C08CA01 Амлодипин¹ (Amlodipine)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия; тұрақты стенокардия және вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы).Стенокардияның алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  2. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  3. Острая почечная недостаточность у детей
  4. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  5. Кистозная болезнь почек у детей
  6. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  7. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  8. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  9. Болезнь Гиршпрунга у детей
  10. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  11. Диабетическая нефропатия
  12. Первичный гиперальдостеронизм
  13. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
  14. Гемифациальный спазм
  15. Невралгия тройничного нерва
  16. Транзиторная ишемическая атака
  17. Артериальная гипертензия
  18. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  19. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  20. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  21. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  22. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  23. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  24. Синдром Рейно
  25. Хроническая болезнь почек у взрослых
  26. Хроническая болезнь почек у детей
  27. Пневмокониоз
  28. Перекрестный (overlap) синдром
  29. Системная красная волчанка
  30. Системная склеродермия
  31. Ювенильная локальная склеродермия
  32. Ювенильный системный склероз
  33. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  34. Ведение детей с пересаженной почкой
  35. Криз отторжения почечного трансплантата
  36. Нефротический синдром у детей
  37. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  38. Острый нефритический синдром у детей
  39. Трансплантация почки
  40. Хроническая трансплантационная нефропатия
  41. Хронический нефритический синдром у детей
  42. Феохромоцитома

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (соның ішінде, басқа дигидропиридиндерге, амлодипинге немесе кез келген басқа компоненттерге); айқын артериялық гипотензия (САҚ 90 мм с.б. төмен); шок (соның ішінде кардиогенді); сол жақ қарыншаның шығару жолдарының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежедегі қолқа стенозы); жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі; лактозаны көтереалмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактозалық мальабсорбция.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық гипотензия, митральді стеноз, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, синусты түйін әлсіздігі синдромы бар науқастарда сақтықпен қолдану керек; дене салмағын бақылау және стоматологқа қаралу керек (қызылиек ауыруын, қансырауын және гиперплазиясын алдын алу үшін); стенокардия ағымының нашарлау қаупіне байланысты препаратты дереу тоқтатуды болдырмау керек; таблеткаларды гипертониялық кризде қабылдау ұсынылмайды; бала туу жасындағы әйелдер емдеу кезеңінде контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланулары тиіс; жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүрек-қантамыр асқынуларының дамуы және болашақта өлімге әкелу қаупі бар.Кардиогенді шок, тұрақсыз стенокардия, айтарлықтай қолқа стенозы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Симвастатин - миопатия асқыну мүмкіндігі (симвастатин дозасын күніне 2 мг-нан асырмау керек және пациенттің жағдайын бақылау).Силденафил - гипотензиялық әсер күшеюі мүмкін.Карбамазепин, фенобарбитал, рифампицин - кальций каналдары блокаторларының әсерін төмендетуі мүмкін.ААФ тежегіштері, ангиотензин ІI антагонистері, алкоголь, альфа-блокаторлар, бета-блокаторлар, баклофен, диуретиктер, жалпы анестетиктер, нейролептиктер, МАОТ, трициклдік антидепрессанттар, леводопа, нитраттар және гипотензиялық әсері бар басқа препараттар - гипотензиялық әсердің күшеюі. СЕҚҚП, кортикостероидтар - антигипертензиялық әсердің төмендеуі.Аминофиллин, теофиллин - ксантиндер концентрациясының жоғарылауы мүмкін.Эритромицин, кларитромицин, ритонавир - кальций каналдары блокаторларының концентрациясының жоғарылауы.Миорелаксанттар - миорелаксанттар әсерінің күшеюі мүмкіндігі.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен, дозаларын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен, дозасын баяу титрлеу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, бас айналу, шамадан тыс шаршау, ұйқышылдық, көңіл-күйдің өзгеруі, тырысулар; жүрек қағысы, аяқтың ісінуі, ентігу; жүрек айнуы, іш ауыруы; гипербилирубинемия, сары ауру, "бауырлық" трансаминаза белсенділігінің артуы, негізінен холестазға тән жағдайлар байқалған; тері қышуы, бөртпе (соның ішінде эритематозды, макулопапулезді бөртпе, есекжем), Квинке ісінуі, экзантема, эксфолиативті дерматит.Сирек: ес жоғалту, гипестезия, парестезиялар, тремор, астения, әлсіздену, ұйқысыздық, ашуланшақтық, депрессия, ерекше түстер көру, мазасыздану; атаксия, апатия, ажитация, амнезия, перифериялық нейропатия, гипертонус; ауыздың құрғауы, анорексия, құсу, іш қатуы немесе диарея, диспепсия, метеоризм, қызылиек гиперплазиясы; гастрит, тәбеттің жоғарылауы, панкреатит; Стивенс-Джонсон синдромы, фотосенсибилизация, мультиформалық эритема; зәр шығару бұзылуы, зәр шығару кезінде ауыру сезімі, жыныстық қызметтің бұзылуы (соның ішінде потенция төмендеуі); көрудің нашарлауы, конъюнктивит, диплопия, көздің ауыруы, аккомодация бұзылуы, ксерофтальмия, ксеродермия, алопеция, дерматит, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз.  Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Ішке, ас қабылдауға байланыссыз, тәуліктің белгілі бір уақытында, стакан сумен ішу. Грейпфрут шырынымен қабылдауға болмайды.Амлодипин амлодипин бесилаты ретінде артериялық гипертензияда қолданылады, 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда: ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг бір рет; егер 4 апта аралығында артериялық қысым мақсатты көрсеткішіне жетпесе, онда дозаны тәулігіне 5 мг бір ретке дейін арттырады. Назар аударыңыз! Тәулігіне 5 мг-нан асатын дозалар балаларда зерттелмеген. 6 жасқа дейінгі балаларда қолданудың деректері жоқ. Амлодипин 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді