C01DA02 Нитроглицерин¹ (Glyceryl trinitrate)

Қолдану көрсеткіштері

Стенокардия ұстамаларын шеттету және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Аневризма брюшной аорты
  2. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  3. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  4. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  5. Гипертензивный криз
  6. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  7. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  8. Кардиогенный отек легких
  9. Миокардиты
  10. Недостаточность митрального клапана
  11. Артериальная гипертензия у беременных
  12. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  13. Перипортальная кардиомиопатия
  14. Стеноз трикуспидального клапана
  15. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  16. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  17. Ахалазия кардии
  18. Криз отторжения почечного трансплантата
  19. Хроническая трансплантационная нефропатия
  20. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  21. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  22. Рак поджелудочной железы
  23. Злокачественные новообразования прямой кишки
  24. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Нитраттарға жоғары сезімталдық, шок, коллапс, артериялық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм с.б. төмен, диастолалық АҚ 60 мм с.б. төмен); сол жақ қарыншаның толтыру қысымы төмен жедел миокард инфарктісі, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, констриктивті перикардит; бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (соның ішінде геморрагиялық инсультте, жақында болған бас жарақатынан кейін), гиповолемия; көзішілік қысымның жоғарылауымен жабық бұрышты глаукома; брадикардия (минутына 50 соғудан аз); церебральді ишемия; жүрек тампонадасы; біріншілік өкпелік гипертензия; өкпенің уытты ісінуі; аортальді стеноз, митральді стеноз; анемия.

Қауіпсіздік шаралары

Төмендегі жағдайларда сақтықпен қолдану: бақыланбайтын гиповолемияда, өкпе артериясының қалыпты немесе төмен қысымымен жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда, ауыр анемияда, гипертиреозда, ми қан айналымы бұзылуында, аорталық стенозда, өкпенің уытты ісінуінде және айқын церебральдық атеросклерозы бар пациенттерге, егде жастағы пациенттерге. Емделу кезеңінде алкогольді қабылдауға болмайды. Жиі қолданған кезде дағдылану (толеранттылық) дамып, оның емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Стенокардияның жедел ұстамасын тиімді басуға қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек. Жоғары зейін қоюды талап ететін көлік құралдарын және механизмдерді басқаруда нитроглицерин қабылдау реакция жылдамдығын төмендетуге алып келуі мүмкіндігін ескеру керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Силденафил, тадалафил, варденафил және басқа ұқсас препараттар - бірге тағайындауды болдырмау (ауыр артериялық гипотонияның дамуы).ААФ тежегіштері, алпростадил, ангиотензин II антагонисттері, бета-блокаторлар, альфа-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары, диуретиктер, жалпы анестетиктер, антидепрессанттар, антипсихотикалық заттар, леводопа және гипотензивті әсері бар басқа препараттар - гипотонияның күшеюі.Гепарин - антикоагулянтты әсердің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бұзылыстарында сақтықпен.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен (метгемоглобинемия даму қаупі).

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Қолданудың қаупі туралы белгісіз.

Емізу

Қарсы көрсетілген.Тек ықтимал пайда қауіптен асатын болса ғана.

Жағымсыз әсерлері

Постуральді гипотензия, тахикардия (сондай-ақ парадоксальді брадикардия туралы хабарланады); цианоз, бозаңқылық, метгемоглобинемия; тері жабындарының гиперемиясы, қызуды сезіну; көрудің бұлыңғырлануы, бастың солқылдап ауыруы, бас айналуы; әлсіздік сезімі, үрейлену, психотикалық реакциялар, тежелу, бағыттан адасу; сирегірек жүрек айнуы, құсу, қыжыл, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, диарея; аллергиялық реакциялар, соның ішінде тері бөртпесі, қышыну; анафилактикалық шок; қозғыштық, көру бұзылыстары, талмалар, гипотермия; уақытша гипоксемия; өте сирек жабық бұрышты глаукома.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.