C09BA01 Каптоприл және Гидрохлоротиазид (Captopril and Diuretics)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия.
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия
  2. Артериальная гипертензия у детей и подростков

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне, немесе АӨФ басқа тежегіштеріне, немесе басқа да сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық:
- мұның алдында АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты анамнезде ангионевроздық ісінудің болуы;
- тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну;
- бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясы стенозы азотемияның өршуімен;
- қолқа арнасының стенозы;
- артериялық гипотензия;
- бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай;
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз);
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер;
- ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір уақытта қолдану;

Қауіпсіздік шаралары

Гипертензияға қарсы басқа препараттарды қолданған кездегідей, препаратты қабылдаған кезде жүректің ишемиялық ауруы немесе ишемиялық цереброваскулярлы ауруы бар пациенттерде артериялық қысым шамадан тыс төмендеуі мүмкін, ол миокард инфарктісі немесе инсульт қаупін арттыруы мүмкін. Артериялық гипотензия пайда болған жағдайда пациент шалқасынан жатқызылуы тиіс. Айналымдағы қан көлемін вена ішіне тұзды ерітінділерді енгізу арқылы алмастыру қажет етілуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Литий: АӨФ тежегіштерін литий тұздарымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында литий концентрациясының артуына, литийдің бүйректік клиренсінің төмендеуіне және литий препараттарының уыттылық әсерлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер: қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) және АӨФ тежегіштері қан сарысуында калийдің артуына қатысты аддитивтік әсер білдіреді, сол кезде бүйрек функциясын төмендетуі мүмкін. Бұл әсерлер, негізінен, қайтымды. Сирек жағдайларда, әсіресе бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар пациенттерде: егде жастағы немесе сусыздану орын алған пациенттерде бүйректің жедел жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. ҚҚСД ұзақ уақыт бойы қолдану АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. ҚҚСД қолдану тиазидтік диуретиктердің диуретикалық, натрийуретикалық және гипертензияға қарсы әсерін азайтуы мүмкін.
Антидеполяризациялайтын миорелаксанттар, кіріспе наркозға арналған препараттар және хирургияда қолданылатын жалпы анестетиктер. Осы препараттардың әсері гидрохлоротиазидпен күшеюі мүмкін. Хирургиялық операцияны жасағанға дейін дозаны және су-тұз теңгерімін түзету қажет болуы мүмкін. препаратымен емдеуді хирургиялық операциядан бір апта бұрын тоқтатқан жөн.
Алкоголь, барбитураттар және есірткілік дәрілер ортостатикалық гипотензияны күшейтуі мүмкін.
МАО тежегіштерімен біріктіру гипотензивтік әсердің айқындылығын күшейтеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінде, креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден 80 мл-ге дейін болғанда бастапқы доза әдетте тәулігіне бір рет таңертең 25/12.5 мг құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

АӨФ тежегіштері холестаздық сарғаюды немесе фульминантты гепатоцеллюлярлы некрозға соқтыратын, кейде фатальді жағдаймен аяқталатын гепатитті өте сирек тудырады. Бұл асқынулардың механизмі белгісіз. Сарғаю пайда болатын немесе бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылайтын пациенттер препарат қабылдауды тоқтатқаны және тиісті ем қабылдағаны жөн.

Жүктілік

АӨФ тежегіштерін жүктілікте қолдануға болмайды. АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген және жүкті болуды жоспарлап жүрген пациенттерге жүктілік кезеңінде пайдалану үшін қауіпсіздік бейіні анықталған гипертензияға қарсы баламалы дәрілерді тағайындау қажет. Егер жүктілік анықталса, АӨФ тежегіштерімен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс және, егер қажет болса, баламалы ем басталуы тиіс.

Емізу

Емшек сүтімен бөлінеді, сақ болыңыз.

Жағымсыз әсерлері

ұйқының бұзылуы;
дәмнің бұзылуы, бас айналу;
тітіркендіргіш өнімсіз құрғақ жөтел;
ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, абдоминальді ауыру, диарея, іш қату;
бөртпелі немесе бөртпесіз қышыну, тері бөртпесі, алопеция;
сиалоаденит;
лейкопения, нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, сүйек кемігі функцциясының тежелуі;
анорексия, гипергликемия, глюкозурия, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, гипонатриемияны және гипокалиемияны қоса есептегенде, холестериннің және триглицеридтердің жоғарылауы;
мазасыздық, депрессия, ұйқының бұзылуы;
тәбеттің жоғалуы, парестезия, жеңіл бас айналу;
ксантопсия, көрудің транзиторлы бұлдырауы;
вертиго;
постуральді гипотензия, жүрек аритмиялары;
некроздайтын ангиит (васкулит, тері васкулиті);
респираторлы дистресс-синдром, пневмонитті және өкпе ісінуін қоса есептегенде;
асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, диарея, іш қату, панкреатит;
сарғаю (бауырішілік холестаздық сарғаю);

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Дозалар аурудың клиникалық көрінісіне қарай әр адамға жекелей таңдап алынуы тиіс.
Монотерапиядан осы бекітілген біріктіруге ауысу клиникалық тұрғыдан негізделген жағдайда бастапқы дозасы ½ таблетка, тәулігіне 1 рет, таңертең. Әрі қарай қажет болғанда доза тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттырылуы, немесе тиімді ең төменгі дозаға дейін төмендетілуі мүмкін. Таблетканы тамақ ішуге байланыссыз қабылдаған жөн. Күтілетін емдік әсер ем басталғаннан кейін 6-8 аптадан соң толық білінеді. Егер дозаны өте тез өзгерту қажет етілмесе, дозаны түзетуді 6 апталық аралықпен жүргізген жөн.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.