C09AA05 Рамиприл¹ (Ramipril)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі (қосымша ем); жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері бар пациенттердегі миокард инфарктісінен кейін; ең кемінде, бір кардиоваскулярлық қауіп факторы бар айқын атеротромботикалық кардиоваскулярлық аурулары немесе қант диабеті бар жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу; нефропатия.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Амилоидоз почек
  4. Болезнь Фабри
  5. Диабетическая нефропатия
  6. Первичный гиперальдостеронизм
  7. Транзиторная ишемическая атака
  8. Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
  9. Аневризма брюшной аорты
  10. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  11. Артериальная гипертензия
  12. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  13. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  14. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  15. Кардиогенный отек легких
  16. Кардиомиопатия у детей
  17. Миокардиты
  18. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  19. Перипортальная кардиомиопатия
  20. Реноваскулярная гипертензия
  21. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  22. Стеноз митрального клапана
  23. Фибрилляция и трепетание предсердий
  24. Хроническая болезнь почек у взрослых
  25. Хроническая болезнь почек у детей
  26. Хроническая сердечная недостаточность
  27. Нефротический синдром

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа, препараттың басқа кез келген қосымша затына немесе басқа кез келген ААФТ аса жоғары сезімталдық; анамнезінде ангионевротикалық ісінудің болуы (тұқым қуалайтын, идиопатиялық немесе ААФТ немесе ангиотензин-II рецепторларының антагонистерін (АРА II) қабылдау аясында); жүргізу барысында қан теріс зарядталған беткейлермен жанасатын экстракорпоралдық емшаралар; гипотензиясы немесе тұрақсыз гемодинамикасы бар пациенттерге рамиприлді қабылдауға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Жедел айқындалған гипотензия және бүйрек қызметінің төмендеу қаупі бар, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігі жоғары пациенттерде сақтықпен қолдану. Артериялық қысым деңгейін бақылаумен медициналық бақылауды қажет ететін ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің елеулі белсенділігі келесі пациенттерде күтілуі мүмкін: ауыр гипертензиясы бар; қарыншалардағы ішкі және сыртқы ағынды гемодинамикалық тұрғыда тиісінше кедергілеу (мысалы, қолқаның немесе жүректің митральді клапанының стенозы), декомпенсацияланған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде; екінші бүйрегі жұмыс істейтін, бүйрек артериясының бір жақты стенозы бар пациенттер; сұйықтықты немесе тұзды айқын немесе жасырын жоғалтатын пациенттер (диуретиктердегі пациенттер); натрий құрамы төмен диетада, диализдегі пациенттер; бауыр циррозы және/немесе асциті бар пациенттер; ауқымды операциялық араласу жасалатын немесе анестезия барысында гипертензияны туғызатын заттар алатын пациенттер. Рамиприл алискиренмен бір мезгілде қабылданғанда ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін қосарлы бөгеу ұсынылмайды, өйткені гипотония, гиперкалиемияның жоғарылауы және бүйрек функциясының өзгеру қаупі бар. Миокард инфарктісінен кейінгі ауыспалы немесе тұрақты жүрек жеткіліксіздігі және жедел гипотензия жағдайындағы жүрек немесе церебральді ишемияның қаупі бар пациенттерде сақтықпен қолдану; ААФТ тежегіштерін, осындай мүмкіндік бар болса, хирургиялық араласуға дейін тоқтату ұсынылады. Бүйрек функциясы дозалардың талапқа сай түзетілуімен емдеу басталғанша және ем барысында, әсіресе, емдеудің алғашқы апталарында қадағалануы тиіс. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге бөлек бақылау талап етіледі. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі, атап айтқанда – іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе бүйректі ауыстырып салудан соң болады. Анамнезінде идиопатиялық немесе тұқым қуалайтын Квинке ісінуі бар пациенттерде сақтықпен қолдану (немесе қабылдауды болдырмау). ААФ тежелісі кезінде жәндіктер уларына және басқа аллергендерге анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар ықтималдығы мен ауырлығы артады. Гипосенсибилизация басталғанға дейін рамиприлді қолдануды тоқтату қажет. Гиперкалиемия кезінде (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, егде жастағы пациенттер (> 70), бақылауға келетін және бақылауға келмейтін қант диабеті бар пациенттер, калий тұздарын, калийді сақтайтын диуретиктерді және плазмадағы калий деңгейін жоғарылататын басқа белсенді заттарды қабылдап жүрген пациенттер, сусызданумен пациенттер, жүректің жедел декомпенсациясы немесе метаболиттік ацидозы бар пациенттер) сақтықпен қолдану. Қан сарысуындағы калий деңгейіне тұрақты мониторинг ұсынылады. Лейкопенияның пайда болу мүмкіндігін анықтау үшін қанның ақ жасушалары санына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады. Емдеудің бастапқы кезеңінде бүйрек қызметі бұзылған, дәнекер тіннің аурулары (жүйелік қызыл жегі, склеродермия) қосарласқан пациенттерде, және қан көрінісінің өзгеруін туындатуы мүмкін болатын басқа препараттармен ем қабылдап жүрген барлық пациенттерде анағұрлым жиі мониторинг жүргізу ұсынылған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Икабант - қолдануды болдырмау (кері әсер).Сона уы - анафилактикалық реакциялардың жоғары қаупі.Антигипертензивті препараттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил және гипотензивті әсері бар басқа препараттар - гипотензияның күшеюі.Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, циклоспорин және қандағы калий деңгейін жоғарылататын басқа дәрілер - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚП) - гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Диуретиктер - бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Литий препараттары - литий концентрациясы және уыттылығының ұлғаюы мүмкін.Ангиотензин II антагонистері - біріктіріп қолдану әдетте ұсынылмайды, өйткені, күрделі жағымсыз реакциялардың қаупі едәуір ұлғаяды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге тәуліктік доза креатинин клиренсіне негізделе отырып анықталуы керек: егер креатинин клиренсі ≥ 60 мл/мин болса, бастапқы дозаны (тәулігіне 2,5 мг) өзгерту қажет етілмейді; ең жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды; егер креатинин клиренсі 30-60 мл/мин аралығында болса, бастапқы дозаны (тәулігіне 2,5 мг) өзгерту қажет етілмейді; ең жоғары тәуліктік доза 5 мг құрайды; егер креатинин клиренсі 10-30 мл/мин болса, бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды; ең жоғары тәуліктік доза 5 мг құрайды; гемодиализде жүрген гипертензиясы бар пациенттер: рамиприл диализбен әлсіз шығарылады; бастапқы доза тәулігіне 1,25 мг құрайды; ең жоғары тәуліктік доза 5 мг құрайды. Препаратты диализ емшарасын аяқтағаннан кейін бірнеше сағаттан соң қабылдау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы бар пациенттерге ең жоғары тәуліктік доза 2,5 мг құрайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қабылдауды болдырмау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, бас айналуы; өнімсіз жөтел, бронхит, синусит, диспноэ; қабыну, ас қорытудың бұзылуы, іштің ауыруы, диспепсия, диарея, жүрек айнуы, құсу; экзантема, әсіресе макулопапулезді; бұлшықеттің түйілуі, миалгиялар; сарысулық калий деңгейінің жоғарылауы; гипотензия, ортостатикалық гипотензия, синкопе; кеуденің ауыруы, шаршау.Жиі емес: миокард ишемиясы, стенокардия немесе миокард инфарктісін, тахикардияны, аритмияны, жүрек қағысын, шеткергі ісінуді қоса; эозинофилия; бас айналуы, парестезиялар, агевзия, дисгевзия; көрудің бұзылуы, көрудің көмескіленуін қоса; мұрын бітелуі, бронх түйілуі, бронх демікпесінің өршуін қоса; панкреатит (өлім жағдайлары туралы ААФ тежегіштерін қабылдау кезінде сирек хабарланған), панкреатиттік ферменттердің жоғарылауы, аш ішектің ангионевротикалық ісінуі, эпигастриядағы ауыру, гастритті қоса, іштің қатуы, ауыздың құрғауы; бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, диурездің жоғарылауы, бар протеинурияның күшеюі, плазмадағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, плазмадағы креатинин деңгейінің жоғарылауы; ангионевротикалық ісіну; ерекше жағдайларда тұншығу өлімге алып келуі мүмкін; тері бөртпесі, жоғары тершеңдік; артралгиялар; анорексия, тәбеттің төмендеуі; құйылулар; температураның жоғарылауы; бауыр ферменттерінің және/немесе байланысқан билирубин деңгейінің жоғарылауы; транзиторлы эректильді дисфункция, либидо төмендеуі; көңіл-күйдің түсуі, үрейлілік, ашушаңдық, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдықты қоса.Сирек: лейкоцитопения (нейтропения немесе агранулоцитозды қоса), эритроцитопения, гемоглобиннің төмендеуі, тромбоцитопения; тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы; конъюнктивит; естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл; глоссит; эксфолиативті дерматит, есекжем, онихолизис; қантамырлар стенозы, гипоперфузия, васкулиттер; астения; холестатикалық сарғаю, бауыр жасушаларының зақымдануы; сананың шатасуы.Өте сирек: фотосезімталдық.Жиілігі белгісіз: сүйек кемігі қызметінің басылуы, панцитопения, гемолитикалық анемия; церебральді ишемия, ишемиялық инсультті және транзиторлы ишемиялық шабуылды қоса, психомоторлық дағдылардың бұзылуы, күйдіру сезімі, паросмия; афтозды стоматит; уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, күлдіреуік, псориаздың күшеюі, пемфигоид, лихеноидті экзантема немесе энантема, алопеция; сарысулық натрий деңгейінің төмендеуі; Рейно синдромы; анафилактикалық немесе анафилактоидты реакциялар, антинуклеарлы антидене деңгейінің жоғарылауы; жедел бауыр жеткіліксіздігі, холестатикалық немесе цитолитикалық гепатит (ерекше жағдайларда - өліммен аяқталатын); гинекомастия; зейіннің бұзылуы; антидиурездік гормонның талапқа сай емес секреция синдромы (АГТЕСС).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді