C07AB03 Атенолол (Atenolol)

Қолдану көрсеткіштері

25 мг:
- функционалдық кардиоваскулярлық бұзылуларда (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары)
50 мг:
- артериялық гипертензия
- стенокардия
- жүрек ырғағының бұзылуы: синустық тахикардия, қарыншаүстілік тахиаритмия профилактикасы, жыпылықтайтын тахиаритмия, жүрекшенің дірілдеуі
    Клинические протоколы:
  1. Тиреотоксикоз у детей
  2. Тиреотоксикоз у взрослых
  3. Апластическая анемия у детей
  4. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  5. Кистозная болезнь почек у детей
  6. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  7. Гипертрофическая кардиомиопатия
  8. Недостаточность митрального клапана
  9. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  10. Стеноз митрального клапана
  11. Хронический нефритический синдром у детей
  12. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  13. Ведение детей с пересаженной почкой
  14. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  15. Нефротический синдром у детей
  16. Острая почечная недостаточность у детей
  17. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  18. Феохромоцитома

Қарсы көрсеткіштері

атенололға, басқа бета-адреноблокаторларға немесе басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- жедел жүрек жеткіліксіздігі
- кардиогенді шок
- II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- синустық түйіннің әлсіздік синдромы
- синоатриялық блокада
- синустық брадикардия (емдеуді бастар алдындағы тамырдың минутына 50-ден аз соғуы)
- артериялық гипотония (систола қысымы сын. бағ. 90 мм аз)
- метаболизмдік ацидоз
- бронх демікпесі
- емделмеген феохромоцитома
- шеткері қан айналымы бұзылуының кешеуілдеген сатылары
- моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (МАО-В тежегіштері бұған қосылмайды)
- верапамил және дилтиазем, немесе басқа антиаритмитиктер сияқты, кальций өзекшелерінің блокаторларын (мысалы, дизопирамид) бір мезгілде вена ішіне енгізу. Қарқынды емдеу бөлімдеріндегі науқастар бұған қосылмайды.

Қауіпсіздік шаралары

Бронхоспастикалық реакцияларға бейімділік кезінде бронхоспазмның қайталануы мүмкін; басқа бета-адреноблокаторлармен емдеу кезінде тромбоцитопениялық немесе тромбоцитопениялық емес пурпура байқалған жағдайда сақтықпен қолдану керек.
Препаратты күтпеген жерден тоқтату немесе емдеудегі үзілістер стенокардия мен артериялық гипертензияның өршуімен жүректің ишемиясын тудыруы немесе тіпті миокард инфарктісін тудыруы мүмкін. Сондықтан препаратты тоқтату және дозаны төмендету баяу, сатылы түрде жүргізілуі тиіс.
Ерекше сақтықпен мына жай-күйлерде тағайындалуы тиіс:
- І дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- қандағы қант деңгейінің күшті ауытқулары бар қант диабеті (ауыр гипогликемиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі)
- діни ашығу кезінде тамақ ішпеу және ауыр дене жүктемесі (ауыр гипогликемиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі)
- феохромоцитома
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының төмендеуі (науқастардың осы санатына атенолол тағайындалған кезде бауыр және/немесе бүйректің функционалдық жағдайының динамикасын үнемі бақылау қажет)
- жеке немесе отбасылық анамнездегі псориаз, немесе манифестік псориаз
- Рейно синдромын қоса, шеткері қан айналымының бұзылуы бар науқастар

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Атенолол 25 мг, 50 мг мыналармен бір мезгілде қолданылғанда:
- гипертензияға қарсы дәрілер, диуретиктер, вазодилататорлар, үшциклді антидепресанттар, барбитураттар, фенотиазиндермен атенололдың гипотензиялық әсерін күшейте алады;
- аритмияға қарсы дәрілермен – атенололдың гипотензиялық әсері жоғарылайды;
- кальций өзекшелерінің блокаторлары (верапамил және дилтиазем түрі) немесе басқа антиаритмиктермен (мысалы, дизопирамид) артериялық гипотензия, брадикардия және жүрек ырғағының басқа бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал (пациенттер мониторингтеуден өтуге тиіс). Кальций антагонистері атенолол қабылдауды тоқтатқаннан кейін 48 сағаттан соң тағайындалуға тиіс;
- кальций өзекшелерінің блокаторларымен (нифедипин түрі) гипотензиялық әсердің күшеюінен басқа, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы ықтимал;
- жүрек гликозидтері, резерпин, альфа-метилдоп, гуанфацин және клонидинмен жүрек өткізгіштігінің кейінге шегерілуі нәтижесінде айқын брадикардия пайда болуы мүмкін;
- 1 класты аритмияға қарсы дәрілер (дизопирамид) және амиодаронмен - антриовентрикулярлық өткізгіштік уақытының ұзаруы және теріс инотропты әсердің дамуы ықтимал;
- клонидинмен – клонидинді атенололмен емдеу қысқартылғаннан кейін бірнеше күннен соң ғана тоқтатуға болады.
- ішу арқылы қабылданатын қант төмендеткіштер немесе инсулинмен атенололдың гипотензиялық әсері жоғарылайды; бұл орайда гипогликемия белгілері (әсіресе тахикардия мен тремор) бүркемеленуі немесе жоғалуы мүмкін. Сондықтан қандағы қантты ұдайы жүргізу қажет;
- норэпинефрин және эпинефринмен артериялық қысымның көтерілуі мүмкін;
- индометацин, ибупрофенмен атенололдың гипотензиялық әсері төмендейді;
- есірткілік дәрілер және анестетиктермен гипотензиялық әсер күшейеді; бұл орайда екі заттың да аддитивті, теріс инотропты әсері көрініс береді;
- шеткері миорелаксанттармен (мысалы, суксаметоний, тубокурарин) жүйке-бұлшықет блокадасының күшеюі білінеді. Сондықтан наркозбен қатар жүргізілетін операция алдында анестезиолог науқастың атенололды қабылдайтынынан хабардар болуы тиіс;
- эуфиллин және теофиллинмен емдік тиімді әсерлерін бірге бәсеңдетуге болады
- лидокаинмен оның шығарылуы азаяды және лидокаиннің уыттану әсерінің қаупі артады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Атенолол дозалары креатинин клиренсінің (КК) деңгейіне байланысты болады: 10-30 мл/мин КК кезінде дозаларды 2 есе азайтады, ал КК минутына 10 мл-ден аз болуына дейінгі дозаларды, әдеттегілерімен салыстырғанда, 4 есеге төмендетеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметін үнемі қадағалап отыру қажет.

Жүктілік

Жүктілік кезінде (әсіресе алғашқы 3 айда) пайдасы мен қаупінің арақатынасын ескере отырып, қатаң көрсетілімдер бойынша қолданылады. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Жаңа туған нәрестеде брадикардия, гипогликемия және тыныс алудың бәсеңдеуі даму қаупіне байланысты босануға дейін 24–48 сағат бұрын қолдануды тоқтату қажет.

Емізу

Ана сүтіне өтеді, сондықтан нәрестелер ерекше бақылауда болуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- брадикардия, аяқ-қолдың салқындауы
- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іш қату, іш өту.
Жиі емес
- бауыр трансаминазаларының жоғарылауы, бауырішілік холестаз, гепатит
Сирек
- жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, естен тануды туғызуы ықтимал гипотония (ортостатикалық гипотония), шеткері қантамыр жеткіліксіздігі бар науқастарда симптомдардың нашарлауы (оның ішінде мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде), Рейно синдромы.
- бас айналу, тершеңдік, көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқының бұзылуы, түнгі қорқынышты түстер
- елестеулер, психоздар, сананың шатасуы, сандырақтау, парестезия, бас ауыру, бас айналу, депрессиялық көңіл-күй, түнгі қорқынышты түстер
- пурпура, тромбоцитопения
- аллергиялық тері реакциялары (қышыну, терінің қызаруы, экзантема), шаштың түсуі
- либидоның бұзылуы, импотенция, гинекомастия
- диспноэ, бейімділігі бар науқастарда бронх обструкциясы синдромының пайда болуы мүмкін
- көрудің бұзылуы, көз жасы безі сөлінісінің азаюы, бұл әсіресе жанаспалы линзалар пайдаланатын науқастарда анықталады
- латентті қант диабетінің манифестациясы немесе ағымдағы қант диабеті бар науқастар жағдайының ауырлауы
- жалпы холестерин қалып шегінде болатын кезде тығыздығы жоғары липопротеидтер деңгейі азаяды және плазмадағы триглицеридтер деңгейі жоғарылайды
Өте сирек
- псориаз
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар
- Люпус тәрізді синдром, антинуклеарлық антидененің жоғарылауы

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Атенолол препаратының дозасын және емдеу ұзақтығын, емдік нәтижеге жетуге қарай, емдеуші дәрігер әркімге жеке белгілейді.
Функционалдық кардиоваскулярлық бұзылулар (гиперкинетикалық кардиальді синдром, артериялық қысым реттелуінің функционалдық бұзылулары)
Атенолол 25 мг 1 таблеткадан немесе Атенолол 50 мг ½ таблеткадан тәулігіне 1 рет.
Созылмалы тұрақты және тұрақсыз стенокардия
Тәулігіне 1 рет 50-100 мг атенолол (Атенолол 50 мг 1-2 таблеткасы).
Артериялық гипертензия
Емдеуді, әдетте, 50 мг атенололды бір рет қолданудан бастайды (Атенолол 50 мг 1 таблеткасы). Қажет болса, күндізгі дозаны бір аптадан соң 100 мг дейін көбейтеді (Атенолол 50 мг 2 таблеткасы).
Суправентрикулярлық (қарыншаүстілік) және вентрикулярлық {қарыншалық) аритмиялар
Атенолол 50 мг-ден тәулігіне 1-2 рет тағайындалады (Атенолол 50 мг 1-2 таблеткадан).
Атенолол 50 мг қабылдау жүректің жиырылу саны төмендеген және/немесе артериялық қысым немесе басқа асқынулар пайда болған жағдайда дереу тоқтатылуы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.