C01DA14 Изосорбид мононитраты (Isosorbide mononitrate)

Қарсы көрсеткіштері

Айқын артериялық гипотензия; миокард инфарктісінің жедел сатысы; жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі; жедел қанайналым жеткіліксіздігі (шок, сонымен қатар кардиогенді, қан тамырлық коллапс); гиповолемия; гипретрофиялық обструктивті кардиомиопатия; перикард жолағындағы тампонада; констриктивті перикардит; бас сүйегіне қан құйылу; геморрагиялық инсульт; бассүйек-ми зақымдануы; ауыр түрдегі аортальді және субаортальді стеноз; ауыр митральді стеноз; жабық бұрышты глаукома; айқын анемия; туа біткен лактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактоза жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза мальабсорбция синдромы; өкпенің уытты ісінуі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Дәрілік препарат стенокардияның жедел ұстамаларын шеттету үшін қолданылмайды. Бас сүйек қысымы жоғары науқастарға дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды. Препартты алғашқы қолданған сәтте науқаста құбылмалы қан айналудан жедел қан тамыр жеткіліксіздігі белгілері байқалуы мүмкін. Үздіксіз ұзақ мерзімде жоғары дозада қабылдаудан препаратқа төзімділік даму мүмкін, сонымен қатар нитраттың басқа түрлеріне төзімділік байқалу мүмкін. Сондықтан емдеуде жоғары дозаны қолдануда үзіліспен 24-48 сағат аралық немесе 3-6 апта тұрақты қабылдаудан кейін 3-5 күн үзіліс жасау, изосорбид мононитратын басқа антиангинальді дәрілік заттармен ауыстыру. Тоқтату синдромының дамуын алдын алу үшін препартты қабылдауды біртіндеп тоқтату керек. Қант диабетімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Барбитураттар - қан плазмасында изосорбид мононитраты концентрациясын төмендетеді және биотрансформациясын жылдамдатады.Вазодилататорлар, антигипертензивті заттар, антипсихотикалық заттар (нейролептиктер), трициклді антидепрессанттар, новокаинамид, этанол, хинидин, бета-адреноблокаторлар, кальций антогонистері, дигидроэрготамин - антигипертензивтік әсерін күшейтеді.Амиодарон, пропранолол, кальций каналдарының баяу блокаторлары (верапамил, нифедепин және т.б.), ацетилсалицил қышқылы - антиангинальді әсердің күшеюі.Бета-адреностимуляторлар, альфа-адреноблокаторлар (дигидроэрготамин және т.б.) - антиангинальді әсер айқындылығының төмендеуі (тахикардия дамуы, артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі).М-холиноблокаторлар (атропин)- көзішілік қысымның жоғарылауы.Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелеуші дәрілер - асқазан-ішек жолдарынан изосорбид мононитраты сіңірілуінің төмендеуі.Изосорбид мононитраты норадреналиннің, ацетилхолиннің, гистаминнің терапевтикалық әсерін әлсіретеді.СЕҚҚП - изосорбид мононитраты әсерінің әлсіреуі.Препаратпен алкоголь қабылдау гипотензивті әсерді күшейтеді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

І триместрінде қарсы көрсетілген. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: "нитратты" бас ауыру, бас айналу.Жиі: бөгелу, ұйқышылдық, көздің бұлыңғыр көруі, жылдам қозғалыс және психикалық реакцияларға қабілеттің төмендеуі (әсіресе емнің бастапқы кезінде), бет терісінің өтпелі гиперемиясы, ыстықты сезіну, стенокардия ұстамаларының күшеюі (парадоксальді реакция), ортостатикалық коллапс.Өте сирек: стенокардия асқынуы, брадиаритмия, ортостатикалық гипотензия, рефлекторлы тахикардия, жүрек айнуы, құсу, тілде жеңіл кызу сезімінің пайда болуы, ауыз қуысының құрғауы, аллергиялық тері реакциялары - тері бөртпелері, жабық бұрышты глаукома.Жиілігі белгісіз: эксфолиативті дерматит, төзімділіктің дамуы (соның ішінде, басқа нитраттарға айқаспалы).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді