестерин, триглицеридтер концентрациясының жоғарылауы, инъекция орнының ауыруы және қабынуы, гиперкальциемия, артериялық қысымның жоғарылауы, тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының артуы, қан сарысуында простатспецификалық антиген (PSA) деңгейінің жоғарылауы, шаршағыштық, астения, гипергидроз, соның ішінде түнгі уақыттағы. Әйелдерде гирсутизм, еркектер типіндегі таздану, безеулер, етеккір циклінің бұзылуы, аменорея, гонадотропин секрециясының тежелуі, маскулинизация.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.