C04AC01 Никотин қышқылы¹ (Nicotinic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Пеллагра, ми қанайналымының ишемиялық бұзылыстары, аяқ-қол тамырларының түйілуі (облитерациялайтын эндартериит, Рейно ауруы), бүйрек тамырларының түйілуі, ұзақ жазылмайтын жаралар, ойық жаралар, қант диабетінің асқынулары (диабеттік полинейропатия, микроангиопатия), гипоацидті гастрит, энтероколит, колит, бауыр аурулары (жедел және созылмалы гепатиттер), бет жүйкесінің невриті.
    Клинические протоколы:
  1. Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
  2. Эмболия и тромбоз аорты и артерий
  3. Отморожения у взрослых
  4. Гнойно-воспалительные заболевания кисти
  5. Криз отторжения почечного трансплантата
  6. Хроническая трансплантационная нефропатия
  7. Вибрационная болезнь
  8. Отморожение у детей

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Никотин қышқылына аса жоғары сезімталдық, артериялық гипертензия (ауыр түрі), атеросклероз, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы (асқыну сатысы), подагра, гиперурекемия, декомпенсацияланған қант диабеті, жақында өткерген миокард инфарктісі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Никотин қышқылын қолдану қант диабетімен ауыратын науқастардың инсулинге деген қажеттілігін арттыруы мүмкін. Глюкозаға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігіне байланысты глюкозаға, сондай-ақ ұзақ терапия нәтижесінде қан плазмасындағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылау мүмкіндігіне байланысты несеп қышқылына мониторинг жүргізу қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді ұрықтануға қарсы дәрілер және изониазид триптофанның никотин қышқылына айналуын төмендетеді. Никотин қышқылы пробенецид, неомицин, барбитураттар, туберкулезге қарсы заттар, сульфаниламидтердің тиімділігі мен уыттылығын төмендетеді. Ципрофибраттты никотин қышқылымен біріктіруге болмайды. Ловастатин, правастатин жағымсыз реакциялар даму қаупінің жоғарылауына байланысты ұсынылмайды. Гипотензивті заттармен біріктіргенде гипотензивті әсері күшеюі мүмкін. Препарат фибринолитикалық заттар, спазмолитиктер және жүрек гликозидтерінің әсерін ықпаландырады. Тиамин хлориді ерітіндісі (тиамин бұзылуы жүреді), пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, эуфиллин, салицилаттар, тетрациклиндер, симпатомиметиктер, гидрокортизонмен араластыруға болмайды. Гипотензивті заттар (гипотензивті әсері күшеюі мүмкін), антикоагулянттар, ацетилсалицил қышқылымен (геморрагия даму қаупіне байланысты) біріктірілімі кезінде сақтық таныту қажет.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Никотин қышқылын ұзақ қолдану бауыр қызметі бұзылысына, бауырдың майлы дистрофиясына, сарғаюға алып келуі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Басқа қан құйылу сезімі, аритмия, тахикардия. Көктамыр ішіне жылдам енгізгенде - артериялық қысымның елеулі төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, коллапс, бас айналуы, парестезиялар, бас ауыруы, бет терісінің және дененің жоғарғы жартысының шаншу және күйдіру сезімімен гиперемиясы, терінің құрғауы, эксфолиативті дерматит, асқын сезімталдық реакциялары, есекжем, бөртпе.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді