D05AX52 Кальципотриол моногидраты және Бетаметазон дипропионаты (Calcipotriol, combinations)

Қолдану көрсеткіштері

Бастың шашты бөлігіндегі псориаз, тұрпайы түйіндақты псориаз (жеңіл және орташа дәрежелі).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, эритродермиялық, эксфолиативті, пустулезді псориаз, кальций метаболизмінің бұзылуымен қатар жүретін аурулар, терінің вирустық зақымданулары (ұшықты немесе желшешекті қоса), зеңдік, бактериялық және паразиттік тері инфекциялары, розацеа, қызғылт безеулер, тұрпайы безеулер, периоральді дерматит, туберкулездің терілік көріністері, тері атрофиясы, терінің ойық жаралары, тері қан тамырларының жоғары сынғыштығы, ихтиоз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Жоғары тәуліктік дозадан (15 г) асырмау ұсынылады, препаратты тоқтатқан жағдайда гиперкалциемия дамуы мүмкін, құрамында әсері күшті ГКС бар, сондықтан басқа ГКС-мен қатарлас ем жүргізу ұсынылмайды. Ұзақ қолданғанда жағымсыз реакциялар даму қаупі артады. Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емді тоқтату керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Бала емізу кезеңінде сақтықпен қолдану. Пациентке жақпамайды көкірегіне жағудың ұсынылмайтындығы туралы ақпарат беру керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қышыну. Жиі емес: тері инфекциялары (оның ішінде бактериялық, зеңдік және вирустық тері инфекциялары), фолликулиттер, көздің тітіркенуі, псориаздың өршуі, теріде күйдіру сезіну, тері тітіркенуі, дерматит, эритема, акне, тері құрғақтығы, бөртпе (эритематозды және пустулярлы), жағу орнында ауырсыну сезімі (оның ішінде жаққан орында күйдіру сезімін қоса).Сирек: асқын сезімталдық, тері стрийлері, терінің қабыршықтануы, «кері әсері».Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді