C01DA08 Изосорбид динитраты¹ (Isosorbide dinitrate)

Қолдану көрсеткіштері

Жүректің ишемиялық ауруын ұзақ емдеуде; стенокардияның алдын алуда; ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігін біріктірілген терапия құрамымен ұзақ емдеуде; өкпелік гипертензия.
    Клинические протоколы:
  1. Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
  2. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  3. Транзиторная ишемическая атака
  4. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  5. Кардиогенный отек легких
  6. Хроническая трансплантационная нефропатия
  7. Перипортальная кардиомиопатия
  8. Стеноз трикуспидального клапана
  9. Хроническая болезнь почек у взрослых
  10. Хроническая сердечная недостаточность
  11. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  12. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  13. Пневмокониоз
  14. Ахалазия кардии
  15. Криз отторжения почечного трансплантата
  16. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  17. Рак поджелудочной железы
  18. Злокачественные новообразования прямой кишки
  19. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді заттарына, нитраттың басқа қосылыстарына немесе құрамына кіретін қосымша заттарға жоғары сезімталдық; қан айналымның жедел жеткіліксіздігі (шок, коллапс); кардиогенді шок; гипертрофты обструктивті кардиомиопатия; констриктивті перикардит; жүрек тампонадасы; ауыр артериялық гипотензия (артериялық систоликалық қысым 90 мм сын. бағ. төмен); ауыр гиповолемия; ауыр анемия; аорта стенозы және/немесе митральді стеноз.

Қауіпсіздік шаралары

Препарат стенокардияның ұстамаларын шеттету үшін қолданылмайды! Бассүйекішілік қысымына байланысты ауруларға; ортостатикалық дисфункция; төзімділіктің дамуы (әсердің төмендеуі), сонымен қатар басқа нитратқа ұқсас заттарға төзімділік. Әсердің төмендеуі немесе әсер етпеуінің алдын алу мақсатында дәрілік препаратты жоғары дозада қолдануды болдырмау; силденафил, тадалафил, варденафил сияқты фосфодиэстераза тежегіштерін қолданбау; туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық, Лапп-лактоза ферменті, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; обструкция нәтижесіндегі жүрек жеткіліксіздігі; салқын тию; гипотиреоз; гипоксемия; тамақтану жеткіліксіздігі; жуырда өткерген миокард инфарктісі; глаукома.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вазодилататорлар, бета-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары, ААФ тежегіштері, нейролептиктер, трициклді антидепрессанттарды немесе алкоголь сияқты артериялық қысымды төмендететін препараттарды бірге қолдану гипотензивті әсерді күшейтуі мүмкін; фосфодиэстераза тежегіштерімен (мысалы, силденафил, тадалафил, варденафил) бірге қолдану - өмірге қауіп төндіретін жүрек-қантамырлық асқынулар, соның ішінде ауыр артериялық гипотония дамуына әкеліп соқтырады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда және тұрақты дәрігер бақылауымен қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы ("нитратты"), ол көбіне препараттың әрі қарай қолданған кезде бірнеше күннен кейін қайтады.Жиі: бас айналуы, ұйқышылдық; тахикардия; ортостатикалық гипотензия (кейде брадикардиямен бірге); әлсіздік сезімі; рефлекторлы тахикардия; астения.Жиі емес: жүрек айнуы, құсу, бөртпе сияқты бет терісінің қызаруы және аллергиялық тері реакциялары; стенокардия асқынуы, коллапс жағдайы, кейде брадикардиямен, синкопэ.Сирек: гипоксемия.Өте сирек: қыжыл; Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы; жабық бұрышты глаукома.Жиілігі белгісіз: гипотензия; парадоксальді брадикардия.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.