C07AB02 Метопролол¹ (Metoprolol)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия; созылмалы тұрақты стенокардия; миокард инфарктісінен кейінгі екіншілік алдын алу; жүрек ырғағының бұзылыстары (тахикардия, суправентрикулярлы аритмия); бас сақинасы ұстамаларының алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Диабетическая нефропатия
- Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
- Тиреотоксикоз у детей
- Транзиторная ишемическая атака
- Аневризма брюшной аорты
- Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
- Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
- Гипертрофическая кардиомиопатия
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Кардиомиопатия у детей
- Миокардиты
- Недостаточность аортального клапана
- Недостаточность митрального клапана
- Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Реноваскулярная гипертензия
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая сердечная недостаточность
- Хроническая сердечная недостаточность у детей
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
- Системная красная волчанка
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нефротический синдром у детей
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Коарктация аорты у детей
- Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
- Тетрада Фалло у детей
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Артериальная гипертензия
Қарсы көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық; ІІ немесе ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада; айқын дәрежелі синоатриальді блокада; декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі (өкпе ісінуі, гипотония немесе қан ағысы бұзылуы); инотропты заттармен (бета-агонисттер) мерзімдік немесе тұрақты емделуді қажет ететін пациенттер; айқын брадикардия (минутына 50 соққыдан кем); синусты түйіннің әлсіздік синдромы; кардиогенді шок; шеткергі қанайналымның айқын бұзылысы; айқын гипотония (систолалық қысым 90 мм с.б. төмен); емделмеген феохромоцитома; метаболиттік ацидоз; бронх демікпесінің немесе өкпенің созылмалы обструктивтік ауруының ауыр түрі; МАО тежегіштерін бір мезгілде қолдану (МАО-В тежегіштерін қоспағанда); жүректің жиырылу жиілігі минутына 45 соққыдан төмен болатын, QТ аралығы 0,24 сек асатын, систолалық артериялық қысым 100 мм с.б. төмен болатын жедел миокард инфарктісі; верапамил мен дилтиазем немесе кальций каналдарының ұқсас басқа блокаторларын бір мезгілде көктамыр ішіне енгізу.
Қауіпсіздік шаралары
Тынысалу жолдарының созылмалы обструктивті аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау; аллергендерге және анафилактикалық реакциялардың ауырлығына сезімталдықтың жоғарылауы мүмкін, псориаздың нашарлауы немесе дамуы, гипергликемия және гипертиреоз симптомдарының жасырылуы, өткізгіштік бұзылысы бар пациенттерде AV-блокада дамуы кезіндегі жағдайдың нашарлауы, шеткергі қанайналым бұзылуы симптомдарының асқынуы; Принцметал стенокардиясы кезінде сақтықпен; феохроматоцитома кезінде метопрололға қосымша альфа-адреноблокаторларды қолдану керек; стенокардия симптомдарының күшеюі және коронарлық бұзылыстар қаупінің жоғарылауына байланысты препаратты тоқтатуды 14 күн ішінде дозаны қысқарта отырып, біртіндеп жүргізеді.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Верапамил немесе дилтиазем сияқты кальций каналдарының блокаторлары - теріс инотропты және хронотропты әсерлердің артуы.Моноаминооксидаза тежегіштері (МАОт) - ұсынылмайды.Пероральді антиаритмиялық препараттар (хинидин және амиодарон сияқты), парасимпатомиметиктер - артериялық гипотензияның, брадикардияның, жүрекшелік-қарыншалық блокаданың дамуы.Оймақгүл гликозидтері - брадикардияның дамуы, өткізгіштіктің бұзылуы.Басқа антигипертензивті препараттар (гуанетидин, резерпин, метилдофа, клонидин, гуанфацин) - гипотензия және айқын брадикардияның дамуы.Клонидин - гипертониялық криз қаупі.Барбитураттар, транквилизаторлар, үш- және тетрациклдік антидепрессанттар, нейролептиктер және этанол - артериялық гипотензия дамуы.Ұйықтатқыш заттар - жүрек қызметінің тежелуі.Альфа- және бета-симпатомиметиктермен бір мезгілде қолдану - артериялық гипертензияның, айқын брадикардияның дамуы, жүректің тоқтау қаупі ықтимал.Эрготамин - тамыр тарылтқыш әсердің күшеюі.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (индометацин және басқа простагландин-синтаза тежегіштері) - метопрололдың гипотензивтік әсері төмендейді.Эстрогендер - метопрололдың антигипертензивтік әсерінің төмендеуі.Пероральді гипогликемиялық препараттар және инсулин - олардың әсерлерінің күшеюі; инсулин - гипогликемия даму қаупінің ұлғаюы, оның айқындылығының күшеюі мен ұзаруы, гипогликемия симптомдарының жасырылуы.Кураре тәрізді миорелаксанттар - жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді.CYP2D6 ферменттері (циметидин, кейбір гистаминге қарсы препараттар (дифенгидрамин), кейбір антиаритмиялық препараттар (амиодарон, хинидин, пропафенон), кейбір антипсихотикалық заттар (тиоридазин), кейбір СОХ-2 тежегіштері (целекоксиб), алкоголь, гидралазин, серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштері (пароксетин, флуоксетин, сертралин, эсциталопрам) - плазмадағы оның концентрациясы артуына байланысты метопролол әсерінің күшеюі.Бауырдың CYP2D6 микросомалық ферменттерінің индукторлары (рифампицин және барбитураттар) - метопрололдың қан плазмасындағы концентрациясының азаюы және әсерінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде (портоквальді шунты бар) дозасын төмендету қажет болу мүмкін.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. BRIGGS: 2 және 3 триместрінде қауіпті.
Емізу
Қарсы көрсетілген. BRIGGS: уыттылығы ықтимал.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: қажығыштық, бас айналуы, бас ауыруы; жүктеме кезінде ентігу; гипотония және ортостатикалық гипотония, өте сирек естен танумен, брадикардия, аяқ-қолдардың суынуы, жүрек қағысының күшеюі; жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея, іштің қатуы.Сирек: депрессия, зейін шоғырландырудың бұзылысы, ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, парестезия, жүйкелік қозғыштық, үрей, құрысулар, қорқыныш; бронх түйілуі; латентті қант диабетінің нашарлауы; жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеюі, І дәрежелі жүрекше-қарыншалық блокада, жүрек аймағының ауыруы, аритмия, миокард өткізгіштігінің бұзылуы, қайталанатын ақсақтық немесе Рейно ауруы симптомдарының күшеюі; құсу, ауыздың құрғауы, гепатит; тері бөртпесі, псориаз түріндегі есекжем және терінің дистрофиялық зақымдануы, тер бөлінудің күшеюі; бауыр сынамалары қызметінің өзгеруі; тромбоцитопения, лейкопения; көрудің бұзылуы, конъюнктивит, көздің құрғауы және тітіркенуі; шаштың түсуі; фотосенсибилизация, псориаздың асқынуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.