D11AH01 Такролимус (Tacrolimus)

Қолдану көрсеткіштері

Басқа сыртқа қолданылатын дәрілермен дәстүрлі емдеуге жауап жеткіліксіз болған (соның ішінде, глюкокортикостероидтармен) немесе ондайларға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда  атопиялық дерматиттің асқынуларын емдеуде (ауырлық дәрежесі орташа және ауыр түрлерінде): асқынулар жиі болып тұратын (жылына 4 көріністен жоғары) пациенттерде атопиялық дерматитке демеуші емде (ауырлық дәрежесі орташа және ауыр түрлерінде) жаңа асқынулардың алдын алу және ремиссия кезеңін ұзарту мақсатында. Бұрын Такролимуспен күніне 2 рет ұзақтығы сызба бойынша емдеуге жауабы байқалған пациенттерге ғана көрсетілген. Басқа жергілікті терапияға жауап бермейтін немесе шыдамайтын пациенттерде бет псориазын, қисықтықты немесе жыныс мүшелерін қысқа мерзімді емдеу 
    Клинические протоколы:
  1. Псориаз

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа, макролидтер тобының кез келген басқа заттарына немесе препараттың қосымша заттарына  аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Жақпамайын туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы бар науқастарда немесе иммуносупрессиялық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде пайдалануға болмайды.Препаратты қолдану кезінде теріге күн сәулесінің түсуін азайту, солярийде ультракүлгін сәулеленуден, Б немесе А УК сәулелерімен псораленмен (PUVA-терапия) біріктіріп емделуден аулақ болу қажет.  Препарат қатерлілік қаупі зор немесе қатерліге жуық  деп қарастырылатын зақымдалған бөліктерді емдеу үшін қолданылмауы тиіс.Терінің липидті қабаты бұзылған пациенттерге қолдану ұсынылмайды (ламеллярлы ихтиоз, жайылған эритродермия немесе тері алмастарудан кейінгі ҚҚТ реакциясы). Терінің бұл жағдайы такролимустың жүйелі сіңірілуін арттыруы мүмкін.Такролимустың жүйелі сіңірілуінің үдемелі артуы қаупіне байланысты,    Нетертон синдромы сияқты, эпидермальді бөгеттің  генетикалық ақаулары бар пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Терінің жағылған бөліктеріне 2 сағат бойы жұмсартатын дәрілерді пайдалануға болмайды. Инфекция жұқтыру белгілері бар болса, препаратты тағайындағанға дейін спецификалық ем жүргізу қажет. Атопиялық  дерматиті бар пациенттер терінің беткейлік инфекцияларына бейім келеді. Препаратты қолдану герпестік инфекцияның даму қаупінің жоғарылығымен байланысты болуы мүмкін. Герпестік инфекция белгілері бар болса, препаратты қолданудың пайдасы мен қаупінің арақатынасын жеке-жеке бағалау керек.Лимфаденопатия бар болса, пациентті емдеу басталғанға дейін тексеру және оны жақпамайды жағу кезінде қадағалау қажет. Лимфаденопатияның көзге көрініп тұратын себебі болмаса немесе жедел инфекциялық  мононуклеоз симптомдары бар болса, преппаратты қолдануды тоқтату қажет.Көзге және шырышты қабықтарға түсуін болдырмау қажет (байқаусызда тиіп кеткен жағдайда жақпамайды мұқият кетіріп тастау және/немесе сумен жуып тастау қажет). Препаратты пайдалану кезінде тығыз, ауа өткізбейтін киім кию ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ингибиторы CYP3A4 (например, эритромицина, итраконазола, кетоконазола и Дилтиазема) у пациентов с распространенным и/или эритродермическим заболеванием следует проводить с осторожностью.CYP3A4 тежегіштерін (эритромицин, итраконазол, кетоконазол, дилтиазем) бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесу ықтималдығы аз, алайда зақымдалған бөліктері көлемді  және/немесе эритродермиясы бар пациенттерде толығымен жоққа шығарылмауы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда сақтықпен пайдалану қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: қолданған жердің шымылдатуы және қышынуы. Жиі:  ысыну сезімі, қолданған жердің қызаруы, ауыруы, тітіркенуі, бөртуі; герпес инфекциясы (Herpes simplex, герпестік Капоши экземасы), фолликулит; парестезиялар және дизестезиялар; алкогольді көтере алмаушылық (спирттік ішімдіктерді пайдаланғаннан кейін терінің тітіркену симптомдары).Сирек: акне.Жиілігі белгісіз: көздің герпестік инфекциясы; розацеа, лентиго, қатерлі ісікке айналу (лимфомалардың терідегі және басқа түрлері, тері обыры), жаққан жердің ісінуі; қандағы препарат құрамы деңгейінің ұлғаюы.

Балаларда қолданылуы

16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге. Жергіліікті.Емдеуді 0,1% препаратпен тәулігіне екі рет қолданудан бастау және зақымдану ошағы толық тазарғанға дейін жалғастыру қажет. Ауру симптомдары қайта туындаған жағдайда күніне екі қайтара емдеуді қайта жаңғырту керек. Егер клиникалық көрінісі мүмкіндік берсе, препаратты қолдану жиілігін төмендетуге тырысып көру немесе препараттың азғантай дозасын – 0,03%  пайдалану керек. Екі апта емдегеннен кейін жақсару болмағанда емдеудің басқа нұсқалары қарастырылуы тиіс. Балаларға (2 жастағы және одан үлкен) және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге. Жергіліікті. Емдеуді 0,03% жақпамаймен тәулігіне екі рет жағудан бастау қажет. Аталған сызба бойынша емдеудің ұзақтығы үш аптадан аспауы тиіс. Ары қарай қолданылу жиілігі тәулігіне бір ретке дейін азайтылады, емдеу зақымдалу ошақтары толық тазарғанға дейін жалғасады.Асқынулардың профилактикасыДемеуші ем кезінде 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге - 0,1% жақпамайын;  балаларға (2 жастағы және одан үлкен) және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге -  0,03%  жақпамайын - аптасына 2 рет (мысалы, дүйсенбі және бейсенбі күндері) терінің әдетте асқынулар кезінде зақымданатын бөліктеріне жағу керек. Препаратты жағу арасындағы уақыт аралығы кемінде 2-3 күнді құрауы тиіс. Асқыну белгілері пайда болса,  емдеудің әдеттегі режиміне көшу керек.2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.