D07AC04 Флуоцинолон ацетонид (Fluocinolone acetonide)
Қолдану көрсеткіштері
Флуоцинолон ацетониді жақпамайын глюкокортикостероидтармен емдеуге жауап беретін тұрақты қышынумен және гиперкератозбен өтетін жедел және ауыр, инфекция жұқтырмаған, құрғақ дерматиттер кезінде сыртқа қолданады; - аллергиялық жанаспалы дерматит, диск тәрізді дерматит, нейродермит, атопиялық дерматит - экзема, атопиялық экзема, себореялық экзема - қышыма, сыртқы отит - псориаз (жайылған түйіндақтар псориазын қоспағанда) - қызыл жалпақ теміреткі. |
-
Клинические протоколы:
- Атопический дерматит
- Псориаз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа жоғары сезімталдық; - аппликация орнындағы жарақаттар - терінің туберкулез, зең, вирустық аурулары - мерез көріністері, тері туберкулезі, жөргек бөртпесі, қызғылт безеулер, ауқымды псориаздық бөртпелер (түйіндақтар), аногенитальді қышыну - веналардың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойық жаралары, асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, аппликация орнындағы жарақаттар - тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома - 2 жасқа дейінгі балалар - жүктілік, лактация кезеңі. |
Қауіпсіздік шаралары
Үзіліссіз 2 аптадан ұзақ қабылдауға болмайды. Дененің ауқымды беткейінде ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлердің біліну жиілігі және ісінулердің, артериялық гипертензияның, гипергликемияның дамуы, инфекцияларға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігі артады. Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданған кезде гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, қандағы кортизол деңгейінің азаюы және ятрогенді Кушинг синдромы дамуының салдарынан емді тоқтатқаннан кейін қайтатын АКТГ өндірілуі азаюы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті бездерін стимуляциялаудан кейін қанда және несепте кортизолды анықтау жолымен бүйрекүсті безі қатпарлары функциясын ұдайы бақылау ұсынылады. Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда, сәйкес бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем жүргізу керек. Егер инфекция симптомдары басылмаса, инфекцияны емдеу кезінде жақпамайды қолдануды тоқтату керек. Препаратты жабықбұрышты және ашықбұрышты глаукомасы бар адамдарда, сондай-ақ катарактасы бар адамдарда ауру симптомдарының күшеюі мүмкіндігін ескеріп, қабақ маңайындағы теріге қолдануға болмайды. Тіпті аз уақыт қолданғаннан кейін де, күшті сіңірілуі және жағымсыз әсерлері дамуының (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) жоғары қаупін ескере отырып, бет терісінде, шап және қолтықасты терісі аумақтарында айрықша қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолдану кезінде дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгілі емес.Дегенмен, тиісті антиденелердің пайда болуы түрінде барабар иммунологиялық жауаптың болмау мүмкіндігін ескере отырып, шешекке және басқа да иммунизацияға қарсы пациенттерді вакцинациялау мүмкін емес екенін есте ұстаған жөн.Флуоцинолон ацетониді иммуносупрессивті препараттардың әсерін күшейтіп, иммуностимуляторлардың әсерін әлсіретуі мүмкін. Микробтарға қарсы дәрілермен үйлесімді. Гипотензивті, диурездік, гипогликемиялық, анаболизмдік, аритмияға қарсы дәрілердің белсенділігін төмендетеді. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ. |
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. |
Емізу
Қарсы көрсетілген. |
Жағымсыз әсерлері
Тері және тері астындағы тіндердің бұзылуы: Жиілігі белгісіз: - безеу тәрізді өзгерістер, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің тежелуі, жану сезімі, қышыну, тітіркену, бөртпе, тері асты тінінің атрофиясы, терінің құрғауы, гипертрихоз немесе алопеция, терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, атрофиясы және тері жолақтары, телеангиэктазиялар, периоральды дерматиттер шаш фолликуласының қабынуы, қайталама инфекциялар, жергілікті тері реакциялары (мысалы, жанаспалы дерматит). Кейде есекжем немесе дақты-папулезді бөртпе немесе барлық зақымданулардың өршуі мүмкін. Көру бұзылыстары: Жиілігі белгісіз: Бұлыңғыр көру. Қабақтың терісіне жергілікті қолданғаннан кейін глаукома немесе катаракта пайда болуы мүмкін. Инъекция орнындағы жүйелі бұзылулар мен асқынулар: Белсенді заттардың қанға сіңуіне байланысты флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін. Олар, ең алдымен, ұзақ терапиямен, препаратты терінің үлкен аймақтарында, окклюзиялық таңғыш астында немесе балаларда қолданғанда дамиды. Флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері кортикостероидтарға тән және гипоталамус-гипофизарлы-бүйрек үсті жүйесінің депрессиясы, Кушинг синдромы, балаларда өсу мен дамудың тежелуі, гипергликемия, глюкозурия, ісіну, артериялық гипертензия, иммунитеттің төмендеуін қамтиды. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Препараттың аздаған мөлшерін тәулігіне 1-2 рет және жеңіл уқалайтын қимылдармен жағады. Емдеу ұзақтығы аурудың сипатына байланысты және әдетте 5-10 күнді құрайды, аурудың ұзақ ағымында – 2 аптадан аспайды. Дәрілік затты үлкен зақымдану ошақтарына (дене беткейінің 20 % астамы) жақпаған дұрыс. Дәрі-дәрмектік емес жақпамаймен бірге қолдануға жол беріледі: егер Флуоцинолон ацетонид жақпамайын күніне бір рет жақса, 12 сағаттан кейін дәрі-дәрмектік емес жақпамайды жағуға болады. |
Балаларда қолданылуы
2 жастан асқан балаларға дәрігердің бақылауымен тәулігіне 1 рет сақтықпен қолданады. 2 жасқа толмаған балаларда дәрілік зат қолданылмайды. Балаларда арнайы зерттеулер жүргізілмеген. |