C09AA09 Фозиноприл¹ (Fosinopril)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (кешенді ем құрамында).
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Диабетическая нефропатия
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Кардиомиопатия у детей
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Хроническая сердечная недостаточность
- Пневмокониоз
- Системная красная волчанка
- Системная красная волчанка (педиатрия)
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Изолированная протеинурия (педиатрия)
- Инфекция мочевой системы у детей
- Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
- Нефротический синдром
- Нефротический синдром у детей
- Острый нефритический синдром у детей
- Рецидивирующая и устойчивая гематурия у детей
- Хронический нефритический синдром у детей
- Кистозная болезнь почек у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне немесе АӨФ тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға; тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық, соның ішінде, анамнездегі, басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі ангионевроздық ісіну; кардиогендік шок; бүйрек артериясының стенозы (пациенттерде екі жақты немесе бір жақты жалғыз бүйрекпен); сакубитрил/валсартанмен бір мезгілде қабылдау; қант диабеті және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы (шумақтық сүзіліс жылдамдығы < 60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде алискиренмен және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану; ангионевроздық ісінудің даму қаупі жоғарылығына байланысты, бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану; анурия; подагра; электролиттер теңгерімінің айқын бұзылулары; жүктілік, лактация кезеңі; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Қауіпсіздік шаралары
Қант диабеті (қандағы қант деңгейін бақылау); ангиотензин айналдырушы фермент тежегіштерін (ААФТ) калийді сақтайтын диуретиктер, калий қоспалары, калийден тұратын тұз алмастырғыштарымен немесе сарысулық калий деңгейін жоғарылататын басқа да препараттармен бірге қолдану (гиперкалиемия қаупі, әсіресе бүйрек қызметі бұзылғанда және қант диабетінде, сарысудағы калий деңгейін бақылау қажет), гипонатриемия (дегидратация, артериялық гипотензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі); тұз тапшылығы және/немесе гиповолемия, құрамында тұзы аз немесе тұзсыз диета кезінде; гиперкалиемия; қолқа стенозы (гипотензиялар қаупі); митральді қақпақша стенозы және сол жақ қарынша ағынының обструкциясы кезінде; бүйректі алмастырудан кейінгі жағдай; десенсибилизациялауда; дәнекер тіннің жүйелік аурулары (жүйелік қызыл жегі, склеродермия) (нейтропения/агранулоцитоздың даму қаупі артады); цереброваскулярлы аурулар (оның ішінде мидағы қанайналым жеткіліксіздігі); жүректің ишемиялық ауруы; NYHA жіктеуі бойынша III-IV функционалдық классқа жататын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; гипертрофиялық кардиомиопатия; ми-сүйек кемігіндегі қантүзілімінің тежелуі; подагра; айналымдағы қан көлемі төмендеуімен жүретін жағдайлар (оның ішінде диарея, құсу, диуретиктермен емдеуден кейінгі жағдай); иммунодепрессанттар, аллопуринол, прокаинамид қабылдайтын пациенттер (нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия даму қаупі, антибиотиктермен қарқынды емдеуге келмейтін ауыр инфекциялық аурулар дамыған жағдайда), инфекциялық аурулардың алғашқы белгілері пайда болуына және қандағы лейкоциттерге мониторинг жүргізу қажет. Анамнезінде Квинке ісінуі бар; жоғары гидравликалық өткізгіштік қасиеті бар жарғақшаларды (AN 69) пайдаланумен гемодиализ алатын пациенттерге сақтықпен (немесе қолдануды болдырмау) тағайындау қажет (анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін). Диализ үшін әртүрлі жарғақшаларды пайдалану немесе пациенттердің аталған тобында басқа гипертонияға қарсы препараттарды қолдануға ерекше көңіл бөлген жөн. Диуретиктермен ем алатын пациенттерге қолдануда сақ болу керек, бастапқы дозалар гипотензияны тудыруы мүмкін, әсіресе диуретиктердің жоғары дозасын қабылдайтын пациенттерде (фозиноприлмен емдеуді бастауға дейін 2-3 күн қалғанда диуретиктерді қабылдауды тоқтату қажет); реноваскулярлық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі; декстран сульфатымен төмен тығыздықты липопротеиндер аферезі кезінде; кең ауқымды операциялық араласу жасалған пациенттерге немесе гипотонияны тудыратын заттармен анестезия кезінде сақтықпен қолдану. Хирургиялық араласулар (стоматологияны қоса) кезінде анестезиолог-дәрігерді фозиноприлді қолдану туралы хабардар ету қажет. Артериялық гипертензияның ауыр ағымы немесе ілеспелі декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде фозиноприлмен емдеу стационар жағдайында басталуы тиіс. Фозиноприлмен емдеуге дейін және емдеу кезінде АҚ, бүйрек қызметін, калий концентрациясын, гемоглобин, несепнәр және креатинин мөлшерін, қандағы электролиттер және "бауыр" ферменттерінің белсенділігін, перифериялық қандағы лейкоциттер мөлшерін бақылау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Икабант - қабылдауды болдырмау (қарсы әсер).Сонаның уы - анафилактикалық реакциялар қаупінің жоғарылауы.Гипертензияға қарсы препараттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил және гипотензивті әсері бар басқа препараттар - гипотензияның күшеюі.Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, стероидты емес қабынуға қарсы заттар, циклоспорин және қандағы калий деңгейін арттыратын басқа дәрілік заттар - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) - гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Диуретиктер - бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Литий препараттары - литий концентрациясының және уыттылығының жоғарылау мүмкіндігі.Ангиотензин II антагонистері - ауыр жағымсыз әсерлер қаупінің айқын артуына байланысты, кешенді қолдану, әдетте, ұсынылмайды.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану; калий және креатинин деңгейіне мониторинг жүргізу. Протеинурияның клиникалық маңызды жағдайларында (тәулігіне 1 г астам) фозиноприлді клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы, пайда/қауіп факторлары мұқият бағаланғаннан кейін ғана тағайындайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қаз плазмасында фозиноприл концентрациясының жоғарылау қаупі мүмкін. Өте сирек жағдайларда кейде өлімге алып келетін, кенеттен бауырлық некрозға алмасатын, холестатикалық сарыауру даму қаупі мүмкін. Фозиноприлді қабылдайтын, бауыр қызметі бұзылысы бар пациенттерге сарыаурудың алғашқы белгілері пайда болған және бауыр ферменттері жоғарылаған кезде препаратты қолдануды тоқтатып, сәйкес ем жүргізу керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: гипотензия, тұрақты құрғақ жөтел; Квинке ісінуі (кейінге қалдырылған дебютпен), бөртпе, оның ішінде эритема және уытты эпидермальді некролиз (қышыма мен есекжеммен қосарласуы мүмкін), синусит, ринит, фарингит, ларингит, ентігу, диспноэ, бронх түйілуі, мұрыннан қан кету сияқты жоғары тыныс алу жолдарының симптомдары; кеуде қуысындағы ауырсыну сезімі (кардиологиялық сипаттағы емес), стоматит, глоссит, бастың ауруы, бас айналу, әлсіздік сезімі.Сирек: іштің ауруы, тәбеттің төмендеуі, дәм сезу бұзылуы, асқазан-ішек жолдары бұзылыстары (жүрек айнуы, құсу, асқазан қызметінің бұзылуы, диарея, іштің қатуы), метеоризм, бауыр қызметінің өзгеруі, холестаздық сарыауру, гепатит, бауырдың кенеттен пайда болған некрозы, бауыр жеткіліксіздігі, панкреатит, қан тарапынан бұзылыстар (әсіресе, ЖҚЖ-коллагенозы және склеродермиясы бар пациенттерде), тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолиттік анемия, гемоглобин деңгейінің уақытша жоғарылауы/төмендеуі, гематокриттің төмендеуі, эозинофилия, лимфаденопатия, сілтілі фосфотаза, билирубин, лактат-дегидрогеназа, трансаминаза деңгейінің артуы, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипогликемия, ядроға қарсы антиденелердің оң нәтижесі, ЭТЖ артуы, эозинофилия, лейкоцитоз; қан құйылуы, қан кету, перифериялық тамырлар ауруы, экхимоз; әлсіздік, парестезиялар, ұйқышылдық, естен тану, тремор, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, дезориентация, қызба, перифериялық ісіну, кенеттен болған өлім, гипергидроз, подагра, васкулит, артрит, серозит, бұлшықет сіңірінің тартылуы, бұлшықет-сүйектің ауыруы, бір аяқтың ауыруы, жарыққа жоғары сезімталдық, алопеция және жоғары сезімталдықтың басқа да реакциялары, ұйқының және көңіл-күйдің бұзылуы, миокард инфарктісі және инсульт (ЖИА немесе ми-тамыр аурулары бар пациенттерде артериялық қысымның қатты төмендеуі кезінде), тахикардия, жүрек қағысы, стенокардия, жүректің тоқтап қалуы, жүрек қағысының бұзылуы, өткізгіштік қасиетінің бұзылуы, гипертензия, шок, транзиторлық ишемия, көру қабілетінің бұзылуы, құлақтың ауыруы, құлақтың шуылдауы; бүйрек қызметінің бұзылуы, протеинурия, олигурия, қан сарысуында креатинин және несепнәр концентрациясының жоғарылауы, қайтымды жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром, дене салмағының артуы, жыныс функцияларының бұзылуы, простата қызметінің бұзылуы, пневмония, өкпенің іркілуі.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Артериялық гипертензия препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Дозасын артериялық қысым төмендеуінің динамикасына байланысты жекелей таңдау қажет. Әдеттегі дозасы күніне бір рет 10-нан 40 мг дейінді құрайды. Жеткілікті гипотензиялық әсері болмаған жағдайда, қосымша диуретиктерді тағайындауға болады.
Қазіргі уақытта диуретиктерді қабылдап жүрген, артериялық гипертензиясы бар (немесе айналымдағы сұйықтық көлемі төмендеген) пациенттер:
Шамадан тыс гипотензиялық жауап қаупін азайту үшін диуретикті препаратпен емдеу басталғанға дейін бірнеше күн бұрын тоқтату керек.
Егер 4 апта емдеуден кейін артериялық қысым жеткіліксіз бақыланса, диуретиктерді қабылдау қайта басталуы мүмкін. Балама ретінде, егер диуретикалық емді тоқтату мүмкін болмаса, онда препараттың бастапқы дозасы бірнеше сағат бойы мұқият дәрігерлік бақылаумен және артериялық қысым тұрақтанғанға дейін 10 мг-ден аспауы тиіс.
Жүрек жеткіліксіздігінде ұсынылатын бастапқы дозасы күніне бір рет 10 мг құрайды. Егер препараттың бастапқы дозасы жақсы көтерілетін болса, дозаны клиникалық жауабына байланысты күніне бір рет 40 мг дейінгі апталық аралықпен титрлеуге болады.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.