A02BA02 Ранитидин (Ranitidine)

Қолдану көрсеткіштері

Емдеу және алдын алу - асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (сонымен қатар Helicobacter pylori-мен байланысты), гастроэзофагеальді рефлюксті ауру (ГЭРА), «стресстік» асқазан ойық жарасы, стероидты емес қабынуға қарсы заттардан (СЕҚҚП) туындаған ойық жаралар және эрозиялар, асқазан сөлінің гиперсекрециясы, симптоматикалық ойық жаралар, эрозиялы эзофагит, рефлюкс-эзофагит, Золлингер-Эллисон синдромы, жүйелік мастоцитоз, полиэндокринді аденоматоз, эпигастрийдегі немесе төс артының ауыруларымен сипатталатын, ас ішумен байланысты немесе ұйқыны бұзатын, бірақ жоғарыда аталған жағдайларға жатпайтын диспепсия, асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерінен қан кету, операциядан кейінгі кезеңдегі асқазаннан қан кету рецидивтерінің алдын алу, жалпы анестезиямен операция жүргізіліп жатқан науқастардағы асқазан сөлі аспирациясының алдын алу (Мендельсон синдромы), аспирациялық пневмонит (алдын алу), ревматоидты артрит (қосымша ем ретінде).

    Клинические протоколы:
  1. Ботулизм
  2. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  3. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  4. Трансплантация печени у детей
  5. Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
  6. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  7. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  8. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  9. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой
  10. Аутоимунный гепатит
  11. Ахалазия кардии
  12. Гастрит и дуоденит (педиатрия)
  13. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
  14. Гастроэзофагеальный рефлюкс у детей. Другие болезни пищевода
  15. Грыжи пищеводного отверстия диафрагмы
  16. Дивертикул пищевода
  17. Кишечный свищ
  18. Невирусные гепатиты (аутоиммунный гепатит)
  19. Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
  20. Хронический гастрит
  21. Хронический панкреатит у взрослых
  22. Хронический панкреатит у детей
  23. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
  24. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
  25. Ювенильная локальная склеродермия
  26. Ведение детей с пересаженной почкой
  27. Нефротический синдром у детей
  28. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  29. Инородное тело пищевода
  30. Ожоги у детей
  31. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  32. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов

Қарсы көрсеткіштері

Ранитидинге және қосымша заттарға жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Кенеттен тоқтатпаған дұрыс («рикошет» синдромы). Стресс жағдайындағы әлсіз науқастарды ұзақ уақыт бойы емдеген кезде асқазанның бактериялық зақымдануы ары қарай инфекция жайылуымен жүруі мүмкін. Емдеу кезінде асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін тағамдар, сусындар мен басқа да дәрілік заттарды пайдалануды болдырмау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Атазанавир, дазатиниб, гефитиниб - ранитидиннің әсерінен концентрациясы төмендеуі мүмкін.Эрлотиниб - бірге тағайындауды болдырмау!Позаконазол - ранитидиннің әсерінен концентрациясы төмендеуі мүмкін (препарат өндірушісі бірге тағайындауды болдырмауға кеңес береді!).Ралтегравир - ранитидиннің әсерінен концентрациясы жоғарылауы мүмкін.Итраконазол, кетоконазол, лапатиниб - Н2-антагонистердің әсерінен сіңірілуі төмендейді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге дозалау режимін түзету талап етіледі. КК 50 мл/мин төмен болғанда - тәулігіне 150 мг.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, диарея, іштің ауыруы, сарғаю, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, бас ауыруы, бас айналуы, гипертермия, жоғары қажығыштық, ұйқышылдық, ұйқысыздық, эмоциональді лабильділік, мазасыздық, үрей, депрессия, ашушаңдық.Сирек: гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе аралас гепатит, жедел панкреатит, лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, панцитопения, нейтропения, иммундық гемолитикалық және апластикалық анемия, артериялық қысымның төмендеуі; брадикардия, тахикардия, васкулит, аритмия, атриовентрикулярлы (AV) блокада, сананың шатасуы, құлақтағы шуыл, ашушаңдық, елестеулер (көбінесе егде жастағы және сырқаты ауыр пациенттерде), еріксіз қимыл-қозғалыстар, көру қабілетінің бұлыңғырлануы, аккомодация парезі, артралгия, миалгия, гиперпролактинемия, гинекомастия, аменорея, потенция және/немесе либидоның төмендеуі; ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок, мультиформалы экссудативті эритема, сонымен қатар Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермальді некролиз, кейде - есекжем, тері бөртпелері, қышыну, бронх түйілуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

14 жастан асқан балалар. Ішке. Асқазан және 12-елі ішектің ойық жара ауруы кезінде (өршу фазасында), операциядан кейінгі ойық жара - 4-8 апта аралығында 150 мг тәулігіне 2 рет немесе 300 мг кешке. Осы мерзім ішінде тыртықтанбаған ойық жаралары бар пациенттерде - емдеуді келесі 4 апта бойы жалғастыру. Рецидивтердің алдын алу - кешке 150 мг; шылым шегетін пациенттер үшін - кешке 300 мг. СЕҚҚП-гастропатия - 8-12 апта аралығында 150 мг тәулігіне 2 рет немесе кешке 300 мг; алдын алу - 150 мг тәулігіне 2 рет. Эрозивті рефлюкс-эзофагит - 8 апта аралығында 150 мг тәулігіне 2 рет немесе кешке 300 мг; қажет болған жағдайда емдеу курсын 12 аптаға дейін ұзартады. Ауырлығы II-III деңгейдегі рефлюкс-эзофагит кезінде 12 апта ішінде 4 қабылдаумен дозасын тәулігіне 600 мг дейін ұлғайтады. Ұзартылған алдын алулық ем - 150 мг тәулігіне 2 рет. Золлингер-Эллисон синдромы - бастапқы доза 150 мг тәулігіне 3 рет; қажет болған жағдайда тәулігіне 6 г дейін. Диспепсияның созылмалы эпизодтары кезінде - 6 апта аралығында 150 мг тәулігіне 2 рет. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге дозалау тәртібін түзету қажет болады. КК 50 мл/мин төмен болғанда - 150 мг/тәул. Бауыр қызметінің ілеспелі бұзылысы кезінде дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. 14 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген. Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.