C02CA06 Урапидил¹ (Urapidil)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың қандайда бір компонентіне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Пероральді түрін механикалық сипаттағы функционалдық бұзылыстардан туындаған жүрек жеткіліксіздігі кезінде (мысалы, аортальді немесе митральді қақпақшалардың стенозы), өкпе эмболиясы немесе перикард ауруы әсерінен миокард жұмысының нашарлауы кезінде сақтықпен қолдану; егде жастағы пациенттерге. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, бас айналуы, бас ауыруы.Жиі емес: құсу, жүрек қағысы, тахикардия, брадикардия, кеуде қуысында қысылуды сезіну, қажығыштық, жоғары тершеңдік, респираторлы дистресс-синдромы, жүрек қағысының бұзылуы, ортостатикалық гипотензия.Сирек: приапизм, аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе, экзантема), мұрын бітелуі; сирегірек тромбоцитопения, астения, мазасыздық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді