C09AA02 Эналаприл¹ (Enalapril)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия; симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі (қосымша ем ретінде); сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар пациенттердегі симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  4. Болезнь Помпе
  5. Болезнь Фабри
  6. Гемифациальный спазм
  7. Невралгия тройничного нерва
  8. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  9. Транзиторная ишемическая атака
  10. Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
  11. Аневризма брюшной аорты
  12. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  13. Артериальная гипертензия
  14. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  15. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  16. Гипертензивный криз
  17. Кардиогенный отек легких
  18. Кардиомиопатия у детей
  19. Тяжелая черепно-мозговая травма
  20. Миокардиты
  21. Миокардиты у детей
  22. Недостаточность митрального клапана
  23. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  24. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  25. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  26. Перикардиты
  27. Перипортальная кардиомиопатия
  28. Пролапс митрального клапана у детей
  29. Реноваскулярная гипертензия
  30. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  31. Стеноз митрального клапана
  32. Стеноз трикуспидального клапана
  33. Фибрилляция и трепетание предсердий
  34. Хроническая болезнь почек у взрослых
  35. Хроническая болезнь почек у детей
  36. Хроническая сердечная недостаточность
  37. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  38. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  39. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  40. Пневмокониоз
  41. Дегенеративные заболевания поясничного отдела позвоночника со спинальной нестабильностью (оперативное лечение)
  42. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
  43. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  44. Системная красная волчанка
  45. Системная красная волчанка (педиатрия)
  46. Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
  47. Ювенильный системный склероз
  48. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  49. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  50. Нефротический синдром у детей
  51. Острый нефритический синдром у детей
  52. Рецидивирующая и устойчивая гематурия у детей
  53. Хронический нефритический синдром у детей
  54. Атрезия легочной артерии
  55. Кистозная болезнь почек у детей
  56. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  57. Тетрада Фалло у детей
  58. Тотальный аномальный дренаж у детей
  59. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  60. Артериальная гипертензия у беременных
  61. Ведение живого донора почки (в послеоперационном периоде)
  62. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  63. Рак поджелудочной железы
  64. Злокачественные новообразования прямой кишки
  65. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  66. Сепсис
  67. Церебральный венозный тромбоз
  68. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  69. Злокачественные новообразования слюнных желез
  70. Рак вульвы
  71. Злокачественные новообразования гортани
  72. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  73. Злокачественные новообразования ротоглотки
  74. Злокачественные новообразования носоглотки
  75. Злокачественные новообразования полости рта
  76. Почечно-клеточный рак
  77. Повреждение вращательной манжеты плеча

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Эналаприлге, препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа ААФТ жоғары сезімталдық; алдыңғы ААФТ қабылдаумен байланысты, анамнезіндегі ангионевротикалық ісіну; тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевротикалық ісіну; қант диабеті бар адамдарға немесе егер ШСЖ 60 мл/мин/1.73 м2 төмен болса, ААФТ алискиренмен біріктіру қарсы көрсетілген; тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық; Лапп-лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; гиперкалиемия; порфирия; біріншілік гиперальдостеронизм; бүйрек артерияларының екі жакты стенозы/жалғыз бүйрек бүйректік артериясының стенозы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ағзада сұйықтықтың жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, диуретиктермен терапия, құрамында натрий деңгейі төмен диетада, диализ, іштің өтуі немесе құсу) сирек жағдайда гипотония (симптомдық) байқалады. Бүйрек жеткіліксіздігімен/онсыз жүрек жеткіліксіздігі; жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлы патология (қан қысымының мөлшерден тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе церебральді инсультке алып келуі мүмкін); қолқа немесе митральді стеноз/гипертрофиялық кардиомиопатия, сол жақ қарынша стенозы немесе қолқа стенозы бар пациенттерде (кардиогенді шок немесе гемодинамикалық негізделген обструкция кезінде қолдануды болдырмау) сақтықпен, ауыр жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек ауруларының аталған патологиясы негізінде (бүйрек артерияларының стенозын қоса) жатқан пациенттерде эналаприлді қолданумен байланысты бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары жөнінде хабарланған; бүйрек трансплантациясы (қолдану тәжірибесі жоқ, бүйрегі жуырда алмастырылған пациенттерді емдеу үшін қолдануға болмайды). Иммунодепрессанттар, аллопуринол, прокаинамидпен емделу кезінде немесе аталған бірнеше қауіп факторлары болған, соның ішінде бүйрек қызметі төмендеген (антибиотиктермен қарқынды емдеуге келмеген кейбір жағдайларда ауыр инфекциялық аурулар туындаған) коллагеноздары бар пациенттерде агранулоцитоз/нейропатияның қаупі. Лейкоциттер санына тұрақты бақылау жүргізу, кез келген инфекция белгілерінің пайда болуына мониторинг жүргізу. Бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің бұзылысы, егде жастағы адамдарда (70 жастан асқан), жүректің жедел декомпенсациясы, метаболизмдік ацидоз және калий сақтаушы диуретиктермен бір уақытта емдеу кезінде (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), калий препараттарын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды қабылдау, сондай-ақ сарысудағы калий деңгейін (мысалы, гепарин) жоғарылататын басқа дәрілік заттармен бір уақытта емдеу кезінде гиперкалиемия қаупі. Жәндіктердің шағуына қарсы арнайы иммунотерапия (десенсибилизия) тағайындалған жағдайда артериялық гипертония мен жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін ААФТ басқа дәрілік заттармен алмастыру керек. Декстран сульфатын қолданумен ТТЛП-афереза кезінде ААФТ бір мезгілде қолданғанда сирек өмірге қауіп төндіретін анафилактикалық реакциялар пайда болады. Егер ТТЛП-афереза тағайындалса, онда артериялық гипертония мен жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін ААФТ басқа дәрілік заттармен алмастыру керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Икабант - қолдануды болдырмау (қарама-қарсы әсер).Сонаның уы - анафилактикалық реакциялардың жоғары қаупі.Гипертензияға қарсы препараттар, диуретиктер, алкоголь, алпростадил және гипотензиялық әсері бар басқа препараттар - гипотензияның күшеюі.Калий препараттары, спиронолактон, амилорид, стероидты емес қабынуға қарсы заттар, циклоспорин және қандағы калий деңгейінің артуын туындататын басқа дәрілер - гиперкалиемия қаупі.Стероидты емес қабынуға қарсы заттар - антигипертензивті әсердің төмендеуі, бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Диуретиктер - бүйрек жеткіліксіздігі қаупінің жоғарылауы.Литий препараттары - литий концентрациясының және уыттылығының ұлғаюы мүмкін.Ангиотензин II антагонисттері - әдетте біріктіріп қолдану ұсынылмайды, себебі елеулі жағымсыз реакциялар қаупі едәуір артады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде (креатинин клиренсі минутына < 80 мл) эналаприлдің бастапқы дозасын пациенттің креатинин клиренсінің көрсеткішіне, ал кейін - артериялық қысымның төмендеу деңгейіне байланысты таңдайды. Креатинин және калий деңгейіне үнемі мониторинг қажет. Креатинин клиренсі 30 мл/мин жоғары болғанда бастапқы доза - күніне 5 мг, 30 мл/мин кем болғанда - күніне 2,5 мг, диализ жүргізу кезінде - диализ жүргізу күні 2,5 мг. Гемодиализ кезінде: диализ жүргізетін күні күніне 2,5 мг, диализ күндері аралығында артериялық қысымды бақылауға ала отырып, препаратты қабылдау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеу кезінде сирек күрт дамитын бауыр некрозына дейін алып келетін холестатикалық сарғаю байқалуы мүмкін (кейде өліммен аяқталатын). Бауыр жеткіліксіздігі симптомдары пайда болған кезде (сарғаю немесе бауыр ферменттері деңгейінің айқын жоғарылауы) ААФТ тоқтату және сәйкес емдеу жүргізу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жөтел, кеуде қуысының ауыруы; бас айналуы, жүрек айнуы; көрудің бұлыңғырлануы түріндегі көрудің бұзылуы; гипотония, естен тану, бас ауыруы, депрессия, астения; ентігу; тахикардия, аритмия, стенокардия, дәм сезінудің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея; тері бөртпесі (соның ішінде эритема және уытты эпидермальді некролиз), Квинке ісінуі, фотосезімталдық; гиперкалиемия, гипонатриемия; қандағы креатинин және мочевина концентрациясының жоғарылауы; сирегірек жүрек қағуы, миокард инфарктісі немесе церебральді инсульт; ортостатикалық гипотония; сананың шатасуы, ұйқышылдық, ашушаңдық, парестезия, түс көру сипатының өзгеруі, ұйқының бұзылуы; ішектің бітелуі, анорексия, ауыздың құрғауы, асқазанның ойық жара ауруы, құсу, диспепсия, панкреатит, бауыр жеткіліксіздігі, гепатит (гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық), холестаз, сарғаю, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия; анемия (апластикалық және гемолитикалық анемияны қоса); ринорея, тамақтың ауыруы және қарлығуы, бронх түйілуі/демікпе; тершеңдік; есекжем, алопеция; бүйрек қызметінің бұзылуы, қайтымды жедел бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия; бұлшықеттік құрысулар; құлақтағы шуыл; Рейно синдромы, өкпелік инфильтраттар, аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония, стоматит, глоссит, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, күлдіреуік, гинекомастия, импотенция; конъюнктивит, қызару; нейтропения, гемоглобин және гематокриттің төмендеуі, тромбоцитопения, агранулоцитоз, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, панцитопения, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аутоиммунды аурулар.Өте сирек: асқазан-ішектік ангионевротикалық ісіну; Пархон синдромы (антидиуретикалық гормон секрециясының адекватты емес синдромы).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді