D10AX03 Азелаин қышқылы (Azelaic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Безеу ауруы  (acne vulgaris), мелазма типіндегі гиперпигментация  (мысалы, хлоазма).
    Клинические протоколы:
  1. Угревая болезнь
  2. Механическая желтуха

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компонентіне жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың көзге, ауыз қуысына және сілемейлі қабықтарға түсуінің алдын алу керек. Егер кездейсоқ тигізіп алса көзді, ауызды және шырышты қабықтарды көп мөлшерлі сумен мұқият жуу керек. Әрқашан препаратты  жаққаннан кейін қолды жуу керек.

Жүктілік

Сақтықпен қолдану керек.

Емізу

Бала емізетін әйелдерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ашу, препаратты жаққан жерде қышу және қызару  (клиникалық зерттеулер нәтижесі бойынша);Жиі: терінің қабыршықтануы, препаратты жаққан жерде тітіркену, ауыру сезімі, құрғақтық, тері түсінің өзгеруі; Жиі емес: себорея, акне, терінің депигментациясы,  парестезиялар, дерматит, жаққан жердегі жайсыздық және ісіну; Сирек: хейлит, көпіршіктер, ойық жаралар, экзема, препаратты енгізген жерде жылуды сезіну, жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпе (постмаркетингтік бақылаулар үдерісінде байқалған);Белгісіз жиілікте: ангионевротикалық ісіну, жанаспалы дерматит, көз және беттің ісінуі  (жоғары сезімталдылықтан болуы мүмкін); бөртпе,есекжем, бронх демікпесінің асқынуы.

Балаларда қолданылуы

Препарат балаларда 12 жастан бастап тағайындалады. Сыртқа, тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) зақымдалған тері бөліктеріне жағады және сәл ысқылайды. 12 жастан кіші балаларда препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.