G03AA10 Гестоден және Этинилэстрадиол (Gestodene and Ethinylestradiol)
Қолдану көрсеткіштері
Гормональді контрацепция.
-
Клинические протоколы:
- Синдром предменструального напряжения
- Болезнь Виллебранда
- Дисменорея
- Генитальный эндометриоз
Қарсы көрсеткіштері
Кез келген препарат компонентіне асқын сезімталдық, орақ тәріздес-жасушалы анемия, сүт безінің немесе эндометрия карциномасы, шығу тегі белгісіз қынаптық қан кету, тромбоэмболия, бас сақинасы, панкреатит.
Қауіпсіздік шаралары
Қолдануға дейін тексеруден өту және қауіп факторларын жою керек. Келесі жағдайларда тромбоэмболия даму қаупі жоғары: жасы, жүрек-қантамыр аурулары, жүрек-қантамыр аурулары бойынша күрделі отбасылық анамнез, семіру (дене салмағының индексі 30 кг/м² жоғары), хирургиялық операциялар немесе жарақат, шылым шегетін адамдар, дислипопротеинемия. Шылым шегумен бірге қолдану күрделі жүрек-қантамырлық патологиялар даму қаупін жоғарылатады. Шылым шегетін 35 жастан асқан әйелдер үшін контрацепцияның басқа да тәсілдерін қарастыру керек. Жатыр мойны және сүт безі ісігінің даму қаупі жоғары. Бақыланбайтын дислипидемиядан зардап шегетін пациенттер үшін гормональді емес контрацепция тәсілдерін қарастыру. Кешенді оральді контрацептивтер қабылдайтын және күрделі отбасылық анамнезі бар пациенттерде қан сарысуындағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы панкреатит даму қаупінің артуына алып келеді. Перифериялық инсулинге резистенттілікке және глюкозаға төзімділікке әсер етеді. Көру нашарлауының белгілері мен симптомдары пайда болғанда, проптоз дамуы немесе қосарланып көріну, көру жүйкесінің ісінуі немесе торқабық тамырларының зақымдануы кезінде бұзылулар себебін анықтау үшін препаратты қабылдауды тоқтату керек. Хлоазма дамуына бейім әйелдер ұзақ уақыт күн астында болудан және ультракүлгін сәуле әсерінен сақтануы керек. Ауыр депрессия дамуы немесе тұрақты және айқын артериялық гипертензия дамыған жағдайда препаратты қабылдауды доғару керек. Таблеткаларды қабылдау уақытын өткізіп алған жағдайда, құсу/диарея және бір мезгілде басқа дәрілік заттарды қабылдаған кезде препараттың тиімділігі төмендейді. Қабылдау кезінде тұрақсыз қан кетулер бақылануы мүмкін (қанды бөлінділер немесе көп қан кету), әсіресе берілген заттарды қолданудың бастапқы айлары аралығында.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин мен рифампицин және микросамальді ферменттердің басқа да индукторлары - жыныс гормондары клиренсінің жоғарылауы, контрацептив тиімділігінің төмендеуі. АИВ/HCV-протеазалары және нуклеозиді емес тежегіштер - қан плазмасында эстрогендер немесе прогестиндер концентрацияларының жоғарылауы немесе төмендеуі.Зеңге қарсы заттар, макролидтер, верапамил, грейпфрут шырыны - қан плазмасында эстроген немесе прогестин немесе екі заттың да концентрацияларының жоғарылауы.Күніне 60-тан 120 мг дейінгі эторикоксиб плазмадағы этинилэстрадиол концентрациясын 1,4-1,6 есе жоғарылатады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қолдану кезінде бүйрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр аурулары кезінде қарсы көрсетілген. Бауыр қызметі көрсеткіштерін бақылау, жедел немесе созылмалы бұзылыстарда қалыпты көрсеткіштерге жеткенше қолдануды тоқтату керек.
Жүктілік
Қолданбау! Егер жүктілік препаратты қабылдау аясында орын алса, онда препаратты қабылдауды доғару керек. Босанудан кейінгі кезеңде немесе жүктіліктің екінші триместрінде жүргізілген түсіктен кейін тромбоэмболия даму қаупі жоғары.
Емізу
Қолданбау! Лактацияға әсер етеді: ана сүті мөлшерінің төмендеуіне және оның құрамының өзгеруіне ықпал етеді. Гормональді контрацептивтер және/немесе олардың метаболиттерінің аз мөлшері ана сүтіне енуі және бала ағзасына әсер етуі мүмкін. Сәбилерде келесі жағымсыз әсерлер байқалған: сары ауру және сүт бездерінің ұлғаюы. Мүмкіндігінше, емшекпен емізу кезеңі аяқталғанша гормональді емес контрацепция тәсілдерін қолданған жөн.
Жағымсыз әсерлері
АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, іштің ауыруы, дене салмағынң артуы, сирек құсу, диарея, дене салмағының төмендеуі.ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, сирек бас сақинасы.Гормональді бұзылыстар: көңіл-күй өзгерісі, сүт безінің ауырсынуы, сирек сұйықтықтың ұсталуы, либидо өзгеруі, сүт безінің ұлғаюы, қынаптық бөлінділер, сүт бездерінен бөлінділердің бөлінуі.Аллергиялық реакциялар: бөртпе, есекжем, сирек асқын сезімталдық реакциясы, түйінді эритема, мультиформалы эритема.Басқа: жанаспалы линзалардың жақпауы, көктамырлық және артериялық тромбоэмболиялық бұзылыстар.
Балаларда қолданылуы
Етеккір басталған уақыттан бастап, ересектерге арналған дозада қолданылады.