G01AF01 Метронидазол (Metronidazole)

Қолдану көрсеткіштері

Трихомонадты және спецификалық емес вагинит; бактериялық вагиноз; кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын кешенді емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Бұт, сарпай және қынаптың қабыну аурулары (бартолинит, вульвит, вагинит)   2. Көмей жұтқыншағының қатерлі ісіктері
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)
  2. Злокачественные опухоли гортаноглотки

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; қан аурулары, лейкопения (сонымен қатар анамнезінде); қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, ОЖЖ органикалық зақымдануы (сонымен қатар эпилепсия).

Қауіпсіздік шаралары

Тек сыртқа қолдануға арналған; көзге түсуді болдырмау керек; тікелей күн сәулесінің әсерін болдырмау.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - қабылдамау.Дисульфирам - әр түрлі неврологиялық симптомдардың дамуы (тағайындау арасындағы аралық - 2 аптадан кем емес), сананың тежелуі, психикалық бұзылыстардың дамуы.Варфарин және тікелей емес антикоагулянттар - метронидазол олардың әсерін күшейтеді, протромбиндік уақытын ұзартады.Поляризацияланбайтын миорелаксанттар (векуроний) - ұсынылмайды.Барбитураттар - метронидазол әсерінің төмендеуі.Циметидин - метронидазол метаболизмінің тежелуі, оның қан сарысуындағы концентрациясының артуы және жағымсыз реакциялар даму қаупінің жоғарылауы.Литий препараттары - соңғысының плазмадағы концентрациясының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

І триместрінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Сақтықпен.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар: қышыну, ашыту, қынаптың тітіркенуі және ауыруы (серіктесінің жыныс мүшесінде), қынаптан бөлінулер; дәм сезінудің өзгеруі, ауыздың металдық дәм татуы, ауыздың құрғауы; АІЖ тарапынан бұзылыстар, бас ауыруы, бас айналуы, лейкопения немесе лейкоцитоз, несептің қызыл-қоңыр түске боялуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолдану ұсынылмайды.