C07AA05 Пропранолол (Propranolol)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, тұрақты тыныштық және кернеу стенокардиясы, эссенциальді тремор; тиреотоксикоздың кешенді емінде, бас сақинасы ұстамаларының алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Трансплантация печени
  2. Трансплантация печени у детей
  3. Диабетическая нефропатия
  4. Тиреотоксикоз у взрослых
  5. Тиреотоксикоз у детей
  6. Феохромоцитома
  7. Синдром Гийена-Барре
  8. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  9. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  10. Гипертензивный криз
  11. Гипертрофическая кардиомиопатия
  12. Кардиомиопатия у детей
  13. Миокардиты у детей
  14. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  15. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  16. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  17. Пролапс митрального клапана у детей
  18. Хроническая болезнь почек у взрослых
  19. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  20. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  21. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  22. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
  23. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  24. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  25. Цирроз печени у взрослых
  26. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  27. Острая почечная недостаточность у детей
  28. Хроническая болезнь почек у взрослых
  29. Атрезия легочной артерии
  30. Врожденные ангиодисплазии
  31. Коарктация аорты у детей
  32. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  33. Тетрада Фалло у детей
  34. Тотальный аномальный дренаж у детей
  35. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  36. Артериальная гипертензия у беременных
  37. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  38. Феохромоцитома
  39. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  40. Рак поджелудочной железы
  41. Злокачественные новообразования прямой кишки
  42. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық, кардиогенді шок, жедел миокард инфарктісі, синустық түйін әлсіздігінің синдромы, Принцметал стенокардиясы, декомпенсацияланған қанайналым жеткіліксіздігі, жүректің жиырылу жиілігі минутына 55 төмен, толық емес немесе толық атриовентрикулярлық блокада, айқын оң және сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі, систолалық артериялық қысым 90 мм с.б. төмен, бронх демікпесі, пішен қызбасы, бронх түйілулеріне бейімділік, анамнезінде бронх түйілулерінің ұстамалары, кетоацидозбен қант диабеті, артериялық шеткергі қан ағымының бұзылуы, жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, Рейно синдромы және шеткергі қан тамырлардың басқа да тарылу аурулары, спазмдық колит, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы.

Қауіпсіздік шаралары

Жүректің жиырылу жиілігін, артериялық қысымды және электрокардиограмманы бақылау. Егде жастағы пациенттерде бүйрек қызметін бақылау ұсынылады. Егер жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 соққыдан төмен, егер систолалық артериялық қысым 100 мм сын.бағ төмен болса, егер атриовентрикулярлық блокада, бронх түйілуі, қарыншалық аритмиялар дамыса, онда емдеуді тоқтату немесе препараттың дозасын төмендету керек. Емдеу аясында көз жасы сұйықтығының өндірілуі төмендеуі мүмкін. Препаратты кенеттен тоқтату миокард ишемиясын күрт күшейтуі, стенокардия ұстамасын жеделдетуі, дене жүктемесіне толеранттылықты нашарлатуы мүмкін. Жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі жоғары қызмет түрімен айналысуда және көлік құралын басқару кезінде сақтық таныту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Диуретиктер, резерпин, гидралазин, басқа да гипотензивті заттар, этанол - гипертензияға қарсы әсердің күшеюі.Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, эстрогендер, моноаминоксидаза тежегіштері - пропранололдың гипертензияға қарсы әсерінің әлсіреуі.Циметидин - пропранолол биожетімділігінің жоғарылауы.Лидокаин - қан плазмасында лидокаин концентрациясының жоғарылауы.Теофиллин - теофиллин клиренсінің төмендеуі.Амиодарон, верапамил, дилтиазем - пропранололдың теріс хроно-, ино- және дромотропты әсері айқындылығының күшеюі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бүйрек қызметінің бұзылысы туындаған жағдайда дозасын төмендету немесе препаратты тоқтату керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бауыр қызметінің бұзылысы туындаған жағдайда дозасын төмендету немесе препаратты тоқтату керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүйке жүйесі тарапынан: жоғары шаршағыштық, әлсіздік, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, депрессия, жадының төмендеуі, сананың шатасуы, елестеулер, тремор, ашушаңдық, мазасыздық.Сезу мүшелері тарапынан: көз жасы сұйықтығы бөлінісінің азаюы (көздің құрғауы және ауыруы).Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: синустық брадикардия, атриовентрикулярлық блокадалар, аритмиялар, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (декомпенсация), артериялық қысымның төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, ангиоспазм (шеткергі қанайналым бұзылыстарының күшеюі, аяқтардың мұздауы, Рейно синдромы), кеуде қуысының ауыруы.Асқорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу, эпигастрия аймағындағы жайсыздық, іш қату немесе диарея, бауыр қызметінің бұзылуы (холестаз), дәм сезудің өзгеруі.Тыныс алу жүйесі тарапынан: мұрын бітелуі, бронх түйілуі, ринит.Эндокриндік жүйе тарапынан: гипо- немесе гипергликемия, либидо төмендеуі.Аллергиялық реакциялар: қышыну, бөртпе, есекжем.Тері және оның туындылары тарапынан: тер бөлудің күшеюі, псориазға ұқсайтын тері реакциялары, псориаз симптомдарының асқынуы, алопеция.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.