C09CA01 Лозартан (Losartan)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, сонымен қатар протеинуриясы тәулігіне ≥ 0,5 г болатын инсулинге тәуелді қант диабеті кезінде; артериялық гипертензиясы және сол жақ қарынша гипертрофиясы бар науқастарда инсульттің даму қаупін төмендету; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (біріктірілген ем құрамында, ААФ тежегіштерімен емдеуді көтере алмағанда немесе ем тиімсіз болғанда). 2 типті қант диабеті кезінде диабеттік нефропатия.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Амилоидоз почек
  4. Диабетическая нефропатия
  5. Транзиторная ишемическая атака
  6. Аневризма брюшной аорты
  7. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  8. Артериальная гипертензия
  9. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  10. Кардиогенный отек легких
  11. Кардиомиопатия у детей
  12. Миокардиты
  13. Недостаточность митрального клапана
  14. Перипортальная кардиомиопатия
  15. Реноваскулярная гипертензия
  16. Синдром Рейно
  17. Стеноз митрального клапана
  18. Фибрилляция и трепетание предсердий
  19. Хроническая болезнь почек у взрослых
  20. Хроническая болезнь почек у детей
  21. Хроническая сердечная недостаточность
  22. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  23. Неалкогольная жировая болезнь печени у взрослых
  24. Цирроз печени у взрослых
  25. Подагрический артрит
  26. Системная красная волчанка
  27. Системная красная волчанка (педиатрия)
  28. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  29. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  30. Нефротический синдром
  31. Нефротический синдром у детей
  32. Острый нефритический синдром у детей
  33. Хронический нефритический синдром у детей
  34. Кистозная болезнь почек у детей

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; гиперкалиемия; тұқым қуалайтын галактозаны, лактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздгі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеу кезінде әсіресе егде жастағы науқастарда, қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау керек. Гиповолемия кезінде, гипотензия белгілері пайда болуы мүмкін, оны препаратпен ем жүргізуді бастар алдында немесе препараттың бастапқы дозасын азайту арқылы болдырмау керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Рифампицин және флуканазол - қан плазмасында лозартанның белсенді метаболитінің деңгейін төмендетеді.Калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттары - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), тәулігіне 3 г жоғары дозадағы ацетилсалицил қышқылы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы тежегіштері - ангиотензин II рецепторлары антогонистері тиімділігінің төмендеуі.СЕҚҚП - бүйрек қызметінің бұзылуы (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) және қан плазмасында калий деңгейінің артуы.Литий тұздары - қан плазмасында литий концентрациясы мен оның уыттылығының қайтымды артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 20-50 мл/мин) препараттың жекелей дозасын таңдаудың қажеттілігі жоқ. Орта немесе ауыр дәрежедегі (креатинин клиренсі < 20 мл/мин) бүйрек жеткіліксіздігі немесе гемодиализдегі науқастарға препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 25 мг.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауырлық деңгейі жеңіл және орташа бауыр қызметінің бұзылыстары бар науқастарға препараттың төмендеу дозаларын тағайындаған жөн. Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы.Жиі: бас айналуы, ұйқышылдық, жүрек қағуы, тахикардия, брадикардия, анемия, вертиго, мұрынның бітелуі, мұрынның қосалқы қойнауының қабынуы, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, диспепсиялық көріністер, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің өтуі, бел ауыруы, кеуде қуысының ауыруы, бұлшықет түйілулері, астения/шаршау, гиперкалиемия, аспартатаминотрансферазалар және аланинаминотрансферазалар (АСТ, АЛТ) деңгейінің артуы, қан сарысуындағы креатинин немесе қалдық азот және мочевина деңгейінің артуы.Жиі емес: эозинофилия, құлақтағы шуыл, ортостатикалық гипотензия, мұрыннан қан кету, іш қатуы, тері бөртпелері, фотосезімталдық, эритродермия, жалпы әлсіздік, стенокардия, жүрекше фибрилляциясы, синкопе, инсульт, шеткергі ісіну, рабдомиолиз, шеткергі нейропатия, парестезия, жадының нашарлауы, либидо/импотенция төмендеуі.Сирек: тромбоцитопения, бас сақинасы, васкулит, Шенлейн-Геноха пурпурасын қоса, жөтел, есекжем, қышыну, анафилактикалық реакциялар, тыныс жолдарының бітелуін туындататын тамақтың, тілдің ангионевротикалық ісінуі немесе беттің, еріннің ісінуі, миалгия, атралгиялар, гепатит, бауыр қызметінің бұзылысы, депрессия, гипонатриемия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.