A06AD15 Макрогол¹ (Macrogol)

Қарсы көрсеткіштері

Макроголға және препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; ішектің ойық-жаралық зақымдануы (оның ішінде ойық-жаралы колит, Крон ауруы); шығу тегі белгісіз іш ауыруы; ішектің ішінара немесе толық бітелуі; дегидратация; жүрек жеткіліксіздігі; тоқ ішек обыры немесе шырышты қабықтың шамадан тыс әлсізденуіне алып келетін тоқ ішектің басқа да аурулары.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Дәрігердің тағайындауынсыз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды. Егер іш қатуы іштің ауыруымен, дене қызуының көтерілуімен немесе асқазаннан қан кетумен қатар жүретін болса, тез арада дәрігерден кеңес алу керек. Егер асқазан-ішек бітелуіне немесе қан кетуге күмән болса, осы диагнозды немесе симптомды жою үшін тиісті тексеру жүргізілуі тиіс. Препараттың құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабеті бар науқастарға және гипокалориялы диета кезінде тағайындауға болады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттарды бір мезгілде ішке қабылдағанда олардың сіңуі төмендеуі мүмкін. Макрагол басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындалған жағдайда препаратты оларды қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кейінге тағайындау ұсынылады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Сирек: жоғары дозаларда қабылдағанда диарея дамуы мүмкін, ол препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 24-48 сағаттан соң басылады; іштің ауырсынуы туындауы мүмкін, әсіресе ішектің функционалды бұзылыстары бар пациенттерде.Өте сирек: бөртпе, есекжем, ісіну түріндегі аллергиялық реакциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді