C09DA07 Телмисартан және Гидрохлортиазид (Telmisartan and diuretics)

Қолдану көрсеткіштері

Монотерапия ретінде телмисартан немесе гидрохлортиазид тиімсіз болған жағдайда эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу.Берілген кешенді дәрілік зат құрамына кіретін әр препарат туралы толық ақпарат Телмисартан (Telmisartan) және Гидрохлоротиазид¹ (Hydrochlorothiazide) монографияларында берілген.Қолдану тәсілі және дозаларыІшке, ас қабылдауға қарамастан, аз мөлшердегі сумен ішу. Ересектерге, 80 мг/12,5 мг немесе 80 мг/25 мг, тәулігіне бір рет. Телмисартанды 80 мг дозада қабылдағанда артериялық қысымның қалыпқа келуіне әкелмеген немесе бұрын телмисартан немесе гидрохлортиазидті бөлек қолданған кезде жағдайы тұрақтанған пациенттерге тағайындау керек. Емдеу басталғаннан соң 4-8 аптадан кейінгі аралықта жоғары антигипертензивті әсер дамиды. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда тағайындамау. Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету талап етілмейді.
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия
  2. Артериальная гипертензия у детей и подростков

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.