C08CA05 Нифедипин (Nifedipine)

Қолдану көрсеткіштері

Тұрақты ширығу стенокардиясы; вазоспазмдық стенокардия (нұсқалы стенокардия, Принцметал стенокардиясы); эссенциальді артериялық гипертензия (жоғары артериялық қысымды емдеу үшін басқа препараттармен біріктірілімінде).
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  4. Болезнь Фабри
  5. Диабетическая нефропатия
  6. Первичный гиперальдостеронизм
  7. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
  8. Синдром Гийена-Барре
  9. Транзиторная ишемическая атака
  10. Артериальная гипертензия
  11. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  12. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  13. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  14. Гипертензивный криз
  15. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  16. Легочная гипертензия
  17. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  18. Реноваскулярная гипертензия
  19. Синдром Рейно
  20. Хроническая болезнь почек у взрослых
  21. Хроническая болезнь почек у детей
  22. Ахалазия кардии
  23. Гастродуоденальный стеноз
  24. Мегаколон, долихоколон
  25. Механическая желтуха
  26. Перекрестный (overlap) синдром
  27. Системная красная волчанка (педиатрия)
  28. Ювенильная локальная склеродермия
  29. Ювенильный системный склероз
  30. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  31. Ведение детей с пересаженной почкой
  32. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  33. Криз отторжения почечного трансплантата
  34. Нефротический синдром у детей
  35. Острая почечная недостаточность у детей
  36. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  37. Хроническая трансплантационная нефропатия
  38. Хронический нефритический синдром у детей
  39. Артериальная гипертензия у беременных
  40. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  41. Многоплодная беременность
  42. Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
  43. Патология плаценты
  44. Преждевременный разрыв плодных оболочек
  45. Феохромоцитома

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық; қарыншалық тахикардия; кардиогенді шок, коллапс; миокард инфарктісінің жедел кезеңі (миокард инфарктісінен кейінгі бірінші айда); тұрақсыз стенокардия; аорта арнасының айқын стенозы; порфирия; айқын артериялық гипотензия (систолалық АҚ 90 мм с.б. төмен); айқын жүрек жеткіліксіздігі; синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қантамырлардың айтарлықтай кеңею қаупіне байланысты емдеудің басында артериялық қысымды тұрақты тексеру қажет; бауыр қызметінің кейбір көрсеткіштерінің (ASAT, ALAT) мәні жоғарылауы мүмкін; айқын жүрек жеткіліксіздігі, ми қанайналымының ауыр бұзылыстары, қант диабеті, қатерлі гипертензиясы бар науқастарға; гемодиализде жүрген (артериялық гипотензияның туындау қаупіне байланысты) науқастарға сақтықпен қолдану керек; стенокардия кезінде емдеуді бірден тоқтатқанда «тоқтату» синдромы дамуы мүмкін; ауыр гипотензия қаупіне байланысты хирургиялық араласулар кезінде препаратты қолдануды операцияға дейін 36 сағат бұрын тоқтату қажет; егде жастағы адамдарда бірден болатын перифериялық вазодилатацияға байланысты церебральды қан ағысының төмендеуі мүмкін; лактаза тапшылығы, галактоземия және глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылысы синдромында ұсынылмайды; емделу барысында грейпфрут шырынын және алкогольді қабылдаудан бас тарту қажет. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Симвастатин - миопатия артуы мүмкін (симвастатиннің дозасы күніне 2 мг аспауы тиіс және пациенттің жағдайын бақылау).Силденафил - гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін.Карбамазепин, фенобарбитал, рифампицин - кальций каналдары блокаторлары әсерінің төмендеуі мүмкін.ААФ тежегіштері, ангиотензин ІI антагонистері, алкоголь, альфа-блокаторлар, бета-блокаторлар, баклофен, диуретиктер, жалпы анестетиктер, нейролептиктер, МАОТ, трициклдік антидепрессанттар, леводопа, нитраттар және гипотензиялық әсері бар басқа препараттар - гипотензиялық әсердің күшеюі.СЕҚҚП, кортикостероидтар - антигипертензиялық әсерінің төмендеуі.Аминофиллин, теофиллин - ксантиндер концентрацияларының жоғарылау мүмкіндігі.Эритромицин, кларитромицин, ритонавир - кальций каналдары блокаторлары концентрациясының жоғарылауы.Миорелаксанттер - миорелаксанттар әсерінің күшеюі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары бар науқастарда сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің айқын бұзылыстары бар науқастарда сақтықпен қолдану. Декомпенсацияланған сатысында қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, бас ауыруы, бас айналуы, парестезия, бұлшықеттің ауыруы, бұлшықеттің құрысуы, тремор.ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: тахикардия, брадикардия, аритмия, синкопе (әдетте, емдеудің басында немесе дозаны жоғарылату кезінде), асистолия, стенокардия ұстамаларының жиілеуі, миокард инфарктісі, артериялық гипотензия.АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүректің айнуы, қыжыл, құсу, ауыздың құрғауы, диарея, іштің қатуы, абдоминальді ауыру, бауырішілік холестаз.Аса жоғары сезімталдық реакциялары: ысыну сезімі; тері бөртпесі, қышыну, тершеңдік, есекжем, фотосезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, тері жабындарының гиперемиясы.Қан тарапынан өзгерулер: бауырлық трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы; лейкопения, агранулоцитоз, анемия, сонымен қатар апластикалық, пурпура, тромбоцитопения, гипергликемия.Басқа: тыныс алудың қиындауы, көрудің жеңіл бұзылыстары.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді