D07XC01 Бетаметазон және Салицил қышқылы

Қолдану көрсеткіштері

Жергілікті кортикостероидтармен емге сезімтал, қабынумен жүретін дерматоздар; бастың шашты бөлігі терісінің псориазы; қабықтанған эпителийдің қабыршықтануын және эпидермис десквамациясын қажет ететін тері жағдайлары; қабынған, құрғақ, гиперкератикалық дерматоздар симптомдарын шеттететін тері жағдайлары. Берілген кешенді дәрілік заттың құрамына кіретін әр препарат туралы толық ақпарат  Бетаметазон (Betamethasone) және  Салициловая кислота (Salicylic acid) монографияларында берілген.  

Балаларда қолданылуы

Сыртқа. 2 жастан бастап балаларға: зақымдалған тері бөліктеріне күніне 1-2 рет, сәл уқалаумен жағады, 5 күннен артық емес. Жергілікті кортикостероидтарды қолдану нәтижесінде гипоталамо-гипофизарлы бүйрек үсті безі жүйесі қызметінің тежелу қаупіне балалардың бейімділігі жоғары болғандықтан, сақтықпен пайдалану керек.  2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.