D10BA01 Изотретиноин (Isotretinoin)

Қолдану көрсеткіштері

Акненің ауыр түрінде (түйінді-кистозды, конглобатты немесе тыртық түзілу қаупі бар акне), сонымен қатар акненің стандартты терапияларының (жүйелік антибактериялық және жергілікті) тиімсіздігі кезінде.Клиникалық хаттама:   1. Туа біткен ихтиоз
    Клинические протоколы:
  1. Врожденный ихтиоз

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық; айқын гиперлипидемия; А гипервитаминозы; тетрациклинмен біріктірілген ем.

Қауіпсіздік шаралары

Қант диабеті, анемнезінде депрессия бар, семіздік, жүрек қызметінің декомпенсациясы, созылмалы интоксикация (соның ішінде алкогольді қабылдауда) кезінде сақтықпен қолдану. Ішке қабылдауда емдеуге дейін, емнен 1 айдан кейін, содан әрбір 3 ай сайын бауыр қызметін және қан плазмасындағы липидтердің деңгейін тұрақты бақылау. Емдеу кезінде және емдеуден кейін, кемінде 1 ай аралығында қан доноры болмау; құрғақ көз синдромы (кератит қаупімен байланысты).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Изотретиноин қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясын төмендетеді.Тетрациклиндер - бас сүйектің қатерлі емес гипертензиясының даму қаупі.А дәрумені - А гипервитаминозының қаупі.Препаратты қабылдау барысында тері тітіркенуінің жоғары қаупіне байланысты кератолитикалық заттарды немесе эксфолианттарды қолдануды болдырмау.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға емдеуді ең төмен дозадан (мысалы, тәулігіне 10 мг) бастау, және одан әрі тәулігіне 1 мг/кг дейін немесе максималды көтере алатын дозасына дейін арттыру керек (бірақ жоғары тәуліктік доза 1мг/кг артық емес).

Бауыр жеткіліксіздігі

Емге дейін, емнен бір айдан соң, содан кейін әрбір үш ай сайын бауыр қызметін тұрақты бақылау ұсынылады.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Препараттың тератогенді және эмбриоуытты әсері бар. Бала туу жасындағы әйелдер емдеу кезеңінде және емдеу аяқталғаннан кейін 1 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы керек.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: тромбоцитопения, анемия, тромбоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, блефарит, конъюнктивит, көздің құрғауы, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, қышыну, эритематоздық бөртпе, дерматит, хейлит, терінің құрғауы, локальді қабыршықтану, терінің жеңіл зақымдануы, буындардың ауруы, миалгия, арқа бөлігінің ауруы, гипертриглицеридемия, липопротеин концентрациясының тығыздығының төмендеуі.Жиі: нейтропения, бас ауруы, назофарингит, мұрыннан қан кету, мұрынның құрғауы, гиперхолестеринемия, гипрегликемия, гематурия, протеинурия.Сирек: анафилаксиялық реакция, жоғары сезімталдық, терілік аллергиялық реакциялар, депрессия,  депрессия асқынуы, алопеция, агрессивті мінез-құлық, үрейлік, көңіл-күйдің өзгеруі.Өте сирек: грам оң қоздырғыштармен шақырылған жүйелік немесес жергілікті  инфекция, қант диабеті, гиперурикемия, суицид, психикалық бұзылыс, қатерлі емес бас сүйек гипертензиясы, тырыспа, ұйқышылдық, бас айналу, көру жүйкелерінің ісінуі, лентикулярді катаракта, көрудің бұзылуы, көру айқындылығы бұзылысы, естудің бұзылуы, васкулит, бронхоспазм, дауыстың қарлығуы, ішектердің қабыну арулары, колит, панкреатит, асқазан-ішектен қан кету, геморрагиялық қан кету, жүрек айну, жұтқыншақтың құрғауы, гепатит, безеудің асқынуы, бет эритемасы, шаштың түсуі, фотосезімталдық, гиперпигментация, тершеңдік, артрит, тендинит, гломерулонефрит.Жиілігі белгісіз: мультиформалық эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, рабдомиолиз.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтану кезінде. 12 жастан асқан балаларға, ересектерге арналған дозамен бірдей. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.