C08DA01 Верапамил¹ (Verapamil)

Қолдану көрсеткіштері

Жүректің ишемиялық ауруы: тұрақты жүктемелік стенокардия, тұрақсыз стенокардия (үдемелі стенокардия, тыныштық стенокардиясы), вазоспазмдық стенокардия (ауытқымалы стенокардия, Принцметалл стенокардиясы), β-блокаторларды қолдану көрсетілмесе, пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінсіз, инфарктен кейінгі стенокардияда.Ырғақ бұзылыстары: қарыншаүстілік пароксизмальді тахикардия, атрио-вентрикулярлық өткізгіштігі тез болатын жүрекше фибрилляциясы/жыпылықтауы.Артериялық гипертензия.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Диабетическая нефропатия
  4. Артериальная гипертензия
  5. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  6. Гипертензивный криз
  7. Гипертрофическая кардиомиопатия
  8. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  9. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  10. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  11. Кардиомиопатия у детей
  12. Миокардиты у детей
  13. Недостаточность аортального клапана
  14. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  15. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  16. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  17. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  18. Перикардиты
  19. Пролапс митрального клапана у детей
  20. Реноваскулярная гипертензия
  21. Синдром преждевременного возбуждения желудочков
  22. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  23. Стеноз аортального клапана
  24. Стеноз митрального клапана
  25. Фибрилляция и трепетание предсердий
  26. Хроническая болезнь почек у взрослых
  27. Хроническая болезнь почек у детей
  28. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  29. Пневмокониоз
  30. Системная красная волчанка
  31. Криз отторжения почечного трансплантата
  32. Хроническая трансплантационная нефропатия
  33. Артериальная гипертензия у беременных
  34. Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
  35. Хроническая хромовая интоксикация
  36. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  37. Рак поджелудочной железы
  38. Злокачественные новообразования прямой кишки
  39. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Верапамилге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, кардиогенді шок, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (жұмыс істеп тұрған электрокардиостимуляторы бар пациенттерді қоспағанда), синустық түйін әлсіздік синдромы (жұмыс істеп тұрған электрокардиостимуляторы бар пациенттерді қоспағанда), шығару фракциясы 35% төмен азайтылған және/немесе өкпе артериясы сыналану қысымы 20 мм с. б. жоғары жүрек жеткіліксіздігі (егер верапамилмен емдеуге келетін, қарыншаүстілік тахикардияға қатысты жағдай екіншілік болмаған кезде ғана), Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы (WPW) немесе Лоун-Ганонг-Левин синдромы (LGL).

Қауіпсіздік шаралары

I дәрежелі AV блокада, брадикардия, артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм с. б.), идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стенозы (ИГСС) бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Нейробұлшықеттік өткізгіштік бұзылыстары (gravis миастениясы), Ламберт-Итон синдромы, үдемелі Дюшенн бұлшықеттік дистрофиясы кезінде сақтықпен қолдану керек. Верапамил қабылдауын кенеттен тоқтатуға болмайды, толық тоқтатқанша дозасын біртіндеп төмендету ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Верапамилмен өзара әрекеттесу үшін тән (бірақ жалпы реакцияларға да жатады).Альфентанил - альфентанил концентрациясының жоғарылауы мүмкін (жағымсыз реакциялардың мониторингі қажет).Амиодарон - брадикардия және миокард депрессиясының даму қаупі (миокард жиырылуының тежелуі).Аторвастатин - концентрациясының жоғарылауы (миопатияның даму қаупі, статин дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек). Бета-блокаторлар - ауыр артериялық гипотония және жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі (әдеттегідей, бір уақытта тағайындауды болдырмау керек).Аритмияға қарсы, мысалы, флекаинид - миокард жиырылуының тежелу қаупі. Жалпы анестетиктер - гипотония даму қаупі және миокард жиырылуының тежелуі;Афатаниб, атазанавир, аванафил, бозутиниб, такролимус, леналидомид - концентрациясы жоғарылауы мүмкін.Циклоспорин, дигоксин, дабигатран, иврадибин (Ivradibine - тағайындауды болдырмау!) - қандағы концентрациясы жоғарылайды  (дәрілік заттардың концентрациясына мониторинг жүргізу).Карбамазепин - карбамазепин әсері артады.Колхицин - колхицин уыттылығының қаупі жоғарылайды.Эверолимус, сиролимус - күрделі әсерлер (дәрілік препараттардың нұсқаулығын мұқият оқыңыз).Литий – нейроуыттылық дамуы мүмкін.Суксаметоний - суксаметоний әсерінің жоғарылауы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы, сақтықпен қолдану керек. Препарат гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, төменгі дозалардан бастау керек.

Жүктілік

Жүктіліктің I және II триместрлерінде қарсы көрсетілген. Жүктіліктің III триместрінде ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолдану ұсынылмайды, препарат ана сүтіне енеді. Бала емізумен бірге қолданылуы мүмкін, бірақ жаңадан туылған балаларға/сәбилерге қаупін жоққа шығаруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы, бас ауыруы, брадикардия, артериялық гипотензия, тахикардия, жүрек айнуы, іштің ауыруы, қызыл иек гиперплазиясы.Сирек: тырысулар, ашушаңдық, ұйқышылдық, экстрапирамидалық симптомдар (паркинсонизм, хореоатетоз, препаратты қабылдағаннан кейін кететін дистональді синдром), гинекомастия (егде жастағы пациенттерде ұзақ қолданған кезде, препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады), II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, бронх түйілуі, терілік қышыну, есекжем, бауырлық ферменттер жоғарылауы, Стивенс-Джонсон синдромы, эритема, гипергидроз.

Балаларда қолданылуы

Педиатрияда тек жүрек ырғағы бұзылыстары кезінде ғана қолданады. 6 жасқа дейінгі балалар: күніне 40 мг-нан 120 мг-ға дейін, 2-3 рет қабылдауға бөлу; 6 жастан 14 жасқа дейінгі балалар: күніне 80-360 мг, 2-4 рет қабылдауға бөлу. Дене салмағы 50 кг асатын балалар: ересектерге арналған көрсеткіштер бойынша және қолдану тәсіліне байланысты тағайындалады.