D07AA03 Преднизолон (Prednisolone)
Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі микробтық емес терінің қабыну және аллергиялық ауруларын кешенді емдеуде: есекжем, аллергиялық дерматит, жанаспалы дерматит, атопиялық дерматит, диффузиялық нейродермит, қарапайым созылмалы теміреткі (шектеулі нейродермит), экзема, псориаз, дискоидты қызыл жегі, токсидермия, эритродермия.
-
Клинические протоколы:
- Алопеция
- Атопический дерматит
- Атопический дерматит у детей
- Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
- Красный плоский лишай
- Многоформная экссудативная эритема
- Пузырчатка
- Розовый лишай Жибера
- Токсикодермия
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, туберкулез, мерез, тері ісіктері, кәдімгі безеулер, қызғылт безеулер (аурудың өршуі мүмкін), терінің жарақатты, ойық жаралы зақымданулары, терінің бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары.
Қауіпсіздік шаралары
Терінің инфекциялық зақымдануының алдын алу үшін жақпамайды бактерияларға қарсы және зеңдерге қарсы дәрілермен біріктіріп тағайындау ұсынылады. Дәрілік затты қолданудың ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс. “Жаялықтық” дерматитті емдеу үшін қолдануға болмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа да глюкокортикостероидтар, андрогендер, эстрогендер, пероральді контрацептивтер және стероидты анаболиктер - гирсутизмнің және безеулердің пайда болуы.Антикоагулянттар - ұюға қарсы әсерін күшейтеді.Салицилаттар - қан кетулер ықтималдығын арттырады.Диуретиктер - электролиттік алмасудың бұзылу мүмкіндігін жоғарылатады.Жүрек гликозидтері - улану қаупі күшейеді.Диабетке қарсы препараттар - гипогликемиялық әсер төмендейді.Рифампицин - бактерияға қарсы белсенділігі төмендейді.Антацидті препараттар - біріктіру ұсынылмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 1 жасқа дейінгі балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. 10 жасқа дейінгі балаларға преднизолонды қолданудан пайда мен асқыну қаупінің ара-қатынасын бағалай отырып, аса сақтықпен қолдану керек.