C09CA08 Олмесартан медоксомил (Olmesartan medoxomil)
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; өт жолдарының обструкциясы; қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар (ШСЖ
Қауіпсіздік шаралары
• Диуретиктермен қарқынды емдеу, тұзы шектелген диета, диарея немесе құсу салдарынан натрий және/немесе жасушааралық сұйықтық деңгейі төмендеген пациенттерде әсіресе алғашқы дозадан кейін симптоматикалық гипотензия пайда болуы мүмкін. Препаратымен емдеуді бастаудан бұрын натрий және/немесе жасушааралық сұйықтық деңгейлеріне бақылау жүргізу қажет. • Қантамырлық тонусы және бүйрек функциясы ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты болатын пациенттерде (мысалы, бүйрек артериясының тарылуын қоса есептегенде, жүректің іркілген ауыр жеткіліксіздігі бар және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде) осы жүйеге әсер ететін басқа препараттармен емдеген жағдайда бұл жедел гипотензияға, азотемияға, олигурияға немесе, сирек, бүйректің жедел жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Бүйрек артериялары екі жағында да тарылған немесе жалғыз қызмет жасап тұрған бүйректің артериясы тарылған пациенттер ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін дәрілік препараттармен ем қабылдаса, ауыр гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі бар. • Бүйрек артериялары екі жағында да тарылған немесе жалғыз қызмет жасап тұрған бүйректің артериясы тарылған пациенттер ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін дәрілік препараттармен ем қабылдаса, ауыр гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі бар. • Фатальді болуы мүмкін қауіп бүйрек жеткіліксіздігі бар егде пациенттерде және қант диабеті бар пациенттерде, қалий деңгейін арттыруы мүмкін басқа да дәрілік заттарды қатарластыра қабылдап жүрген пациенттерде және/немесе интеркуррентті аурулары бар пациенттерде артты. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін дәрілік препараттарды қатарластыра қолданудан бұрын қаупі мен пайдасына баға беру және басқа да баламаларды қарастыру қажет.Гиперкалиемия үшін мына негізгі қауіпті факторларды ескеру қажет:: диабет, бүйрек жеткіліксіздігі, жастың ұлғаюы (> 70 жас); ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін бір немесе одан да көп дәрілік препараттармен біріктіру және/немесе калийді қосу.• Кейбір дәрілік препараттар немесе дәрілік препараттардың емдік класы гиперкалиемияны тудыруы мүмкін: құрамында калий бар тұздың орнын алмастырғыштар, калий жинақтаушы диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ІІ ангиотензин рецепторының антагонистері, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ЦОГ-2 селективті тежегішін қоса есептегенде), гепарин, иммунодепрессант - циклоспорин немесе такролимус, триметоприм; интеркуррентті аурулар, атап айтқанда сусыздану, жүректің жедел жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз, бүйрек функциясының нашарлауы, бүйрек жағдайының кенеттен нашарлауы (мысалы, инфекциялық аурулар), жасушалық лизис (мысалы, аяқ-қолдардың жедел ишемиясы, қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы, ұзаққа созылған жарақат). • Қауіпті топқа жататын пациенттерде қан плазмасындағы калий деңгейін қатаң түрде бақылау керек. Қолқа және митральді қақпақша сағасының стенозы, гипертрофиялық обструктиві кардиомиопатиясы (ГОКМ) бар пациенттерді емдеген кезде сақ болу қажет. • Алғашқы альдостеронизмі бар пациенттерге ұсынылмайды.Өте сирек жағдайларда баяу типті аса жоғары сезімталдықтың оқшауланған реакциясы туындатқан болуы мүмкін салмақты едәуір жоғалтумен ауыр, созылмалы диарея препарат қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше айдан бастап бірнеше айға дейін олмесартан қабылдаған пациенттерде тіркелген•Жүректің ишемиялық ауруы немесе ишемиялық цереброваскулярлы бұзылулары бар пациенттерде артериялық қысымның шамадан тыс түсіп кетуі миокард инфарктісіне немесе инсультқа әкеп соғуы мүмкін. • Тұқым қуалаған галактозаның жақпаушылығы, Лаппа лактазаның тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс.АКФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторлары диабеттік нефропатиясы бар науқастарда бір мезгілде пайдаланылмауы тиіс• Автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқарған кезде гипертензияға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттер бас айналудың және шаршағыштықтың пайда болуы мүмкін екендігін ескергені жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Калий жинақтаушы диуретиктерді, калий қоспаларын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды немесе қан сарысуындағы калий деңгейін арттыратын басқа препараттар (мысалы, гепарин) - қан сарысуындағы калийдің жоғарылауына алып келуі мүмкін, мұндай бір мезгілде қолданылу ұсынылмайды.• Гипертензияға қарсы басқа препараттар- артериялық қысымды препарат көмегімен төмендетудің әсері бір мезгілде пайдаланғанда жоғарылай түседі.• АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары немесе алискирен - жағымсыз әсерлер жиілігі.• Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар -бірге қолдану бүйректің жедел жеткіліксіздігінің туындауына себеп болуы мүмкін, емдеудің басында пациентті жүйелі түрде гидратациялау сияқты, бүйрек функциясын бақылау да ұсынылады.• Колесевелам гидрохлориді- – өт қышқылын оқшаулататын затты бір мезгілде қолдану жүйелік әсер етудің, плазмалық концентрация шегінің төмендеуіне және олмесартан жартылай шығарылу кезеңінің азаюына әкеледі. Колесевелам гидрохлоридін қабылдауға дейін 4 сағат бұрын препаратты қабылдау керек.Литий- біріктірілімде қолданған кезде қан сарысуында литий концентрациясының және уыттылықтың жоғарылауы, біріктірілу ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ұсынылмайды (креатинин клиренсі < 20 мл / мин)
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, өт жолдарының обструкциясы кезінде ұсынылмайды
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас айналуы, бас ауыруы; бронхит, жөтел, фарингит, ринит; жүрек айнуы, іш ауыруы, диарея, диспепсия, гастроэнтерит; гематурия, несеп жолдарының инфекциялары; артрит, арқаның ауыруы, сүйектердің ауыруы; кеуденің ауыруы, қажу, жергілікті ісінулер, ауыру, тұмау тәрізді симптомдар; креатин фосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, гипертриглицеридемия, гиперурикемия; бауыр ферменттері деңгейінің, қандағы мочевинаның жоғарылауы.Жиі емес: тромбоцитопения; анафилаксиялық реакция, аллергиялық дерматит, есекжем, бөртпе; стенокардия; бөртпе; миалгияСирек: гипотензия, гиперкалиемияМаркетингтен кейінгі тәжірибеде келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланған:Өте сирек: гиперкалиемия; бас айнауы, бас ауыруы; жөтел; ауыру, жүрек айнуы, құсу, спру тәрізді энтеропатия; экзантема, бөртпе, аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі); бұлшықет құрысулары; бүйректің жедел жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы; әлсіздік, қажу, селқостық, үрейлену сияқты астениялық жағдайлар; бүйрек функциясы сынамасының қалыпсыздығы, қандағы мочевина мен қандағы креатининнің жоғарылауы; бауыр ферменттерінің жоғарылауы.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.