C09BA09 Фозиноприл және Гидрохлортиазид (Fosinopril and diuretics)

Қолдану көрсеткіштері

Фозиноприлмен жүргізілетін монотерапияға жауабы жеткіліксіз пациенттердегі артериялық гипертензияда
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия
  2. Артериальная гипертензия у детей и подростков

Қарсы көрсеткіштері

- препараттың компоненттеріне немесе тиазидтерді қоса алғанда, АӨФ тежегіштері мен сульфонамид туындыларына жоғары сезімталдық
- АӨФ тежегіштерімен жүргізілген алдыңғы емдеумен байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну
- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну, оның ішінде анамнезінде, АӨФ басқа тежегіштерін қабылдағаннан кейін
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин)
- гемодиализдегі пациенттер
- бүйрек артериясының стенозы (бір бүйрегі бар пациенттерде екі жақты немесе бір жақты)
- бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай
- аортальді немесе митральді клапанның гемодинамикалық маңызды стенозы
немесе гипертрофиялық кардиомиопатия
- бастапқы гиперальдостеронизм
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (коматоз алдындағы жай-күй /
бауыр комасы)
- электролиттік теңгерімнің клиникалық маңызды бұзылулары
(гиперкальциемия, гипонатриемия, гипокалиемия)
- қант диабетінің ауыр түрлері
- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі
- анурия
- подагра
- қант диабетімен ауыратын немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2)
- сакубитрилмен/валсартанмен бір мезгілде қабылдау
- жүктілік, лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қауіпсіздік шаралары

Егер науқаста көрудің төмендеуін немесе көздің ауырсынуы болса, бұл препаратты қабылдау басталған сәттен бастап бірнеше сағат бойынан бір аптаға дейін байқалуы мүмкін, көздің тамырлы қабығында сұйықтықтың жиналу (хориоидальді жалқық) немесе көз қысымының жоғарылау симптомдары болуы мүмкін. Емдеу болмаған кезде көру қабілетінің қайтымсыз жоғалуы мүмкін. Егер науқаста бұрын пенициллинге немесе сульфонамидке аллергиялық реакция болса, сізде хориоидальді жалқықтың пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Литий
АӨФ тежегіштерін және литий бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы литий деңгейінің уақытша жоғарылауына және литиймен уыттануға әкелуі мүмкін. Тиазидті диуретиктермен біріктіру литийдің уыттылығын анықтау қаупін арттыруы немесе АӨФ тежегіштерін қабылдаумен байланысты бұрыннан бар литиймен уыттануды қиындатуы мүмкін. Фозиноприл мен литийді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, алайда егер мұндай біріктірілім қажет болса, қан сарысуындағы литий деңгейін қатаң бақылау керек.
Баклофен
Гипотензивті әсердің жоғарылауы.
Триметоприм
АӨФ тежегіштері мен тиазидтерді триметоприммен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның даму қаупін арттырады.
Қарастырылатын біріктірілімдер
Амифостин
Трициклді антидепрессанттар / нейролептиктер / анестетиктер
Белгілі бір анестетикалық препараттарды, трициклді антидепрессанттарды және нейролептиктерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның кейіннен төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Фозиноприлді/гидрохлоротиазидті креатинин клиренсі бар пациенттерде 30-80 мл/мин, жекелеген компоненттердің дозасын түзету нәтижесінде біріктірілген препараттың құрамындағы дозаларды қолдану қажеттігі айқын болмайынша қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген (прекоматозды жағдай).

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

гипергликемия, глюкозурия, гиперурикемия, электролиттік теңгерімсіздік (гипонатриемияны қоса), холестерин мен триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы
- бас айналуы, бас ауыру
- тахикардия, жүрек соғуы
- гипотония, ортостатикалық гипотензия
- жөтел
- жүрек айнуы, асқазанның тітіркенуі, құсу, диарея, іш қату, панкреатит
- бөртпе, ангионевроздық ісіну, дерматит
- кеуденің ауыруы, әлсіздік
- сілтілі фосфатаза, билирубин, ЛДГ және трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- креатинин, мочевина, несеп қышқылы деңгейінің қайтымды ұлғаюы

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Әдеттегі доза–тәулігіне 1 рет 1 таблетка.
Ішке, таңертең, тамақтану уақытына қарамастан, жеткілікті мөлшерде сұйықтық іше отырып, қабылданады. Дозаны жеке таңдау керек.

Балаларда қолданылуы

Фозиноприлдің /гидрохлоротиазидтің тіркелген дозалар біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде анықталмаған.