C03DA04 Эплеренон (Eplerenone)
Қолдану көрсеткіштері
Пациенттерде өлім және жүрек-қантамырлары аурулары қаупін төмендету мақсатында бета-адреноблокаторларды қолданумен стандартты емге қосымша зат ретінде: сол жақ қарынша дисфункциясының тұрақты клиникалық жағдайларымен (LVEF {сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы} ≤ 40%); жақында өткерген миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерімен.
-
Клинические протоколы:
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Фибрилляция и трепетание предсердий
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық, қан сарысуындағы калий концентрациясы > 6,0 ммоль/л, тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.
Қауіпсіздік шаралары
Миокард инфарктісі анықталғаннан кейін 3-14 күн ішінде бастау ұсынылады. Қан сарысуындағы калий деңгейін препаратпен емдеуді бастағанға дейін, алғашқы апта ішінде және қолдануды бастағаннан немесе дозаны түзеткеннен кейін бір айдан соң анықтаған жөн. Препаратты тоқтатқаннан кейін 25 мг дозада қайталап қолдану, егер қан сарысуындағы калий концентрациясы 5,0 ммоль/л кем болған жағдайда бір күннен кейін қолданылуы мүмкін. Келесі пациенттерге ерекше сақтықпен: егде жастағыларға; қан сарысуында калий концентрациясының жоғарылауында. Бас айналудың дамуы мүмкіндігіне байланысты көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілген: калий сақтаушы диуретиктермен, калий препараттары немесе CYP3A4 күшті тежегіштерімен (итраконазол, кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, кларитромицин, телитромицин, нефазодон); ангиотензин айналдырушы ферменттер тежегіштерімен біріктірілімінде (ААФ) және ангиотензин II рецепторлары антагонисттерімен (АРAII); литий препараттарымен; циклоспориндермен, такролимуспен - гиперкалиемия туындау қаупі; стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік препараттар (СЕҚҚП) - жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін; триметоприммен - гиперкалиемия даму қаупі жоғарылайды; CYP3A4 индукторларымен (рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, шәйқурай тұндырмасы).Гипотензивті әсер және/немесе ортостатикалық гипотензияның даму қаупі жоғарылайды: альфа-1-адреноблокаторлар (празозин, альфузозин); трициклді антидепрессанттар, нейролептиктер, амифостин, баклофен.Антигипертензивті әсердің әлсіреуі (натрий және сұйықтықтың іркілуі): глюкокортикостероидтар, тетракозактид.Үйлесімділігі олардың концентрациясына байланысты препараттар: дигоксин, варфарин - терапевтикалық диапазоны жоғарғы шегіне жақын дозада қолданғанда сақтық таныту керек.Эплеренон концентрациясын жоғарылатады: (CYP3A4 әлсіз немесе орташа тежегіштері) эритромицин, саквинавир, амиодарон, дилтиазем, верапамил және флуконазол. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің жеңіл бұзылыстарында дозасын түзету талап етілмейді. Айқын орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген (креатинин клиренсі < 30 мл/мин).
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің жеңіл немесе орташа бұзылыстарында дозасын түзету талап етілмейді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С тобы).
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: инфекциялар; гиперкалиемия; бас айналуы, синкопе; артериялық гипотензия; жөтел; диарея, жүрек айнуы, іш қатуы; бөртпе, қышыну; бүйрек қызметінің бұзылуы.Жиі емес: пиелонефрит; эозинофилия; гипотиреоз; гипонатриемия, дегидратация, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия; ұйқысыздық; бас ауыруы, гипестезия; миокард инфарктісі, сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі, жүрекше фибрилляциясы, тахикардия; аяқ артерияларының тромбозы, ортостатикалық гипотензия; фарингит; құсу, метеоризм; жоғары тершеңдік; арқаның ауыруы, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынумен болатын құрысулар; холецистит; гинекомастия; астения, әлсіздік; қандағы глюкоза, креатинин, мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы, өсудің эпидермальді фактор рецепторлары деңгейінің төмендеуі.Сирек: ангионевротикалық ісіну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.