D07AA02 Гидрокортизон (Hydrocortisone)
Қолдану көрсеткіштері
| Препарат
ересектерге және 2 жастан асқан балаларға қолдануға көрсетілген. Терінің инфекциялық емес этиологиядағы қабыну және аллергиялық аурулары (оның ішінде қышынумен қатар жүретін): экзема; аллергиялық және контактілі дерматит; атопиялық дерматит; себореялық дерматит; нейродермит; псориаз; эритродермия; қышыма түйіншек (пруриго); жәндіктердің шағуына реакциялар; қызыл жалпақ теміреткі. |
-
Клинические протоколы:
- Болезни губ у детей
- Эксфолиативный хейлит
- Глоссодинии (Глоссалгии)
- Красный плоский лишай
- Поражение нервных корешков и сплетений
- Алопеция
- Атопический дерматит
- Атопический дерматит у детей
- Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
- Контактный аллергический дерматит
- Многоформная экссудативная эритема
- Панникулиты
- Псориаз
- Пузырчатка
- Розовый лишай Жибера
- Токсикодермия
- Гингивит
- Пародонтит
- Врожденный буллезный эпидермолиз
- Врожденный ихтиоз
Қарсы көрсеткіштері
| Гидрокортизонға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; терінің жаралы және ойық жаралы зақымданулары; терінің бастапқы бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялары, оның ішінде қарапайым герпес және желшешек; кәдімгі безеу; тері туберкулезі; мерездің терідегі көріністері; розацеа; ауыз маңы ерматиті; тері ісіктері; терінің герпестік зақымданулары; 2 жасқа дейінгі балалар. |
Қауіпсіздік шаралары
| Препаратты қант диабеті және жүйелік туберкулез кезінде сақтықпен қолдану керек. Гидрокортизон тек сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайдың көзге және шырышты қабықтарға түсуіне жол бермеу керек. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе терінің үлкен аумақтарына жаққанда артериялық қысымды, қандағы глюкоза мен кортизол концентрациясын, қанның ұю көрсеткіштерін, диурезді және пациенттің дене салмағын бақылау ұсынылады. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда және/немесе терінің үлкен аумақтарына жаққанда глюкокортикостероидтардың жүйелік әсерлерінің даму мүмкіндігін ескеру керек. Инфекцияның таралуының кез келген белгілері пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. 7 күн ішінде жақсару байқалмаған немесе жағдайы нашарлаған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Жоғары сезімталдық белгілері пайда болған жағдайда препаратты тоқтату керек. Псориазды емдеу кезінде аурудың өршуі, емге төзімділіктің дамуы, жайылған пустулезді псориаздың, сондай-ақ жергілікті немесе жүйелік жағымсыз реакциялардың даму қаупіне байланысты пациентті мұқият бақылау қажет. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Гидрокортизонды барбитураттармен, эпилепсияға қарсы және антигистаминдік дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда гидрокортизонның тиімділігі төмендеуі мүмкін. Парацетамол гепатоуыттылықтың даму қаупін арттыруы мүмкін. Салицилаттармен және гипогликемиялық дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда олардың тиімділігі өмендеуі мүмкін. Антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда олардың әсері күшеюі мүмкін. Жүрек гликозидтерімен және калийді үнемдемейтін диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда гипокалиемияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Анаболикалық стероидтар тіндерде сұйықтықтың іркілуін күшейтуі мүмкін. Амфотерицин В-мен бір мезгілде қолданғанда миокардтың зақымдануын және жүрек жеткіліксіздігін қоса, кардиоуытты әсерлердің даму қаупі жоғарылауы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған |
Жүктілік
| Препарат жүктілік кезінде қолдануға қарсы көрсетілген. |
Емізу
| Препарат лактация кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілген. |
Жағымсыз әсерлері
| Жағымсыз
реакциялардың жиілігін бағалау мынадай критерийлерге негізделеді: өте жиі
(≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан
<1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек
(<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін
емес). Сирек: препаратты жағу орнындағы реакциялар: гиперемия, ісіну, қышыну, ауыру; аллергиялық реакциялар, оның ішінде аллергиялық контактілі дерматит. Өте сирек: ұзақ немесе қарқынды қолданған кезде: тері атрофиясы, терінің жұқаруы, стриялар, телеангиэктазиялар, пигментацияның бұзылуы, гипертрихоз, безеу тәрізді бөртпе, розацеа; терінің қайталама инфекциялық зақымданулары; препаратты ұзақ қолданғанда, терінің үлкен аумақтарына жаққанда және/немесе окклюзиялық таңғыштарды пайдаланғанда: гипергликемия, глюкозурия, бүйрекүсті безі қыртысы функциясының қайтымды бәсеңдеуі және гиперкортицизм симптомдарын (Кушинг синдромы) қоса алғанда, глюкокортикостероидтардың жүйелік әсерлері |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер. Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен күніне 2–3 рет жағады. Аурудың резистентті ағымында, мысалы, шынтақ және тізе аймақтарындағы тығыз псориаздық түйіндақтар болған кезде, әсерін күшейту үшін шектеулі зақымданған жерлерге окклюзиялық таңғышты қолдануға болады. Окклюзиялық таңғышты қолданған кезде препаратты тәулігіне 1 рет жағады. мдеу ұзақтығы аурудың сипатына және емнің тиімділігіне байланысты және дәрігермен анықталады. Әдетте, емдеу курсы 6–14 күнді құрайды. Аурудың тұрақты ағымында емдеу ұзақтығын дәрігердің тағайындауы бойынша 20 күнге дейін ұзартуға болады. |
Балаларда қолданылуы
| 2
жастан асқан балалар. Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен күніне 2–3 рет жағады. Балаларда емдеу ұзақтығын шектеу және жылыту, бекітетін және окклюзиялық таңғыштарды қолданбау керек, өйткені олар гидрокортизонның сіңуін арттыруы мүмкін. |