D07AC01 Бетаметазон (Betamethasone)

Қолдану көрсеткіштері

Себореялы, атопиялық дерматит; нейродермит; экзема; псориаз; фотодерматит; жанаспалы дерматит; аногениталдық аумақтың идиопатиялық қышынуында; жергілікті буллезді тері өзгерістері; терінің түйінді муцинозы; жәндіктер шағуына терінің жоғары сезімталдық реакциялары.
    Клинические протоколы:
  1. Алопеция
  2. Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
  3. Системные васкулиты
  4. Атопический дерматит у детей
  5. Атопический дерматит
  6. Контактный аллергический дерматит
  7. Панникулиты
  8. Псориаз
  9. Пузырчатка
  10. Розовый лишай Жибера
  11. Токсикодермия
  12. Болезнь Бехчета
  13. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  14. Врожденный буллезный эпидермолиз
  15. Врожденный ихтиоз
  16. Кератит

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Бетаметазон дипропионатына немесе кез келген басқа кортикостероидтарға және қосымша заттарға жоғары сезімталдық; терінің бактериялық, зеңдік, вирустық аурулары; мерездің терідегі білінулері; тері туберкулезі; қотыр; розацеа (қызғылт безеулер); периоральді дерматит; көктамырдың варикозды кеңеюіне байланысты жіліншіктің трофикалық ойық жаралары; тері обыры; невус; атерома; меланома; гемангиома; ксантома; саркома; тұрпайы безеулер; поствакциналық терілік реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Дәрілік затты окклюзионды таңумен бірге қолдануға болмайды, себебі жүйелі абсорбция жоғарылап, жүйелі жанама симптомдардың дамуына алып келеді. Бас терісінің шашты бөлігінде қолдану ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Жүкті әйелдер үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті: терілік және эпидермиялық атрофия; стероидты пурпура;  қызару, қышу және күю түріндегі терінің жоғары сезімталдығы; стероидты безеу; тері құрғауы; фолликулит; гипертрихоз; тербөртпе; гипопигментация; стриялар; миалгия; аллергиялық жанаспалы дерматит; иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты екіншілік тері инфекциялары.Жүйелі жанама әсерлер: гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті жүйе қызметінің тежелуі, өсу кідірісі, салмақ қосудан артта қалу, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, Кушинг синдромы, гастрит, АІЖ шырышты қабатының  жаралануы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балалар мүмкін болатын емдеу ұзақтығының аса қысқа мерзімінде ең төмен терапевтикалық тиімді дозаны алуы керек, емдеу 1 аптадан аспауы тиіс. Өңделетін бөлік дене беткейі ауданының 10% аспауы тиіс. Әдетте, балаларға тәулігіне бір рет жағу жеткілікті. 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді