C02AB01 Метилдопа (Methyldopa)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық; моноаминооксидаза тежегіштерімен қатар емдеу; депрессия; феохромоцитома.

Қауіпсіздік шаралары

Гемолитикалық анемия дамыған кезде метилдопаны қабылдауды дереу тоқтату. Қызба, бауыр ферменттері белсенділігінің өзгеруі немесе сарғаю пайда болған кезде препаратпен емдеу курсы дереу тоқтатылуы тиіс. Ісіну үдеген немесе жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының дамуы кезінде метилдопамен емдеуді жалғастыруға болмайды. Ми қантамырларының ауыр екі жақты зақымдануы бар пациенттерде сирек кездесетін жағдайларда хореоатетозды қозғалыстар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтату керек. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқару кезінде сақ болу.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Симпатомиметиктер, трициклді антидепрессанттар, фенотиазиндер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, эстрогенді препараттар - метилдопаның гипотензивті әсерінің төмендеуі.Басқа антигипертензивті препараттар, анестетиктер - метилдопаның гипотензивті әсерінің күшеюі.Литий препараттары - литиймен уыттанудың дамуы.Леводопа - паркинсонға қарсы әсердің төмендеуі және орталық жүйке жүйесіне жағымсыз әсерінің күшеюі.Этанол және орталық жүйке жүйесін тежейтін басқа да препараттар - орталық жүйке жүйесі тежелуінің күшеюі.Антикоагулянттар - антикоагулянттық әсер күшейеді, қан кету қаупі.Бромокриптин - пролактин концентрациясына жағымсыз әсері.Галоперидол - когнитивтік қызметтің бұзылуы - бағыттан адасу және сананың шатасуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Төменгі дозаларда қолданылуы керек. Ауырлық дәрежесі жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (шумақтық сүзілу жылдамдығы ШСЖ минутына > 50 мл) қабылдау арасында 8 сағаттық аралықты сақтау керек, ауырлық дәрежесі орташа бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (ШСЖ минутына = 10-50 мл) 8-12 сағат аралығымен, ауырлық дәрежесі ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (ШСЖ минутына < 10 мл) 12-24 сағат. Метилдопа диализ кезінде шығарылады. Осындай емшарадан кейін гемодиализде жүрген пациенттерде артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Анамнезінде бауыр ауруы немесе қызметінің бұзылуы, бауыр порфириясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Метилдопаны бұрын қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы кезінде қарсы көрсетілген (белсенді гепатит немесе белсенді цирроз).

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: Кумбстың оң тестісі.Сирек: гемолитикалық анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения.Өте сирек: миокардит, перикардит, паркинсонизм, стенокардияның күшеюі, панкреатит, гепатит, бауыр некрозы.Жиілігі белгісіз: сүйек кемігінің бәсеңдеуі, антиядерлік антиденелерге оң тест, LE-жасушалар, ревматоидты фактор, гиперпролактинемия, гинекомастия, галакторея, аменорея, әдетте айқын емес қорқынышты түстер көру, өтпелі психоз немесе депрессия, либидоның төмендеуі, бет жүйкесінің шеткергі парезі, сылбырлық, ырықсыз хореоатетозды қимыл, ми қанайналымы жеткіліксіздігінің симптомдары (мүмкін, гипотензиямен байланысты), бас ауыруы, седация (әдетте өтпелі), апатия, әлсіздік, бас айналуы, парестезия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, синусты брадикардия, ісінулер, дене самағының артуы. Ісінулер және дене салмағының артуын әдетте диуретиктермен емдеуге болады. Егер ісінулер айқынырақ байқалса, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болса, препаратпен емдеуді тоқтату керек, каротидті синус сезімталдығының жоғарылауы, ортостатикалық гипотензия (бұл кезде дозаны төмендету ұсынылады), мұрын бітелуі, колит, құсу, сілекей бездерінің қабынуы, тілдің ауыруы немесе қараюы, жүрек айнуы, іш қату, метеоризм, ауыздың құрғауы, холестаз, сарғаю, бауырдың функциональді сынамаларының бұзылуы, уытты эпидермальді некролиз, экзема, лихеноидты бөртулер, импотенция, эякуляцияның бұзылуы, қанның қалдық азотының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.