D07AC14 Метилпреднизолон ацепонаты (Methylprednisolone aceponate)

Қолдану көрсеткіштері

Эндогенді экзема (атопиялық дерматит, нейродермит), жанаспалы экзема, дегенеративті экзема, дисгидротикалық экзема, нумулярлы экзема (микробтық экзема), шығу тегі белгісіз экзема.
    Клинические протоколы:
  1. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  2. Алопеция
  3. Атопический дерматит
  4. Атопический дерматит у детей
  5. Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
  6. Контактный аллергический дерматит
  7. Псориаз
  8. Пузырчатка
  9. Розовый лишай Жибера
  10. Токсикодермия
  11. Врожденный буллезный эпидермолиз
  12. Врожденный ихтиоз

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе кез-келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық, препаратты жағатын аймақтағы туберкулездік немесе мерездік үдерістерде, препаратты жағатын аймақтағы вирустық ауруларда (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі), препаратты жаққан аймақтағы розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеу бөртпелері, терінің атрофиялық аурулары, вакцинациядан кейінгі терідегі реакциялар.

Қауіпсіздік шаралары

Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Сақтықпен қолдану! Препаратты сүт безіне жағуға болмайды. Препаратты терінің ауқымды беткейлеріне жағуға, ұзақ қолдануға немесе лактация кезеңінде окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: препарат жаққан жердің қышуы, күйдіруі.Жиі емес: эритема, құрғау, күлдіреу пайда болуы, тітіркену, экзема, препарат жаққан жердегі папулалар, шеткергі ісінулер, тері атрофиясы,  экхимоз, импетиго, терінің майлануы.Жиілігі белгісіз: акне.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Сыртқа, терінің зақымданған бөлігіне тәулігіне 1 рет жұқалап жағады. Емдеу ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс. 4 айға дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ. 4 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға жақпамайды қолдану кезінде қауіп-пайда қатынасы бағалануы керек.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.