C07AB07 Бисопролол¹ (Bisoprolol)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия).
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Болезнь Фабри
  4. Диабетическая нефропатия
  5. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
  6. Транзиторная ишемическая атака
  7. Аневризма брюшной аорты
  8. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  9. Артериальная гипертензия
  10. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  11. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  12. Гипертензивный криз
  13. Гипертрофическая кардиомиопатия
  14. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  15. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  16. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  17. Кардиогенный отек легких
  18. Миокардиты
  19. Недостаточность аортального клапана
  20. Недостаточность митрального клапана
  21. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  22. Перикардиты
  23. Реноваскулярная гипертензия
  24. Синдром преждевременного возбуждения желудочков
  25. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  26. Стеноз аортального клапана
  27. Стеноз митрального клапана
  28. Фибрилляция и трепетание предсердий
  29. Хроническая болезнь почек у взрослых
  30. Хроническая болезнь почек у детей
  31. Хроническая сердечная недостаточность
  32. Ведение детей с пересаженной почкой
  33. Криз отторжения почечного трансплантата
  34. Нефротический синдром у детей
  35. Острая почечная недостаточность у детей
  36. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  37. Трансплантация почки
  38. Хроническая трансплантационная нефропатия
  39. Артериальная гипертензия у беременных

Қарсы көрсеткіштері

Жедел жүрек жеткіліксіздігі немесе жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы; кардиогенді шок; II немесе III дәрежедегі AV-блок (жүрек ырғағының ынталануынсыз); синустық түйіннің әлсіздік синдромы (Sick-Sinus-Syndrom); синусты-жүрекшелік блок; ем бастар алдында 60 соққы/ минутынан төмен брадикардия; гипотония ( систолалық қан қысымы 100 мм с.б-нан төмен); ауыр бронх демікпесі; шеткері артериялық қан тамырлардың тарылу ауруының кеш сатысы немесе Рейно синдромы; метаболизмдік ацидоз; бисопрололға немесе кез келген препарат компонентіне  жоғары сезімталдық;  феохромоцитома; галактозаны көтереалмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы,  галактоза-глюкозалық мальабсорбция.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеу негізінен біртіндеп кейін арттырылатын, төменгі дозалардан басталуы керек. Барлық жағдайларда доза тамыр соғысын және терапевтикалық әсері ескеріле отырып, жекелей таңдалады. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде, препаратпен емдеуді дереу тоқтатуға болмайды, себебі бұл пациенттің денсаулық жағдайының жедел нашарлауына алып келуі мүмкін. Егер емдеуді тоқтата тұру қажет болса, онда дозасы біртіндеп азайтылуы тиіс (мысалы, аптасына бір рет дозаны екі есе төмендету). Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану: тамырлық түйілуге байланысты коронарлы тамырларда қан ағысының бұзылыстары (Принцметал стенокардиясы); артериялардың перифериялық окклюзионды зақымдануларында; псориаздан зардап шегетін, немесе анамнезінде псориазы бар пациенттерге. Феохромоцитомада бисопролол альфа- рецепторлардың блокадасынан кейін ғана енгізілуі тиіс. Препаратты қолдану кезінде тиреотоксикоз симптомдары байқалмауы мүмкін. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштері, флоктафенин және сультоприд - бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! I класс аритмияға қарсы заттар (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон) - теріс инотропты әсерінің жоғарылауы. Трициклдік антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер, басқа да гипертензияға қарсы заттар - гипотензивті әсерінің күшеюі. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар - бисопрололдың гипотензивті әсерінің төмендеуі. Инсулин, пероральді диабетке қарсы заттар -  қант деңгейін төмендететін әсерінің күшеюі. Жүрек гликозидтері - жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі, атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді, креатинин клиренсі 20 мл/ мин төмен болғанда жоғары тәуліктік доза 10 мг құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауырлығы жеңіл немесе орташа жағдайында дозасын түзету талап етілмейді, ауыр бұзылыстарында жоғары тәуліктік доза- 10 мг.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан: жиі шаршағыштық, әлсіздік, бас айналудың сезінуі, бас ауыруы (әсіресе емдеу басында), ұйқының бұзылысы, депрессия; сирек қорқынышты түстер көру, галлюцинациялар, естудің бұзылысы.Тынысалу жүйесі тарапынан: жиі бронх демікпесі немесе анамнезінде тынысалу жолдарының обструктивті аурулары бар пациенттердегі бронх түйілуі.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі брадикардия, AV-өткізгіштігінің бұзылысы, жүрек қызметінің нашарлауы, ортостатикалық гипотония; Рейно синдромы, бұрын болған қайталанатын ақсақтықтың күшеюі.АІЖ тарапынан: жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, іштің қатуы; сирек гепатит.Жоғары сезімталдық реакциялары: сирек аллергиялық ринит, емдеу аяқталғаннан кейін қайтатын, жегі синдромы сияқты ерекше клиникалық симптомдармен антинуклеарлық антиденелердің пайда болуы.Қан тарапынан өзгерістер: бауырлық ферменттер (АлАТ, AсАT), триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, гипогликемия.Көру жүйесі тарапынан: жас ағудың төмендеуі (егер пациент жанаспалы линзалар тағатын болса ескеру керек), конъюнктивит.Тері тарапынан: псориаз немесе псориазға ұқсас экзантема тудыруы, шаштың түсуі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған.