C09AA01 Каптоприл¹ (Captopril)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (кешенді ем құрамында).      Миокард инфарктісі басталғаннан 24 сағаттан кейін клиникалық тұрақты нәтижеде пациентті қысқа уақытта емдеу. Симптомсыз сол жақ қарынша қызметінің бұзылысы бар клиникалық тұрақты пациенттердің миокард инфактісінен кейінгі симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің алдын алу (инфарктен 3- 16 күннен кейін басталады) (мұқият медициналық бақылаумен). 1 - ші типті қант диабетіндегі диабеттік нефропатия. 
    Клинические протоколы:
  1. Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
  2. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  3. Гемолитическая анемия у детей
  4. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  5. Артериальная гипертензия у беременных
  6. Иммунная тромбоцитопения у детей
  7. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  8. Болезнь Помпе
  9. Мукополисахаридозы у детей
  10. Транзиторная ишемическая атака
  11. Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
  12. Артериальная гипертензия
  13. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  14. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  15. Гипертензивный криз
  16. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  17. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  18. Кардиогенный отек легких
  19. Кардиомиопатия у детей
  20. Миокардиты
  21. Миокардиты у детей
  22. Недостаточность митрального клапана
  23. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  24. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  25. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  26. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  27. Перикардиты
  28. Перипортальная кардиомиопатия
  29. Пролапс митрального клапана у детей
  30. Стеноз митрального клапана
  31. Стеноз трикуспидального клапана
  32. Фибрилляция и трепетание предсердий
  33. Хроническая болезнь почек у взрослых
  34. Хроническая болезнь почек у детей
  35. Хроническая сердечная недостаточность
  36. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  37. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  38. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  39. Системная красная волчанка (педиатрия)
  40. Системная склеродермия
  41. Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
  42. Ювенильный системный склероз
  43. Нефротический синдром у детей
  44. Атрезия легочной артерии
  45. Врожденный гидронефроз у детей
  46. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  47. Тетрада Фалло у детей
  48. Тотальный аномальный дренаж у детей
  49. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей

Қарсы көрсеткіштері

Каптоприлге немесе анамнезінде басқа ангиотензин айналдырушы фермент тежегішіне асқын сезімталдық, препараттың кез келген компонентіне асқын сезімталдық, анамнезінде ААФ тежегішімен алдыңғы емдеумен астасқан қантамырлық ісіну, тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевротикалық ісіну.

Қауіпсіздік шаралары

Аутоиммундық аурулары бар пациенттерде, натрий көлемі және/немесе мөлшері төмендеген артериялық гипертензиясы бар, сол жақ қарынша клапаны мен сол жақ қарынша шығару жолының обструкциясы бар, аллопуринол және прокаинамидпен ем алатын иммуносупрессорлық терапиядағы коллагенозы бар пациенттерге немесе, әсіресе, бүйрек функциясының төмендеуіне бейім болып келетін пациенттерде осы факторлардың бірігуінде сақтықпен пайдалану қажет. Каптоприл құрамында лактоза бар болғандықтан, оны туа біткен галактоземия, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы немесе лактазаның жеткіліксіздік синдромы кезінде тағайындауға болмайды. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

ААФ тежегіштері - диуретиктерден болатын калий жоғалуын төмендетеді.Калий жинақтаушы диуретиктер (спиронолактон, триамтерен, амилорид), калий препараттары және құрамында калий бар тұз алмастырғыштар- қан плазмасында калий мөлшерінің едәуір көбеюіне әкелуі мүмкін.Ілмекті немесе тиазидті диуретиктер- әсіресе, диуретиктің алғашқы дозасынан кейін айқын гипотензияның, гипокалиемияның, бүйрек функциясы бұзылуының даму қаупі артады.Литий - литий концентрациясы мен уыттылығы артады.Тиазидті диуретиктер- литий мен ААФ тежегіштерін біріктіргенде орын алған уыттанудың даму қаупін өршітеді.Кейбір анестетиктер, үш циклды антидепрессанттар мен психозға қарсы препараттар-  гипотензиялық әсерді күшейтеді.Аллопуринол, прокаинамид, жүйелі кортикоидтар, цитостатикалық немесе иммуносупрессиялық препараттардың жоғары дозаларымен - лейкопенияның даму қаупі артады.СЕҚҚП - каптоприлдің гипертензияға қарсы әсері төмендейді, бүйрек функциясының төмендеуі, соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы, әсіресе, бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде қан плазмасында калий концентрациясының көбею қаупі артады.Симпатомиметиктер - ААФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді.Β - адреноблокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары - гипотензиялық әсерді өзара күшейтеді.Гидралазин - гипотензиялық әсерді болжанбайтын сипатта өзара күшейтеді.Азатиоприн- анемияның, лейкопенияның даму қаупі артады.Нитроглицерин - гипотензиялық және антиангинальді әсерлерді өзара күшейтеді.Орлистат - каптоприл тиімділігінің азаюына ықпал етеді, бұл АҚ көтерілуіне, гипертониялық кризге әкелуі мүмкін, миға қан құйылу жағдайы сипатталған.Интерлейкин-3, миноксидил, натрий нитропруссиді, перголид- гипертензияға қарсы әсердің күшеюі.Альфа - 2а интерферон, бета интерферон- ауыр гранулоцитопения.Триметоприм- әсіресе, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде гиперкалиемияның даму қаупі артады.Хлорпромазин - ортостатикалық гипотензияның даму қаупін арттырады.Циклоспорин- жедел бүйрек жеткіліксіздігінің, олигурияның даму қаупі артады.Диабетке қарсы препараттар (инсулин, ішуге арналған гипогликемиялық препараттар)- әсіресе, біріктірілген емнің алғашқы апталарында және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипогликемияның даму қаупімен қандағы глюкозаның қатты азаюын туындатады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде калий және креатинин деңгейін тұрақты бақылау қажет. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге және егде жастағы пациенттерге емдеудің бастапқы сатысында каптоприл артериялық қысымды және/немесе репрезентативті зертханалық көрсеткіштерді қарқынды бақылау жағдайларында ғана қолданылуы тиіс.

Жүктілік

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеу маманның бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айну, құсу, асқазанның тітіркенуі, іштің ауыруы, анорексия, диарея, іш қатуы, ауыздың кеберсуі, стоматит/афтозды ойық жаралану, глоссит, пептидті ойық жара, панкреатит, құрғақ, өнімсіз жөтел, диспноэ, бронх түйілуі, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония, кеуденің ауыруы, бөртпелі немесе онсыз қышыну, бөртпе, алопеция, ангионевроздық ісіну, уртикарлы бөртпе, Стивенс - Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, жарыққа сезімталдық, эритродермия, пемфигоидты реакция, эксфолиативті дерматит, дәм сезудің төмендеуі, бас айналу, ұйқышылдық, қажу, әлсіздік, қызба, бас ауыру, парестезия, цереброваскулярлы бұзылыстар (инсульт, естен тану), ұйқының бұзылуы, сананың шатасуы, депрессия, көрудің нашарлауы, тахикардия немесе тахиаритмия, стенокардия, гипотензия, Рейно синдромы, қызару, бозару, жүректің тоқтап қалуы, кардиогенді шок, бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия, олигурия, несеп шығарудың жиілеуі, протеинурия, нефроздық синдром, бауыр функциясының төмендеуі, холестаз, сарғаю, гепатит, бауыр жасушаларының некрозы, бауыр ферменттерінің және билирубиннің жоғарылауы, қан плазмасында калийдің жоғарылауы, натрийдің төмендеуі, мочевина қалдық азотының, сарысулық креатинин мен билирубиннің жоғарылауы, қанда гемоглобиннің, гематокриттің, лейкоциттердің, тромбоциттердің төмендеуі, антинуклеарлы антиденелерге оң титрлер, протеинурия, эозинофилия, ЭШЖ жеделдеуі, миалгия, артралгия, импотенция, гинекомастия. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.