C09CA07 Телмисартан (Telmisartan)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия; атеротромбоз (анамнезінде: жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе перифериялық артериялардың атеросклерозы) немесе нысана- мүшелер зақымданған 2 дәрежелі қант диабетімен шақырылған,  клиникалық айқын көріністері бар  ересек пациенттердегі жүрек-қантамыр ауруларын төмендету.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Артериальная гипертензия
  4. Фибрилляция и трепетание предсердий
  5. Хроническая болезнь почек у взрослых
  6. Неалкогольная жировая болезнь печени у взрослых
  7. Цирроз печени у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, өт жолдарының обструкциялық аурулары, сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алискиренмен бірге қабылдау (ШФЖ < 60 мл/мин/1,73 м2).

Қауіпсіздік шаралары

Айқын артериялық гипотензия және бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғары болуына байланысты, бүйрек артериясының екіжақты стенозы немесе жалғыз жұмыс істейтін бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Бастапқы гиперальдостеронизмі бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды (әсерінің жауабы жоқ). Айналымдағы қан көлемі немесе натрий мөлшері төмен (диуретиктердің жоғары дозаларымен емдеу, аспен тұзды қолдануды шектеу, диарея немесе құсу нәтижесінде) пациенттерде, әсіресе телмисартанның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін клиникалық айқын артериялық гипотензияның дамуы мүмкін, осындай науқастарға бастапқы дозасын төмен тағайындаған орынды. Аортальді және митральді стенозы, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі ишемиялық кардиомиопатия немесе басқа да ишемиялық аурулары бар пациенттерде артериялық қысымды шамадан тыс төмендеткен кезде, миокард инфарктісіне немесе инсульт дамуына алып келуі мүмкін. Гипогликемия даму қаупіне байланысты, инсулин немесе диабетке қарсы прпепараттар алатын қант диабетімен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру керек. Егде жастағы адамдарда (>70 жас), бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, қант диабетінен зардап шегетін немесе бір уақытта калий деңгейін арттыратын басқа дәрілермен бірге ем қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ, интеркуррентті аурулары бар пациенттерде гиперкалиемия дамуына байланысты, өлімге әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия бойынша қауіп тобындағыларға қан сарысуындағы калий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Телмисартанды ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежейтін басқа да препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антигипертензивті дәрілік заттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил, гипотензивті  әсері бар басқа да препараттар - гипотензиялық әсердің күшеюі; Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, стероидтік емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (СЕҚҚД), циклоспорин және қандағы калий деңгейін арттыратын басқа да дәрілік заттар   - гиперкалиемия даму қаупі; Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (СЕҚҚД) - гипертензияға қарсы әсердің азаюы, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы; Диуретиктер – бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы; Литий – литий концентрациясы жоғарылауы және уыттылығының күшею мүмкіндігі; Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары (ААФИ) – ауыр жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің жоғарылауына байланысты кешенді қолдану ұсынылмайды. Ескерту: мұнда дәрі-дәрмектердің кейбір маңызды өзара әрекеттесуінің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесу туралы ұсынымдар және  қосымша ақпарат  алу үшін өзара әрекеттесу туралы ақпарат көздеріне немесе  дәрілік заттардың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің орташа және жеңіл бұзылыстарында дозасын түзету қажет етілмейді. Бүйрек қызметінің бұзылысында және бүйрек трансплантациясында сарысудағы калий және креатинин деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізу ұсынылған. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылысында немесе гемодиализдегі пациенттерде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болып табылады. Мұндай пациенттерге 20 мг бастапқы доза ұсынылады. 

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің жеңіл және орташа бұзылыстарына доза тәулігіне 40 мг 1 реттен аспауы тиіс. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Холестаз, өт жолдарының обструкциялық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы.Жиі емес: жоғарғы тынысалу жолдарының инфекциялары  (фарингит және синуситті қоса); несеп жолдарының инфекциялары; гиперкалиемия, анемия, талма,  ортостатикалық гипотензия, брадикардия, тахикардия,   бүйрек қызметінің бұзылыстары  (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса), кеуде тұсының ауыруы, тұмауға ұқсас синдром, астения.Сирек: сепсис (соның ішінде өліммен аяқталатын), эозинофилия, тромбоцитопения, анафилактикалық реакция, жоғары сезімталдық, гипогликемия (қант диабеті бар пациенттерде), депрессия, ұйқысыздық, мазасыздану сезімі, көрудің бұзылуы, демікпе, асқазан тұсындағы жайсыздық, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы, құсу, диспепсия, метеоризм, диарея, бауыр қызметінің бұзылыстары,  эритема, ангионевротикалық ісіну (соның ішінде өліммен аяқталатын), дәрілік бөртпе, уытты тері бөртпесі, экзема, есекжем, артралгиялар/миалгиялар.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.