C03BA11 Индапамид¹ (Indapamide)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия.
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Амилоидоз почек
- Диабетическая нефропатия
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая сердечная недостаточность
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нефротический синдром
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Гипопаратиреоз
Қарсы көрсеткіштері
Индапамидке, басқа сульфонамидтерге немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық; гипокалиемия.
Қауіпсіздік шаралары
Барлық диуретиктер гипонатриемия/гипокалиемия тудыруы мүмкін, сондықтан егде жастағы пациенттерде, жүректің ишемиялық аурулары, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы натрий және калий деңгейлерін бақылау қажет. Гипокалиемия, сонымен бірге брадикардия ауыр аритмия пайда болуына итермелеуші фактор болып табылады, соның ішінде, өлімге алып келетін "пируэт" типті қарыншалық тахикардияның. Диабет кезінде қандағы глюкоза құрамын бақылау маңызды, әсіресе гипокалиемия жағдайында.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Хинидин, гидрохинидин, дизопирамид, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид, хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифтороперазин, амисульприд, сульпирид, сультоприд, тиаприд, дроперидол, галоперидол, бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин к/і, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин к/і- "пируэт" типті қарыншалық тахикардия; СЕҚҚП, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы тежегіштері және жоғары дозалардағы салицил қышқылы (күніне 3 г жоғары дозалары) - индапамидтің гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі; ААФ тежегіштері, йодқұрамды рентгеноконтрастылы заттар - жедел бүйрек жеткіліксіздігі; амфотерицин B (к/і), глюко- және минералокортикоидтар, тетракозактид, ішек моторикасын ынталандыратын іш жүргізетін заттар - гипокалиемия қаупінің жоғарылауы (аддитивті әсері); баклофен - гипертензияға қарсы әсерінің күшеюі; амилорид, спиронолактон, триамтерен - гипокалиемия немесе гиперкалиемия дамуы (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі немесе диабеті бар пациенттерде). Имипрамин тәрізді антидепрессанттар, нейролептиктер - гипертензияға қарсы әсерінің күшеюі және ортостатикалық гипотензия қаупінің жоғарылауы (аддитивті әсер). Кортикостероидтар, тетракозактид - гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі (кортикостероидтар сұйықтықтың және натрийдің ұсталуын тудырады).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Плазмадағы элетролиттер құрамына бақылау жүргізу қажет. Ағзаның сусыздануы бар пациенттердегі жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі. Егде жастағы пациенттерде тек бүйрек қызметі қалыпта болғанда немесе айтарлықтай емес бұзылған жағдайда жүргізеді. Креатинин клиренсі 30 мл/мин/1,73м² төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қандағы натрий және калий деңгейлеріне мониторинг жүргізу қажет. Бауырлық энцефалопатия дамуы мүмкін, әсіресе электролиттік алмасу бұзылысы кезінде. Алкогольдік циррозда гипомагниемияның қаупі жоғары болады. Бауырлық энцефалопатияда немесе бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: қызыл көтерілген терілік бөртпелер, аллергиялық реакциялар.Жиі емес: құсу, терідегі қызыл нүктелер, дақтар (пурпура).Сирек: шаршағыштық сезімі, бас ауыруы, денедегі шаншу сезімі (парестезия), бас айналуы, ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылыстар (жүрек айнуы, іш қатуы), ауыздың құрғауы.Өте сирек: тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия және гемолитикалық анемия сияқты қан жасушалары өзгерістері, гиперкальцемия, аритмия, гипотензия, бауыр қызметі бұзылысы, панкреатит, ангионевротикалық ісіну, есекжем, уытты эпидермальді некролиз, қатерлі экссудативті эритема, бүйрек жеткіліксіздігі.Жиілігі белгісіз: естен талу, фотосезімталдық реакциялары, жақыннан көргіштік, көрудің нашарлауы, бауыр жеткіліксіздігі жағдайында бауырлық энцефалопатия дамуы мүмкін, гепатит, кейбір зертханалық параметрлердің өзгеруі; электрокардиограммада QT интервалының ұзаруы.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.